Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 10

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Оқушы саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Сабақ түрі

Өткен материалды жүйелеу

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту

Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру.

 Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар кемінде бір-бір оқшау сөздерді пайдаланып, бейнежазбаға сәйкес диалог құра алады.

Көптеген оқушылар оқшау сөздерді орнымен, еркін пайдаланып, бейнежазбаға сәйкес диалог құра алады.

Кейбір оқушылар: жұмыста шығармашылық танытып, рөлге еніп, креативті қойылым ұсынады.

 Бағалау критерийлері

Коммуникативтік жағдаятқа сай оқшау сөздерді қолданып, диалог құра алады.

Тілдік мақсаттар

Қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді қолдану

Осыған дейін меңгерілген білім

Осы мәнмәтін аясында оқушылардың жазылым дағдысы дамытылған.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

10 минут

Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу.

Сыныпты түгелдеу.

Бірдей суреттер бойынша 4 топқа бөлу, суреттерге қарап болжам жасату.

Қызығушылықты ояту

Оқушылар тобына балапан туралы ертегінің бейнетаспаның үнсіз (даусын өшіріп қойып) түрін ұсыну.

Сыныпқа сұрақ:

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, оқиға не туралы болды?
  • Кейіпкерлер бір-біріне не айтты?

3-4 оқушының пікірі тыңдалған соң, сабақтың мақсаттары белгіленіп, бағалау критерийлері талқыланады.

1-2 слайдтар

Сабақтың ортасы

дайындық+ таныстырылым+бағалау= 25 минут

5 минут

Мағынаны тану

Т/А6 Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру.

1 тапсырма. Топ болып кеңесіп, кейіпкерлердің диалогтерін құрыңыздар. Рөлге бөлініп, үнсіз бейнетаспаға үн беріңіздер.

Бағалау критерийлері:

- диалогте кемінде 1 қыстырма сөз қолданды;

- диалогте кемінде 1 қаратпа сөз қолданды;

- диалогте кемінде 1 одағай сөз қолданды;

- креативті диалог құрды.

Бағалау.

Әр топтың қойылымын, өз үлгісін тыңдау.

(Тыңдау барысында топтар бір-бірінің ұқсамайтын тұстарын белгілеп алады. Ұнайтын тұстарымен бөліседі.

Барлық нұсқалар тыңдалған соң, бейнежазбадағы ертегіні тыңдап, екеуін салыстырып, айырмасы бойынша талқылау жүргізіледі).

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

Сыныпқа сұрақ:

- Балалар, ал біз қоршаған ортаға, ата-анамызға қандай пайда келтіре аламыз?

Тыңдалымдағы негізгі ойды жалғастырып, «Бұл өмірде менің қолымнан қандай жақсылық келеді?» тақырыбындағы өз пікірін білдіру диалогіне дайындықсыз қатысады.

(Диалогте осы бөлімде алған ақпараттарын кең түрде қолдана алады).

МЖ

3 слайд

4 слайд

Сбақтың соңы

3 минут

Іс-әрекетке рефлексия

Оқушылар сабақты қаншалықты меңгергендігі туралы ойланады.

5 слайд

осымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған.

Топтық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар басқаларға қолдау көрсетеді деп күтілуде. Қажет жағдайда олар мұғалімнің көмегіне жүгіне алады.

Сабақта оқушылар бір-бірінің жұмыстарына жетістік критерийлері бойынша баға береді. Мұғалім бақылау жүргізеді, тапсырмалардың орындалу деңгейі бойынша оқушыларға кері байланыс береді.

Сабақ табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау, қоршаған ортаға пайдалы болу туралы; ол биология, экология, өзін-өзі тану пәндерімен байланыс табады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жоспар іс жүзінде әлі тәжірибеден өткен жоқ.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу