Отбасы-тәрбие бастауы. Қазақ тілі, 5 сынып, дидактикалық материал.
Сілтемелер:
1. http://ife.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1055:aza-otbasynda-y-d-st-rler-men-salttardy-sa-tajy&catid=34:karaganda&Itemid=254&lang=kz
2. http://martuk.aktobe.gov.kz/kk/node/8955
1-топ.
2015 жылдың 11 қыркүйегінде «Отбасы күні» мерекесіне орай Качир ауданының Оқушылар үйінің ынта білдіруімен «Менің сүйікті отбасым» атты мерекелік байқау өтті. Мақсаты – отбасылық құндылықтарды қоғамдағы бірлік пен келісімнің негізі ретінде, неке және отбасының позитивті келбетін қалыптастыруды, отбасы статусын көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Байқауға үш отбасы қатысты: Завгородныйлар 10 жасар Илья атты ұлымен, Распаевтар 8 жасар Диана атты қызымен, Денещик 8 жасар ұлы Артеммен. Байқау шарты бойынша қатысушы-отбасылар дамытушылық, шығармашылық және спорттық сайыстарда, тапсырмаларда бақ сынасу керек болды. «Отбасылық портрет», «Отбасы», «Халық даналығы», «Тату отбасы», «Балалар театры», «Біз үшін үй тұрғызу түк те емес», «Арман үйі» атты байқаулар өте қызықты құлшыныспен өтті. Өз қолдарымен тоқыма жіптен қуыршақ даярлау байқауы қатысушылар арасында үлкен сүйіспеншілікке ие болды.Іс-шараға 50-ден астам кішкентай көрермендер қатысты. Өз сезімдерін дауыстап қошеметтеумен, бәрі бір дауыспен ұрандарды айқайлаумен көрсетті. Байқау арасындағы үзілістерде көрермендермен түрлі қозғалыс ойындары жүргізілді. Әділқазылардың пікірінше мұндай мереке өте қажет, әсіресе жылма-жыл өткізілетіні қуантады. Отбасы күні Қазақстандағы басқа мерекелер арасында лайықты орын алады, себебі кез келген мемлекет отбасынан басталады. Байқау соңында барлық қатысушыларға және белсенді көрермендерге сыйлықтар мен тәттілер таратылды.
2-топ.
Қарағанды қаласы «Шаңырақ» отбасылық тәрбиелеу орталығының бастамашылығымен ашылған №3 емхана жанындағы «Отбасылық қатынастар мектебінде», болашақ ата-аналарға арналған семинар-тренингтермен қатар, жас ұрпақтың санасына отбасы мәртебесін, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді нығайтуға бағытталған өзге де ағарту шаралары жүргізіледі.
Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырушылар «Қырқынан шығару» мерекелік іс-шарасын өткізді. Мақсаты – қазақ отбасында ғасырлар бойы жүргізіліп келе жатқан дәстүр, баланың туғанына 40 күн толғанда жасалатын салтты жас отбасыларға көрсету.
Қазақ отбасында жаңа туған нәрестеге құрмет көрсетумен байланысты салттар мен дәстүрлер көптеп сақталған, олар әдемі және әрбір отбасы үшін маңызды.
Бүгін, әрбіреуіміз үшін уақыт көз ілеспес жылдамдықпен өтіп бара жатқан кезеңде, жастардың барлығы бұл салттарды зерделеуге уақыт таба бермейді. Әрине, отбасында бұл туралы айтатын және осы салт-дәстүрлерді өздері бас боп жүріп жасайтын әжелер болса, нұр үстіне нұр. Бірақ, өкінішке орай, әрбір отбасы бұндай отбасылық дәстүрлерді бұлжытпай орындаймыз деп айта алмайды. Сондықтан, ұйымдастырушылар жас отбасылардың назарын олардың өміріндегі маңызды оқиғаларға, соның ішінде, перзент сүю секілді айтулы оқиғаға аударайық деп шешті, және бұл күні осы салтты көрсету үшін, нәрестелі болғанына 40 күн толған жас ата-аналарды, аға ұрпақ – балалары мен немерелері бар әжелерді, сондай-ақ қала жастарын шақырды
3-топ.
Отбасы-қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Елбасы «Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген болатын. Осы орайда мемлекет басшысы отбасындағы тәрбиеге аса мән беріп отыр. Барлығына белгілі – бұл әлемдегі шынайы байлық – ол отбасы. Тек қана отбасы бізге күш пен өзімізге деген сенімділік береді, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, адамгершілік құндылыққа баулиды. Тұлға болып қалыптасу көбінде тәрбиеленген ортаға, адамдарға, олардың арақатынасына тәуелді болады. Бір сөзбен айтқанда, отбасы - барлық рөлдері бөлініп қойылған қоғамның шағын моделі болып табылады, әрбір рөлдің шебер орындалуына «отбасылық сюжеттің» дамуын үнемі байқап жүретін кішкентай ғана адам өмірі байланысты.
Алғаш рет аталып отырған мереке күні аудандық Мәдениет үйінде «Отбасы – өмір айнасы» атты үлкен шара болып өтті. Осындай маңызы зор мерекемен аудан әкімінің орынбасары Бұлбұл Күзембаева құттықтады.
-Біз бүгін үлкен мерекеге куә болып отырмыз. Елбасы белгілеген айтулы күн еліміз үшін мәні зор. Өйткені, әрбір жанұя қаншалықты берік болса, мемлекетіміз де соншалықты мықты болмақ. Отбасы мерекесі – бұл түсінісу мен көмектесу, ересектер мен балалар арасындағы достық, жақын жүректердің бірлесу мерекесі. Тәрбие көзі отбасынан басталатындықтан, сіздерге шынайы отбасылық бақыт, шаңырақтарыңызға бірлік пен береке, шаттық тілеймін, - деп, тілегін жолдады. Мерекеге әр бағыттағы, яғни, ұзақ жылдар тату өмір сүріп келетін үлгілі отбасылар, бір салада ұрпағымен еңбек етіп жүрген әулеттер және жас отау иелері шақырылды. Аталған шара отбасылардың танысу үлгісінде өтті. Келген әрбір отбасының презентациясы мазмұны мен құрылысы бойынша түрлі, қызықты, тамаша көрініс тапты.
4-топ.
– Шуақты шаңырақ тірегі -ұлттық құндылықтар,-дейді «Жыл адамы» марапатының, «Құрмет» орденінің иегері, облыстық мәслихаттың депутаты, белгілі диқан, Еркебұлан МӘМБЕТОВ
– Еркебұлан Нұрмағамбетұлы, Мемлекет басшысының Жарлығымен осымен 2-ші рет ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде озып шыққан отбасылар сахна төріне шығарылып, айрықша ықылас көрсетілді. Рухани тәлім-тәрбиесі зор конкурсқа алғаш қатысушы ретінде не айтар едіңіз?
– Еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларын қамтыған шара қысқа мерзім ішінде жалпыхалықтық байқауға айналғанын, қамтылу аумағының кеңейе түскенін байқау қиын емес. Елбасының «Отбасы күніне» орай Қазақстан тұрғындарына арнаған құттықтауында байқауда бақ сынағандардың саны былтырғыға қарағанда 2 есеге өсіп, 80 пайызға жуығын ауылдықтар құрағаны атап өтілді. Шынында да, конкурсқа 319 отбасы мен 19 этнос өкілдерінің қатысуы назар аударарлық факт. Қазақстандық патриотизмге, елдікке, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелейтін, сыйластық, қайырымдылық, мейірімділік секілді адами ізгі ниеттерге үндейтін мәдени-танымдық мән-мағынасы өте зор мұндай шараның кең қанат жайып, дәстүрге айналғаны сүйсінтеді. Әр отбасы Президентіміз алға қойған міндеттерді шешуге бір кісідей жұмылып, атсалысатын болса, экономикамыз өркендейді, еліміз гүлденеді. Қазақ халқы отбасы құндылықтарын ерекше бағалаған. Өнегелі салт-дәстүрлерді үлгі етіп, кейінгі ұрпаққа аманаттап отырған. Ата-бабаларымыздың осындай тағылымдарын отбасының негізгі тірегіне айналдырған үлгілі шаңырақтар елімізде көп екені осы жолы да анық аңғарылды. Отағасы мен отанасы ұлын ұяға, қызын қияға қондырғанда дені сау, білімді, еңбекқор, кісілігі де, кішілігі де мол, жақсыдан үйренетін, жаманнан жиренетін ұрпақ тәрбиелей білсе, Отан, қоғам игілігіне қосқан өзіндік үлесі болар еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?