Кенже ұл- қара шаңырақ иесі. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Р.Л. Даулеткалиева

Сынып: 5 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер.

Сабақтың тақырыбы

Кенже ұл- қара шаңырақ иесі

Сабақтың түрі

Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

ӘТН1 Орфографиялық норма. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу. (сөздік диктанты)

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: мәтін мазмұнын түсінеді.

Көптеген оқушылар: мәтін мазмұнын түсінуге бағытталған және нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады.

Кейбір оқушылар: Сөздердің синонимін тауып, талқылауда өз пікірін сенімді білдіреді.

Бағалау критерийлері

1. мәтін мазмұнын түсінуге бағытталған сұрақтар құрастыра алады.

2. нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады.

Дескриптор

1.Мәтіннің ой бөліктерін ажырата алады.

2.Мәтіндегі нақты ақпаратты анықтайды.

3.Сөздердің синонимін біледі..

Тілдік міндеттер

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар: сенің ойыңша, қателеспесем, қорыта келе, менің пайымдауымша, бағытталған. Сабақта қолданылған мақал-мәтелдер.

Құндылықтар

Отбасы құндылықтары. Отбасы тәрбиесінің дұрыс берілуі. Кенже ұлдың міндеттері.

Пәнаралық байланыс

әдебиет

Осыған дейін меңгерілген білім

Тыңдалым дағдысын дамытуға арналған отбасы туралы мәтінмен жұмыс істеді. Тыңдаған мәтіндері бойынша сұрақтарға жауап берді.

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

1.Ұйымдастыру.

Сөздік диктанты жазылады. Оқушылар жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді бір бағанға бөліп жазады.

Сөздік диктанты

Кенже ұл, қара шаңырақ, иесі, құндылық, міндет, туыс, ата-ана, үлкен үй, отбасы, келін, отағасы.

Осы сөздер арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері, дескрипторлар талданады.

№1 слайд

Сабақтың ортасы

35 мин

Оқылым алды тапсырмасы.

Сұрақтарға жауап беру:

Қара шаңырақ дегенді қалай түсінесіңдер?

Қазақ отбасындағы қандай дәстүрлерді білесіңдер?

Ең кенже баланың отбасындағы міндеті не деп ойлайсыңдар?

Оқушыларға мәтін таратылады. Оқушылар мәтін мазмұнын түсініп оқиды.

Шаңырақ – қазақ танымында киелі ұғым. Отау болып, үй тігуді «шаңырақ көтеру» дейміз. «Шаңырағың биік болсын!» деп ізгі ниетімізді білдіріп те жатамыз. Баршамызға белгілі «шаңырақ» сөзі «үй, отбасы» деген мағынаны білдіреді. Халқымыздың ұғымында шаңыраққа ие болу кез келгенге бұйырмас бақыт. Ата-анасының ақ батасын алып, сол шаңырақтың түтінін түзу түтетуге бар ықыласымен тырысады. Өйткені шаңырақ – киелі мекен.

Қазақ отбасында кенже ұл – қара шаңырақ иесі. Қазақта кенже ұл ерекше мейіріммен өседі. Оған бала күнінен «шаңырақтың иесі» деген ұғымды құлағына құйып өсіреді. Атадан қалған ұяның жылылығын ұстау шаңырақ иесі – кенже балаға жүктелер міндет.

Әрбір ата-ана әр баласын саналы болса екен деп тілейді. Оның ішінде кенже балаға ерекше ықыласпен қарайды. Отбасының ұйытқысы болатын да сол кенже бала. Қара шаңырақтың іргесінің берік болуы тікелей «кенже балаға» байланысты. Қара шаңырақ –үлкен үй, ата-ананың үйі. Әдетте, қара шаңыраққа отбасының балалары, туыстары жиналады. Кенже баланың үлкен бауырлары қамқорлықпен қарайды. Кенже келіннің де атқарар міндеті зор. Шаңырақ пен ондағы әрбір құндылық кенже баланың арқасында өз жалғастығын үзбейді.

Оқылым кезіндегі тапсырма.

Оқушылар шеңбер ойынын ойнайды. Олар ішкі шеңбер, сыртқы шеңберде тұрып, оқыған мәтіндерінің мазмұнына байланысты сұрақтар қояды. Ішкі шеңбердегілер сыртқы шеңберде тұрғандарға сұрақтар береді. Кейін ауысады.

ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы.

1-тапсырма.

Мәтіндерді ой бөліктеріне бөліп, ат қояды.

2-тапсырма. Әр ой бөлігіне қойылған тақырыпшаларды абзацтармен сәйкестендіру тапсырмаларын құрастырады.

ҚБ. Жұптар бір-бірімен алмасады. Кері байланыс береді.

3-тапсырма.

Оқушыларға мәтінге байланысты (мықты,ойлы,перзенттері) сөздері беріледі. Олар мәтіннен осы сөздердің синонимін тауып, басқа оқушылардын жауабын білу үшін сұрақтар құрастырады.

ҚБ. (Дұрыс жауаптар бойынша оқушылар бір -бірінің жұмыстарын тексереді.)

Оқылымнан кейінгі тапсырмалар.

Оқушыларды топқа бөлу. Отбасына байланысты мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

1-топ. Ағайын тату болса, ат көп,

Абысын тату болса ас көп.

2-топ. Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

3-топ. Балалы үй базар, Баласыз үй қу мазар.4-топ. Атаның көңілі балада, Баланың көңілі далада.

Оқушылар топта отбасындағы кенже ұлдың міндеттерін кеңірек талқылайды? Өзіндік ойларын білдіреді.

( Мысалы, ата- анадан қалған мұраны сақтау, қадірлеу, жаңарту, бауырлары келгенде жақсылап қарсы алу т.б).

(Мұғалім әр топты тыңдап, кері байланысын беріп отырады).

Мәтін және сұрақтар

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың кері байланыстарындағы ұсыныстарды келесі сабақта ескереді. «Бес саусақ»

1.Дамытқан дағдым -

2.Кедергі -

3.Қиын сөз-

4.Көңіл күйім-

5.Кімге көмектестім?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Барлық оқушылар: мәтін мазмұнын түсінеді.

Көптеген оқушылар: мәтін мазмұнын түсінуге бағытталған және нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады.

Кейбір оқушылар: Сөздердің синонимін тауып, талқылауда өз пікірін сенімді білдіреді.

Кері байланыс арқылы, яғни сұрақтар беру арқылы

Әдебиет сабағымен байланыс бар.

Отбасы құндылығы туралы түсінігін кеңейтеді.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар мәтінмен жұмыс жасады. Оқылым дағдысын дамытты. Дифференциациялық тапсырмаларды қолдандым.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. таңдалған ресурс көздері

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу