Неке және отбасы. Қазақ тілі, 5 сынып, дидактикалық материал.


Таратпа материалы

Қазақстанның Заңнамасы Неке мен Отбасы туралы не дейді?

 Ерлер мен әйелдердің нәсілге, ұлтқа немесе діни сеніміне қарай ешқандай шектеусіз некеге тұру және отбасын құру құқығы жалпыға бірдей танылған қағидат болып табылады.

 Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, ана болу, әке болу және балалық шақ мемлекеттің қорғауында» деп жазылған.

 Қазақстан Республикасының әйелдер мен кәмелетке жетпегендерді қорғау саласындағы қазіргі заманғы заңнамасы халықаралық құжаттардың талаптары мен стандарттарына бағдарланады және некеге тұрудың ерікті және еркін қағидатын қамтамасыз етеді.

 ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес некеге тұрудың мынадай шарттары бар:

 - некеге тұратын еркек пен әйелдің еркін және толық келісімі;

 - олардың неке жасына толуы.

 Ешкім де Сізді некеге тұруға мәжбүрлей алмайды – Қазақстан заңнамасы осылай дейді. Отбасын құратын еркек пен әйелдің өзара еркін келісімін олар еркін және тәуелсіз түрде айтуға тиіс.

 Некеге тұрған кезде бұл бірінші кезекте маңызды болатын жағдай. Ал осы некені тіркеуші адамға болашақ ерлі-зайыптылардың біреуі қарсы екені белгілі болса, неке тіркелуі мүмкін емес. Некеге тұруға еркін түрде шешім жасалуын адам өзі растауы керек. Ешқашан да неке қиюды сенім білдірілген адам арқылы, туыстары немесе достары арқылы жүзеге асыруға болмайды.

 Некеге еркін тұру некелесетіндердің отбасын құруға өзара және саналы түрдегі дайын екендіктерін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен бірге ол кімнің тарапынан болса да физикалық немесе психикалық түрде зорлық жасап мәжбүрлеудің жоқтығын да білдіреді.

 

Тапсырма. Отбасы және некеге тұруға сен тағы қандай өз шарттарыңды қояр едің?

«Неке және отбасы» Кодексіндегі шарттар

Менің ұсынар шарттарым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СҰРАҚ ҚҰРАСТЫРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

 Сұрақ сабақтың барлық кезеңінде кездеседі. Жоғары деңгейлі сұрақтар оқушыларды сыни ойлауға жетелесе, төмен деңгейлі сұрақтар оқушылардың ойлауын тежеп қана қоймай, кейбір оқушылардың шығармашылық ойлауын шектеп, қиындық тудыруы мүмкін.

 

 

 

 

 

Мұғалімдер зерттеуді, талқылау мен өзара іс-қимылды қалыптастыру үшін, ал оқушылар оқығандарын анықтау үшін сұрақтар қоюы мүмкін.

 Сабақтың сапалы болуына бірден-бір ықпал ететін маңызды дағдылардың бірі сұрақ қоя білу деп жүрміз, ендеше сол сұрақтарды сабақтың әр кезеңіне сай тиімді қолданып жүрміз бе?

 Мұғалім де, оқушы да белгілі бір мәселені талдауда сұрақ қоюдың нақты бір жүйесін біле бермегендіктен, сұрақ қоюда немесе жауап беруде болсын, көп кедергілерге кездесіп жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Ешкім саған дос, ешкім саған жау емес, бірақ әрбір адам сені үйретуші»

 Сократ

 Мұнда сабақ оқушыларды ойландыру үшін ойластырылған сұрақтар арқылы оқытылады, оқытудың барлық кезеңінде қолданылады. Мұғалім сократтық әдіспен оқыту үшін бірнеше сұрақ түрлерін құрастыра алады:

 «Сократ» әдісі қалай жүреді?

  • Не айтқыңыз келетінін жазып алу қажет(тезис түрінде)
  • Сол тезисіңізді сұраққа айналдырыңыз.
  • Неден бастау керек? Ойыңыз сұхбаттасып отырған адамды тарту үшін әңгіменің басын қызықты ұйымдастырыңыз.
  • Белсенділікті өз қолыңызға алыңыз. Сұрақ қоюды өзіңіз бастаңыз.

«Сократ» әдісін қолдануға арналған кеңестер

  • Диалогқа бағыттайтын негізгі сұрақтарды ойластырыңыз.
  • Ойлануға уақыт беріңіз, кем дегенде 30секунд. Оқушылардың жауаптарын қадағалаңыз.
  • Қосымша ақапараттарды алуға сұрақтарды қойыңыз (тақырыпты нақты, терең аша түсу үшін)
  • Талқылаудың маңызды (кілтті) деген тұстарын жазып алып отыру.
  • Талқылауға анағұрлым көп оқушыны қатыстырыңыз.
  • Мұғалім қосымша сұрақтарды бере отырып, оқушыларға білімді өздігінен алуға мүмкіндік жасауы керек.

 

 

Мухамбедьярова Мирамкул Саниевна

Онбасиева Шұғыла Асқарқызы

Қазақ тілі сабағында сұрақ қою техникасы

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу