Кенже ұл- қара шаңырақ иесі. Қазақ тілі, 5 сынып, дидактикалық материал.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
Бағалау критерийлері:
1. мәтін мазмұнын түсінуге бағытталған сұрақтар құрастыра алады.
2. нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады.
Дескрипторлар:
1.Мәтіннің ой бөліктерін ажырата алады.
2.Мәтіндегі нақты ақпаратты анықтайды.
3.Сөздердің синонимін біледі.
- Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Оқушының аты жөні:_________________________________________________________
Оқылым .
Шаңырақ – қазақ танымында киелі ұғым. Отау болып, үй тігуді «шаңырақ көтеру» дейміз. «Шаңырағың биік болсын!» деп ізгі ниетімізді білдіріп те жатамыз. Баршамызға белгілі «шаңырақ» сөзі «үй, отбасы» деген мағынаны білдіреді. Халқымыздың ұғымында шаңыраққа ие болу кез келгенге бұйырмас бақыт. Ата-анасының ақ батасын алып, сол шаңырақтың түтінін түзу түтетуге бар ықыласымен тырысады. Өйткені шаңырақ – киелі мекен.
Қазақ отбасында кенже ұл – қара шаңырақ иесі. Қазақта кенже ұл ерекше мейіріммен өседі. Оған бала күнінен «шаңырақтың иесі» деген ұғымды құлағына құйып өсіреді. Атадан қалған ұяның жылылығын ұстау шаңырақ иесі – кенже балаға жүктелер міндет.
Әрбір ата-ана әр баласын саналы болса екен деп тілейді. Оның ішінде кенже балаға ерекше ықыласпен қарайды. Отбасының ұйытқысы болатын да сол кенже бала. Қара шаңырақтың іргесінің берік болуы тікелей «кенже балаға» байланысты. Қара шаңырақ –үлкен үй, ата-ананың үйі. Әдетте, қара шаңыраққа отбасының балалары, туыстары жиналады. Кенже баланың үлкен бауырлары қамқорлықпен қарайды. Кенже келіннің де атқарар міндеті зор. Шаңырақ пен ондағы әрбір құндылық кенже баланың арқасында өз жалғастығын үзбейді.
Оқылым кезіндегі тапсырмалар:
1-тапсырма.
Мәтіндерді ой бөліктеріне бөліп, ат қойыңыз.
2-тапсырма. Әр ой бөлігіне қойылған тақырыпшаларды абзацтармен сәйкестендіру тапсырмаларын құрастырыңыз.
Мына сөздердің мәтіннен синонимдерін тауып, жұбыңа сұрақ қой.
мықты-
ойлы-
перзенттері-
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?