Отбасындағы әже тәрбиесі. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп:Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Құрманғалиева Г.Ғ.

Сынып: 5 (оқыту тілі қазақ тілінде)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер

Сабақтың тақырыбы

Отбасындағы әже тәрбиесі

Сабақтың түрі

Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу.

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

ӘТН5. Пунктуациялық норма.Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.

Сабақтың мақсаты

Оқылым материалдары бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

Төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану

Бағалау критерийлері

  • Мәтіндегі негізгі ақпаратты іріктей алады;
  • Көлемді мәтін негізінде жинақы мәтін жазады;
  • Төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолданады

Дескриптор

  • Сабақтың тақырыбын анықтайды;
  • Әже тәрбиесі туралы ой бөліседі;
  • Мәтінді таныса оқиды;
  • Мазмұнына сәйкес тақырып қояды;
  • Көлемді мәтінді қысқартады;
  • Кейіпкерлердің ойын төл сөз арқылы жеткізеді;
  • Жұмыс нәтижесін бағалау критерийлері арқылы өзара бағалайды.

Тілдік міндеттер

Дәстүр, құндылық, тәрбие, бұлдыр-бұлдыр, әулет, ақылдың кені, өткеннің шежіресі, дана адам, мейірімді жан, әулеттің ұйытқысы, бұлдыр-бұлдыр.

Құндылықтар

Отбасы құндылықтары. Әже тәрбиесінің ерекшелігі.

Осыған дейін меңгерілген білім

«Киім.Сән.Талғам» бөлімі бойыншасөздік қор және дағдыларды дамыту

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Амандасу. Сыныпты түгендеу. Сыныпта ынтымақтастық ахуалын тудыру.

Дерек

көздер

Сабақтың басы

5 мин

1-қадам. Берілген ұғымдар бойынша тақырыпты болжап көреді.

ақылдың

кені

өткеннің шежіресі

дана

адам

мейірімді

жан

әулеттің ұйытқысы

2-қадам. Осы тіркестер арқылы бүгінгі сабақтың мазмұнын, орындалатын жұмыстарды болжам жасап көреді, топқа бөлінеді

Мұғалім оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырады.

Үлестірме материалдар

Сабақтың ортасы

7 мин

5 мин

15 мин

3 мин

Оқылымалды сұрақтар:

1-топқа:

  • Қазақ отбасында бала тәрбиесімен кімдер айналысады?

Ықтимал жауап: ана, әке, әже.

2-топқа: Бұрынғы кездегі және қазіргі кездегі бала тәрбиесі қандай?

Ықтимал жауап: Бұрынғы кезде анасы үйде отырған, қазір жұмыста көп уақыт өткізеді. Қазір күтуші жалдайды.

3-топқа: Әженің тәрбиесін көрген қандай ұлы тұлғаларды атай аласыңдар?

Ықтимал жауап: Мысалы, Абай, Шоқан, Нұрсұлтан.

4-топқа: Әже тәрбиесін көрген бала әдетте қандай болады?

Ықтимал жауап: ақылды, сабырлы, байқампаз.

5-топқа: Әже сөзін сипаттайтын сын есімдер атаңыз.

Ықтимал жауап: мейірімді, елгезек, ақылды, парасатты, сабырлы, байқампаз, сезімтал, жанашыр, жаны сұлу, рухы мықты, жайдары, т.б.

Мұғалімнің кері байланысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын-абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың  тәрбиешісі әрі ақылгөйі.

Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

Оқылым тапсырмасы:

Мәтінді түсініп оқы.

.......Құлағы мүкіс тартқан кәрі әжесінің ең бір жақсы көретін немересі Абай-ды. Оны есінен шығармай, дұғасына кіргізіп, тілеуін тілеп отыратын......

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді......

Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты. Онысы, әсіресе әжесі. Одан қала берсе – шешесі.

Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұрады.

Сонда ол ойланып отырып:

– Е-е......Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрыңғыда кім өткен? – деп кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесін тізесінен ақырын қағып:

– Е-е......Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? – деп тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді.

Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген» - бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды. Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Және ол көбінесе өлеңді сөзді жиі айтады. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, білдірмей, сақтап жүрген зейініне таңқалады. Екі анасын көңілдендіріп тағы айтқызу үшін кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен «Жүсіп-Зылиқа» сияқты қиссаларды оқып береді. Әндетіп, мақамдап қояды......

Зере Абайдың кітапқа қойған ықыласын байқап, бір күні кешке:

– Қарағым, осының ақыл. Ішкен мен жегенге мәз болып, мойны-басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба?

Осы ала қағазыңнан айрылма! Ұқсама аналарға! – деген.

Әжесі кітап қадірін жақсы айтқанға Абай риза болып, жаңағы сөзден соң күн сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды. Шешелер, малшылар, балалар боп, баршасы телміре тыңдайтын.

М.Әуезов. «Абай жолы»

(269 сөз)

  • Мәтін нешінші жақтан баяндалады? Мәтіннің негізгі кейіпкері кім?
  • Кейіпкер үшін әженің рөлі ерекше. Не себепті?
  • Әженің әңгімелері «Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен?» басталатын. Халық ауыз әдебиетінің бұл үлгілері не себепті осы жолдармен басталған деп ойлайсың?
  • Кейіпкер әжесінің аузынан қандай әңгімелерді естіді?
  • Отбасындағы әженің рөлі қандай деп ойлайсың?

Оқылымнан кейінгі кезең.

Қазақ отбасындағы әженің рөлі туралы мәтіннің кейіпкері Абай мен оның әжесінің диалогін жаз. Диалог барысында мәтінде баяндалған ақпаратты негізге ал, жазу барысында төл сөздің пунктуациялық ережелерін сақта.

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар:

ӘЖЕ сөзімен синквейн (5 жолдық өлең) жазады

2 сөз-сын есім

3 сөз-етістік

1 сөйлем

1 сөз-синоним.

Кері байланыс: «+ - қызықты»

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Оқушының барлығы мәтін мазмұнын түсінеді, лексикалық минимумды тілде орынды қолданады. Мәтіндегі негізгі ақпаратты іріктей алады.

Оқушылардың көбісі мәтінді ықшамдай алады, төл сөзде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.

Кейбіреулері мәтінді компрессиялауда өзіндік стильді қолданады.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Жұмыс нәтижесі жетістік критерийлері арқылы бағаланады.

Пәнаралық байланыс – тарих, әдебиет

Отбасы құндылықтары.

Әже тәрбиесінің ерекшелігі.

Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік танытты.

Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері жүзеге асты.

Келесі сабақта креативтілік принципін қолдануға болады. Оқушылар отбасындағы әженің рөлін көрсету үшін жағдаяттық сахналық көрініс қоя алады.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:таңдалған ресурс көздері

2:топтық жұмыс

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: жұптық жұмыс формасын қолдану

2: мәтінді бөліп беру

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Төл және төлеу сөзін жазуда қойылатын тыныс белгілері бойынша тәжірибе жұмысына көбірек көңіл бөлу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу