Жануарлар әлемі. Күштілер мен әлсіздер дос болуы мүмкін бе? Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 сынып (Т1)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

4-бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Сабақтың тақырыбы

№ 4 сабақ. Жануарлар әлемі. Күштілер мен әлсіздер дос болуы мүмкін бе?

Сабақтың түрі

Бекіту

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А4 Негізгі ойды анықтау

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды;

ӘТН 2 Орфоэпиялық норма

Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:1) тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды түсінеді; 2) сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ықпал заңдылықтарын біледі;

Көптеген оқушылар: 1) жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды; 2) сөйлеуде сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сүйенеді;

Кейбір оқушылар: 1) мәтіннің негізгі ойын өз бетінше анықтайды; 2) сөз ішіндегі және сөз аралығындағы үндестік заңдылықтарға сәйкес айта біледі.

Бағалау критеийлері

Тыңдалым, айтылым мақсаты бойынша:

тыңдалым мәтініндегі негізгі ойды анықтай алады;

Әдеби тілдік норма бойынша:

үндестік заңдылықтарын сақтайды.

Тілдік міндеттер

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша..., мен бұл пікірмен келісемін / келіспеймін

Осыған дейін меңгерілген білім

Жануарлар, өсімдіктер әлемі

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, биология

АКТ-мен байланыс

интерактивтік тақта

Құндылықтармен байланыс

достық, өзара көмек

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз дер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

Сәлемдесу, сабаққа дайындық.

Бейнематериал тамашалау.

Сұхбат: - Ал сіздер жануарлардың қандай да бір ерекшелігін білесіздер ме?

Сабақтың тақырыбын болжау.

Сабақтың мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу.

https://www.youtube.com/watch?v=tMF6iiPp5J0

Сабақтың ортасы

35 минут

Мағынаны тану

1.Тыңдалымалды тапсырма:

Мұғалім оқушыларға тышқан, арыстан, достық, сөздеріне сәйкес келетін суреттер беріп, жетекші сұрақтар арқылы оларды өзара байланыстырып, тыңдалымға дайындық жүргізу, болжам жасату жұмысын ұйымдастырады.

Мысалы: -Ал сіздер жануарлардыңарасында достық болатынына сенесіз бе? Қандай да бір мысалдар келтіре аласыз ба?

2.Тыңдалым тапсырмасы:

«Арыстан мен тышқанның достығы жайында» ертегіні тыңдау.

Бейнежазбаны бөліктерге бөліп тыңдау.

Тыңдалған мәтін бөлімі бойынша жетекші сұрақтар беру:

-Арыстан неге тышқанды өлтірмекші болды?

Арыстан тышқанды неге өлтірмеді?

-Тышқан арыстан туралы не ойлады?

-Арыстан неге жылады?

-Арыстан кімнен көмек сұрады?

-Арыстан кімге, не үшін риза боп рақмет айтты?

-Мұндай оқиға өмірде кездесуі мүмкін бе?

-Тышқан неге арыстанға көмек берді?

-Арыстан мен тышқанның ісіне баға беріп көріңіз.

- Мәтіннің негізгі ойы қандай?

3. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

Тыңдалған мәтін аясында «Күштілер мен әлсіздер дос болуы мүмкін бе?» деген тақырыпта өздерінің ойларымен пікіралмасу жүргізіледі. Пікір алмасу барысында бірнеше сөйлемді бөліп алып, сөз бен қосымша аралығындағы үндестік заңдылығына талдау жасалады. Мысалы:

Табиғатта күштілер мен әлсіздердің достығы жиі кездеседі.

«Төрт сөйлем» тәсілі /Топтық жұмыс/

1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңізді бір сөйлеммен білдіріңіздер.

2. Дәлел. Өз пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер.

3. Мысал. Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар.

Бағалау критерийлері:

Сөйлеу барысында үндестік заңдылықтарын сақтайды;

Ойын жүйелі, дәлелді жеткізіп, қорытынды жасайды.

https://www.youtube.com/watch?v=YaTPyh51toQ

Сабақтың соңы

5 минут

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ф бағалау

Пәнаралық байланыс: әдебиет, биология

АКТ-мен байланыс: интерактивтік тақтаҚұндылықтармен байланыс: достық, өзара көмек

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу