Отбасы – тәрбие негізі. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: А.Ж. Копеев

Сынып: 5 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер

Сабақтың тақырыбы

Отбасы – тәрбие негізі

Сабақтың түрі

Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

ӘТН3.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.

Сабақтың мақсаты

Мәтіннің мазмұнын түсіну үшін сұрақтар құрастырады, көркемдегіш сөздер қолданады.

Барлық оқушылар:

Жіңішке сұрақтар қоя алады, омоним, антоним, синоним қатарын біледі.

Көптеген оқушылар:

Жуан сұрақтар қоя алады, тура және ауыспалы мағынаны ажыратады.

Кейбір оқушылар:

Жоғары деңгейдегі сұрақ құрастырады, лексикалық сөздерді орынды қолдана алады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтін мазмұны бойынша жіңішке сұрақтар құрастырады.
  • Мәтін мазмұны бойынша жуан сұрақтар құрастырады.
  • Лексикалық қолданысты біледі.

Дескриптор

  • 3 жіңішке және 3 жуан сұрақ қояды;
  • тура және ауыспалы мағынаны ажырата алады;
  • омоним, антоним, синоним сөздерді қолданады;

Тілдік міндеттер

Әңгіме, кейіпкерлер, идея, отбасы, әке, ана, шие, қанағат ету және т.б.

Құндылықтар

Сыйластық

Осыған дейін меңгерілген білім

Дәстүрлер

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 мин

 Оқушылармен амандасады, сабаққа дайындығын тексереді.

 Мұғалім: Оқушылар, мына суретке қарағанда қандай ой келеді? Осы сурет арқылы тақырыбымызды болжап көрейікші.

 

 Сілтеме: 1-слайд

 Мғалімнің жетекші сұрақтары:

  • Суретте кімді көріп тұпсыңдар?
  • Әкесі мен баласы не істеп жатыр?
  • Ал шешесі ше?
  • Осы суретке қарап, ата-аналары балларына тәлім-тәрбие беріп жатыр деп айтуға бола ма?

Мұғалім: Оқушылар, бүгінгі тақырыпты дұрыс болжап айта алдыңыздар. Расында да, отбасында баланың тәрбиелі болуы үшін ата-ананың рөлі үлкен, сол себепті бүгінгі тақырыбымыз «Отбасы – тәбие негізі» болмақ.

 Осыдан кейін мұғалім сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстырады.

 Сілтеме: 2-слайд

Слайд №1

Слайд №2

Сабақтың ортасы

5 мин

20 мин

 Мағынаны тану.

 Мұғалім оқылым мәтінін берместен бұрын мәтінде кезедсетін сөздердің мағынасын анықтап алады

 Оқылымалды тапсырма.

 Мұғалім:

  • Оқушылар «егін», «егістік» дегеніміз не?
  • «Таға» дегеніміз не?
  • «Ұста» дегеніміз кім?
  • «Қанағат», «азға қанағат ету» деген мағынаны не білдіреді?

 

 Оқылым тапсырмасы.

 Төмендегі мәтінді оқи отырып, мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

 Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты.

  • Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп.

Бала әкесіне:

  • Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, - деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.

 Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардың ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені оң шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:

  •  Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріліп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, - деді.

 Мұғалім: Оқушылар, мәтінді оқып болғаннан кейін гүлдің ішіне жуан және жіңішке сұрақтар құрастырыңдар. Сұрақ құрастыру кезінде пайдаланылатын мәтіндегі сөздердің орнына синоним, омоним, антоним мағынасындағы сөздерді қолданыңыздар.

Жіңішке сұрақтар

Жуан сұрақтар

«f” бағалау. Мұғалімніңкері байланысы

Қима қағаз

Сабақтың соңы

5 мин

 Мұғалім: Оқушылар бүгінгі сабақта өздеріңізге қатты әсер еткен тұсы, қиындық тудырған мәселе, өздеріңіздің ұсыныстарыңыз туралы рефлексия қағазына жазыңыздар.

Рефлексия:

Маған әсер еткен тұсы

Маған қиындық тудырғаны

Ұсынысым

Слайд №3

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Оқушының барлығы мәтіннен есімдіктерді таба алады..

Оқушылардың көбісі хат жаза алады.

Кейбіреулері өзіндік стильде жаза алады.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Жұмыс нәтижесі жетістік критерийлері арқылы бағаланады.

Пәнаралық байланыс – тарих, география.

Отбасы құндылықтары.

Отан – отбасынан басталады.

Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік танытты.

Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері жүзеге асты.

Келесі сабақта креативтілік принципін қолдануға болады. Оқушылар отбасындағы қандай заманауи дәстүр мен мерекелерді енгізуге/өзгертуге болады деген сұрақ төңірегінде ойланады.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. Жіңішке сұрақтарға жауап бере алды.

2. Омоним, синоним, антоним сөздерді ажырата алды.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. Сөздік қорларын дамыту

2. Тура және ауыспалы мағыналарды ажырату.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Отбасы тақырыбына қатысты ақпарат жинау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу