Өсімдіктер әлемі. Қазақ тілі, 5 сынып, презентация. 3 сабақ
Сіздер пайдалы өсімдіктерді білесіздер ме? Олар несімен пайдалы?
Өсімдіктер әлемі
Сабақтың мақсаты
Мәтін мазмұнын түсініп, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады;
Омоним, синоним сөздерді орынды қолданады.
Бағалау критерийлері
Тыңдалым, айтылым мақсаты бойынша:
қарапайым, анықтауыштық сұрақтар құрастырады.
Әдеби тілдік норма бойынша:
сөздердің синонимдерін табады, омонимдерді түсіндіреді.
Тақырыпқа байланысты тірек сөздер: ат, ақ, бас, ауыр, бөл, от, жас, қыс, тән, мал, қанат, қала, т.б.
төзімді, ұшар басы, бағалы, жер бетіндегі, сусымалы, өзіне тән т.б.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
менің ойымша..., мен бұл пікірмен келісемін / келіспеймін
Өсімдіктерді мұқият қарап, иісі, түр-түсі бойынша атын анықтай аласыздар ма?
Оқитын мәтініміз не туралы болатынына болжам жасаңыздар.
Бұл өсімдіктерді халқымыз қандай мақсатта пайдаланғанын білесіздер ме?
1-тапсырма. «Қазақстан шөлдерінде қандай өсімдіктер өседі?» тақырыбындағы мәтінді оқыңыз.
2-тапсырма. Бірнеше қарапайым, тағы бірнеше анықтауыштық сұрақ құрастырыңыз.
1. Қарапайым сұрақтар - жадының жұмыс істеуіне, нақты фактілерді білуді талап ететін сұрақтар. Кім? Не? Қашан? Қайда? деген сұрақтарға жауап беруді сұрайды.
2. Анықтауыш сұрақтар - дәл мәтіндегідей емес, оқығанын түсініп, обьектілерді салыстыру, негізгі идеяны анықтауды мақсат ететін, «Менің түсінгенімше», «Сізді дұрыс түсіндім бе?» деген сияқты сұрақтар.
Сұрақтарды қаншалықты дұрыс құрастырғандарыңызды жұпта кілт бойынша бағалаңыздар.
Рефлекторлық экран
Менде бәрі сәтті шықты ...
Мен үйрендім ...
Сабақта мен орындай алдым ...
Бәрінен маған ұнағаны ...
Бәрінен маған қиын болғаны ...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?