Қазақстан жерінде өсетін пайдалы өсімдіктер. Қазақ тілі, 5 сынып, презентация. 7 сабақ
Сабақтың тақырыбын анықта
Ой қозғау
Берілген суреттер не туралы деп ойлайсыз?
Суреттерді өзара байланыстырсақ қандай тақырып шығады?
Берілген суреттің астарында қандай мағына жатыр?
Оқу мақсаты
Ж4 Эссе жазу: Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу
ӘТН 1 Орфографиялық норма:
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:
жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы эссе жазады, орфографиялық норманы сақтап жазады.
Көптеген оқушылар:
эссенің бөлімдерін сақтай отырып, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы эссе жазады, орфографиялық норманы сақтап жазады.
Кейбір оқушылар:
эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы эссе жазады, орфографиялық норманы сақтап жазады.
Бағалау критерийлері
Жазылым мақсаты бойынша:
эссе құрылымын сақтайды;
тақырыптан ауытқымайды;
эссе жазады.
Әдеби тілдік норма бойынша:
орфографиялық норманы сақтайды;
емлелік қателер жібермейді.
«Ойлан-жұптас-бірік»
Жануарлар мен өсімдіктерді не үшін қорғау қажет?
Жануарлар мен өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
Өсімдіктер мен жануарларды қорғау үшін не істеу қажет?
Өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын қандай іс-шараға куә болдыңыз?
Эссе құрылымы
Кіріспе бөлім
1.Жалпы ой
2.Тезистік ой
Кіріспе бөлімі 2 ойдан тұрады:
Жалпы пікір – оқырман көңілін аудару мақсатында жазылады және бірнеше сөйлемнен тұруы мүмкін;
тезистік пікір – эсседегі талқыланатын негізгі ойлардан тұрады және ол тақырыптық сөйлемге ұқсайды. Яғни оқырманға эссе мазмұны туралы жалпы идеяны береді.
Негізгі бөлім – бір немесе бірнеше абзацтан тұрады. Әр абзацта бөлімдерге бөлінген тақырыпшалар дамытылады, ойлары талқыланып ашылады. Олардың саны бөлінген тақырыпшаларға байланысты.
Қорытынды бөлім
Негізгі ойларды қорытындылау және бір тұжырымға келу
Қорытынды бөлім- негізгі бөлімде талқыланған мәселелерді қорытып, бір тұжырымға келген сөйлемдерден тұрады.
Сонымен қатар, эсседе ойдың бірізділігі сақталуы тиіс. Жалғаулық шылаулар мен есімдіктер (сілтеу, жалпылау, т.б.) де орынды қолданылуы қажет.
Мысалы:
Тақырыптық сөйлем:
1.Майлы тағамдар асқазанға зиян.
Қолдаушы сөйлемдер:
2.Тағам ретінде оларды көп қолдану оның бұзылуына әкелуі мүмкін.
3.Кейбір жағдайларда семіздікке әкеліп соқтырады
4.Сонымен қатар, жүрек-қан тамырларына да әсері бар
Қорытынды сөйлем:
5.Денсаулықты күтудің ең басты жолдарының бірі – майлы тағамдарды аз қолдану
Эссе тақырыбы:
«Жануарлар мен өсімдіктерді қалай қорғауға болады?»
Бағалау критерийлері
Жазылым мақсаты бойынша:
эссе құрылымын сақтайды;
тақырыптан ауытқымайды;
эссе жазады.
Әдеби тілдік норма бойынша:
орфографиялық норманы сақтайды;
емлелік қателер жібермейді
Кері байланыс
сабаққа қандай мақсат қойылды?
біз сабақ мақсатына жеттік пе?
сабақ мақсатына жетуде қандай қиындықтар туындады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?