Отбасы және отбасы мүшелері. Қазақ тілі, 5 сынып, дидактикалық материал.
Таратпа материалы
Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
Отбасында әр ата-ана мен баланың өз құқықтары мен міндеттері болады.
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің белгілі бір ерекшеліктері болады:
1. Ата-аналардың өз балаларына қатысты тең құқықтары бар және теңдей міндеттер жүктеледі. Бұл ретте баланың тіркелген некеде немесе некесіз туғанының мәні жоқ.
2. Ата-аналар құқықтарының уақыты шектеулі. Бала кәмелетке толған кезде немесе кәмелетке толмаған бала іс-әрекетке толық қабілетті болғанда, ата-аналарлың құқықтары мен міндеттері тоқтатылады.
3. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырған кезде бала мүддесі басым болуы сақталуы керек.
4. Ата-аналар басқа адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқықты болады. Баланың мүддесі бұзылған жағдайда ғана бұл ережеден бас тартуға болады.
Әрбір бала ішкі және халықаралық заңнама нормаларына сәйкес отбасылық қатынастар саласында мынадай құқықтарға ие:
• тегін, атын, әкесінің атын алуға;
• отбасында тұрып, тәрбие алуға, өзінің ата-анасын білуге; егер бала ата-анасынан немесе олардың біреуінен бөлек тұратын, сондай-ақ ата-анасы әр түрлі мемлекеттерде тұратын болса, ата-анасымен және басқа да туыстарымен араласуға;
• қажет болған жағдайда өз отбасымен қосылуға – елге кіруге және одан шығуға рұқсат алуға;
• өз ата-анасынан және отбасының басқа мүшелерінен қолдау көмек, қаражат алуға;
• ата-ана және олардың орнындағы адамдар тарапынан, сондай-ақ, егер де бала ата-ана қамқорлығынсыз қалатын болса, мемлекет тарапынан қамқорлық көруге; ата-ана және олардың орнындағы адамдар тарапынан абырой-беделінің сақталуына және оны өз мақсаттарына қолданудан қорғауға;
• ата-аналарымен, әжесімен, атасымен, аға-інілерімен, апа-қарындастарымен, өзге де туыстарымен араласуға құқытары бар.
Синквейн (француздың «бес» деген сөзіне шыққан) – белгілі бір тақырыптағы оқу материалын бірнеше сөзбен баяндауға мүмкіндік беретін амал.
Синквейн жасау ережелері:
1.Бірінші жолда бір сөзбен тақырып белгіленеді (зат есіммен).
2.Екінші жолда – тақырыпты екі сөзбен сипаттау (сын есіммен).
3. Үшінші жолда – осы тақырып шеңберіндегі әрекеттерді үш сөзбен сипаттау (етістік, үстеу).
4. Төртінші жолда – тақырыпқа деген көзқарасты білдіретін, төрт сөзден тұратын сөз (әр түрлі сөз таптары).
5. Бесінші жолда – бір сөз, тақырыптың синонимы.
Үлгілік жауаптар:
1. Отбасы
2. Үлкен, ынтымақты
3. Сүйеді, аялайды, көмектеседі
4. Отбасы – бұл өмірлік құндылық
5. Жанұя
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?