Көлік түрлерін білесің бе? Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 7-бөлім: Көлік және жол белгілері

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Құлжаева Ботакөз Жүнісқызы

Сынып: 5 Т1

Қатысқан оқушылар саны: 10

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Көлік түрлерін білесің бе?

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты

Интербелсенді тәсілдер арқылы оқушының дұрыс сөйлеуін дағдыландыру

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О3.Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату.

Ж2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру

 Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Оқушылар жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама құрастыруды біледі.

Жарнаманың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшелігін ажыратуды біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Оқушылар жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама құрастырып жаза алады.

Мәтіннен жарнаманың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшелігін ажырата алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Оқушылар жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтайды.

Жарнаманың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшелігін ажыратады.

 Бағалау критерийі

-Жанрына сай жарнама жаза алады.

-Құрылымына сай жанрлық ерекшелікті ажырата алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Қажетті ақпаратты анықтап, өмірмен байланыстыра алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Жол белгілері, сақтану, көлік түрлері, көлікті жарнамалау, экология т.б.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

«ПОПС» формуласы

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама құрастыруды біледі.

Жарнаманың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшелігін ажыратуды біледі.

Жүзеге асырылатын мектеп құндылықтары

  • Ынтамақтастық
  • Өмір бойы оқу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, жаратылыстану

Алдыңғы оқу

ӘТН 4.1 Грамматикалық нормалар.

Менің күнде көретін жол белгілерім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

  • Автокөліктің бірінші шыққан елін білесіздер ме?(Европада, Франция 1769 - 70 ж. бумен жүретін двигатель шықты)
  • Қазіргі замандағы автокөліктің ең үлкен жылдамдығы қандай?
  • Жарысқа қатысатын автокөліктердің жылдамдығы қандай?(300 км/сағ.)(Гоночные 1020 км\сағ.

Фигураларға қарай топқа бөлу, үшбұрыш, дөңгелек, шаршы астында жол белгілерінің фотосы бар.

 

-Балалар, бұл жол белгілері нені білдіреді?

-Біз жол белгілері болмаса, жолдан қалай өтуіміз керек?

-Өмірде жол белгілерінің қаншалықты маңызы бар?

Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру;

Фото суреттер

Сабақтың ортасы

3 минут

5 минут

5 минут

10 минут

5 минут

10минут

«Блум таксономиясы» арқылы жүзеге асырылады.

Оқылымалды тапсырма

  • Суреттерден нені көріп тұрсыз?
  • Қоғамдық көліктегі осындай жарнамаларды жиі кездестіресіз бе?
  • Көліктегі жарнаманы оқисыз ба?
  • Сіздің ойыңызша мұндай жарнамалар керек пе?

Топтық бағалау

Топтар жарнамаға қойылатын талаптарды ескере отырып, жарнама жазбас бұрын бағалау критерийін бірлесе құрады, топтар бірін-бірі бағалайды.

Бағалау критерийі:

-жарнаманың 2 ұтымды тұсын, 1 жақсартатын тұсын көрсетеді.

ТЖ.

Ж.Оқылым тапсырмасы

Оқушыларға қоғамдық көліктегі бірнеше жарнамалар ұсынылады.

(оқылым материалы №1 қосымшада)

  • Білу

Мәтінге тақырып қойыңыз.

ЖЖ

1-мәтін http://kz.teahouse.kz/press/promo/_assam_shay_sauda_markasinan_shay_shu_g2/

2-мәтін

http://ortalyk-kaz.kz/publ/leumet/ajaldamada_a_paratty_ta_ta/4-1-0-8175

Оқушылар жұпта оқиды.

Сұрақтарға жауап береді, жұпта талқылайды.

  • Жарнама кімдерге арналған?
  • Жарнаманы түсіну қиын ба, жеңіл ме?
  • Жарнаманың негізгі ерекшеліктері қандай екенін атаңыз.
  • Түсіну

Мәтіндегі негізгі ойды бір сөйлемге сыйғызып айтыңыз.

Бағалау «Бас бармақ»

ЖЖ.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Мұғалім топтарға бірнеше көлік түрін, сол көлікке қатысты ақпаратты ұсынады.

Тапсырма

  • Қолдану

Көліктің ерекшеліктерін атап шығыңыз ?

  • Шыққан жылы
  • Пайдасы
  • Ерекшелігі

Оқушылар көлік туралы ақпаратты пайдаланып, жарнама мәтінін жазуы керек (№2 қосымшада берілген).

Тапсырма

Суреттегі көліктерді жарнамалаңыз.

  • Анализ

Көліктерді жарнамалау үшін қандай тәсілді қолдануға болады?

Бағалау критерийі:

Жарнаманың қызметі:-тауардың өтімділігін арттыру;

Жарнаманың ерекшелігі:-насихаттылығы;-тартымдылығы;-үнемділігі;-мазмұндылығы;

Мысалы

Сергіту сәті

жер су әуе темір жол

Осы сөздерге қарай оқушылар білген көлік түрлерін жіктеп айтып шығады (кеме, ұшақ, велосипед, т.б.)

  • Синтез

Көліктердің көбею салдарынан ғаламдық экологиялық мәселесінің қаупі туралы ойланып көрдіңіздер ме?

  • Бағалау
  • Экологиялық пайдалы көлік түрлері қаншалықты қолданылып жүр, қалай ойлайсыз?
  • Көлік жүргізушісі жол ережелерін дұрыс ұстану үшін не істеу қажет?

«Автор орындығы» әдісі бойынша оқушылар орындығында отырып сұраққа өз ойын білдіреді.

Кері байланыс «Бағдаршам»

Қызыл түс - түсінген жоқпын

Сары түс- әлі де сұрақтар бар

Жасыл түс – барлығы түсінікті

Флипчарт

маркер

http://kz.teahouse.kz/press/promo/_assam_shay_sauda_markasinan_shay_shu_g2/

http://ortalyk-kaz.kz/publ/leumet/ajaldamada_a_paratty_ta_ta/4-1-0-8175

Сабақтың соңы

3 минут

Бағалау

Бағалау критерийімен бағалау, оқушыларға өзін-өзі критерийге қарай бағалату.

Үйге тапсырма:

Жол ережелерінің белгісі мен мағынасын біліп келу (кемінде 3 белгі)

стикер

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттарына сай тапсырмалар мен бағалау критерийлері құрастырылды. Жоспарға өзгеріс ендірудің қажеттілігі болмады.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

ӘБ жетекшісі: күні:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу