Менің күнде көретін жолбелгілерім. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары.


4Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 8

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Көпбосынов Б.К.

Сынып: 5 Т1

Қатысқан оқушылар саны: 20

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Менің күнде көретін жолбелгілерім

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

ӘТН4.3. Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Сын есімнің шырай түрлерін айтылымда, жазылым жұмысында қолданады.

Жол қауіпсіздігіне қатысты белгілерді сын есім шырайларымен сипаттайды.

Көптеген оқушылар:

Сын есімнің шырай түрлерін таба алады.

Жол қауіпсіздігіне қатысты карта жасайды.

Кейбір оқушылар:

Сын есімнің шырай түрлерін бір-бірінен ажыратады.

Жол қауіпсіздігіне қатысты мысалды өмірмен байланыстырады.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

 Бағалау критерийі

  • Сын есім шырайларын түсінеді.
  • Шырай түрлеріне нақты мысалдар келтіре алады.
  • Ең қажетті жол белгілерін ажырата алады.

 Күтілетін нәтиже

Оқушылар сын есім шырайларын қолдана отырып, жазылым жұмысына дайындық жүргізеді.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

тым үлкен, аса қауіпті, қауіпсіздеу, жақынырақ, алыстау, жап-жақын т.с.с.

Сабақта жүзеге асырылатын құндылықтар

Жауапкершілік,ынтымақтастық, құрмет, т.б.

Пәнаралық байланыстар

Жол картасын сызу барысында география пәнімен байланыстырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға берілетін тапсырмалар үшін презентация қолданылады.

Алдыңғы оқу

Алдығы сабақта энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу дағдыларын меңгерген болатын.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

10 минут

3 минут

Қызығушылықты ояту

«Кім көп біледі?» ойыны

Мұғалім әртүрлі жолбелгілері бар карточкаларды көтереді. Оқушылар қол көтеріп, ол белгілердің мағынасын түсіндіреді.

«Салыстыру әдісі»

Жұптық жұмыс

Мұғалім әртүрлі көліктердің, ғимараттардың, көшелердің суреттерін жұптарға беріп, көлемін салыстыруды тапсырады.Салыстыру барысында сын есім шырайларын қолдана білуге жетелейді.

Топтық жұмыс

«Сократ әдісі».Оқушылар «Жай шырай», «Салыстырмалы шырай», «Күшейтпелі шырай», «Асырмалы шырай» деген төрт топқа бөлінеді.

Мұғалім алдымен сын есім шырайлары жайлы шағын мағлұмат беріп, топтарға атауларына сай сын есім шырайларын бөліп береді. Оқушылар өз тақырыптарына сай көптеген мысалдар тауып, оны өзге топтарға түсіндіреді. Әр топтан екі оқушы спикер болады. Қалғандары сағат тілімен өзге топтарды аралайды. Спикерлер отырған күйінде өздеріне келген өзге топ мүшелеріне тақырыптарын түсіндіреді.

Сын есімнің шырайлары – сын есімнің біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы.

  • Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.
  • Салыстырмалы шырай заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.
  • Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.
  • Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.

Бағалау критерийі:

  • Сын есім шырайларын түсінеді.
  • Нақты мысалдар келтіре алады.

Жеке жұмыс

Оқушылар өздерінің тұратын жерінен мектепке дейінгі жолдың картасын дәптерге сызады. Оқушылар картаны сызып, жол бойында орналасқан жол белгілерін еске түсіріп орналастырады. Егер мектепке дейін жол белгілері болмаса, ойдан жазуға болады.

  • Жолдағы қауіпті жерлерді белгілейді.
  • Сын есім шырайларын қолдана отырып, жол белгілерін салыстырады.Мысалы: тым үлкен, аса қауіпті, қауіпсіздеу, жақынырақ, алыстау,жап-жақын т.с.с.

Картаның үлгісі:

Бағалау критерийі:

  • Ең қажетті жол белгілерін ажырата алады.
  • Шырай түрлерін орынды қолдана алады.

Мұғалім эссе жазу талаптарын түсіндіреді.

Эссе жазу талаптары:

Эссе жазуда әрдайым құрылымды сақтау керек (кіріспе, негізгі, туынды);

Кіріспе бөлімде көбінесе анықтама беріледі, тақырыпқа қатысты сұрақ қойылады, позиция ұсталынады;

Негізгі бөлімде тақырыпқа қатысты пікір білдіріледі, одан кейін аргумент келтіріледі, ол аргумент талданады, жинақталады. Содан кейін барып, тақырыпқа қатысты екінші пікірді білдіруге болады... Мүмкіндігінше, 2-ден артық аргумент келтірудің қажеті жоқ, себебі одан көп болса, тақырыпты аша алмай қалуыңыз мүмкін.

Қорытынды бөлімде тақырып қорытындыланады, ұсыныс айтылады (ұрандатылмайды, жаңа ақпарат берілмейді).

  • Эссенің сөз санын қатаң сақтау керек (сөз санынан 10 сөз артық, кем бола алады. Алайда одан артық емес).

Тақырыптан ауытқуға болмайды.

А3 парағы

маркер

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс «Бір сөйлеммен түйіндеу»

Оқушылар бір сөйлеммен сабаққа кері байланыс жасайды.

Үйге тапсырма: «Жол қауіпсіздігін қалай сақтауға болады?» тақырыбында сын есім шылайларын қолдана отырып, 80-100 сөз көлемінде эссе жазыңыз.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу