Киіну. Сән. Талғам. Оқшау сөздер. Қазақ тілі, 5 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ


«Киіну. Сән. Талғам. Оқшау сөздер» бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Пәні: Қазақ тілі Т1

Сыныбы: 5

Бөлім / Тақырып

2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам.

Сабақтың оқу мақсаттары

Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру

Ойлау дағдыларының өлшемі

Қолдану

Оқушыға берілетін тапсырма

С.

Қыздарға арналған қандай киім түрлерін кездестірдіңіздер?

– Қандай ер балаларға арналған киім үлгілерін байқадыңыздар?

– Қандай әшекей түрлері сөз болады?

Төмендегі кестені толтыру тапсырылады.

Қыздарға арналған киім атаулары

Ұлдарға арналған киім атаулары

Әшекей атаулары

1

2

3

Бағалау критерийі:

Әр түрінен кемінде 3 киім атауын жаза алады.

Топтық жұмыс.«Сәнбике немесе сәнгер болғың келе ме?» тақырыбында пікірталас ұйымдастыру. Әр топтан 1 сарапшы тағайындалады.

Сарапшылық бағалау.

Бағалау критерийі:

Дайындықсыз диалогке түсу;

Ойын дәлелді көркем (2 теңеу,2 эпитет қолдану) жеткізу.

Жұптық жұмыс. Бейнефильм материалын пайдалана отырып, сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып шығады.

Мәтін

... бай Алдардың тоңудың орнына өлең айтып келе жатқанына таң қалып, сөзге тартты. Сондықтан да Алдар көсе байға ... солай жауап берген шығар. ... бай мақтанқұмарлығының себебінен аты мен тонынан айрылды. ... Алдар өлең айтып, байдың назарын өзіне аударды. ... тоңбау себебін қызықтыра түсіндірді. ... байдың шешінуіне себепкер болды. ... байдың бәйбішесі оны «тоналған» деп шошып кетті. Бай болса – өміріне риза.

Тапсырма. Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою.

Керекті сөздер: Алдымен, біріншіден, ал, меніңше, ақырында, мүмкін, екіншіден.

Оқушылар жаттығуды орындап болған соң, топпен бірге талдайды. Керекті сөздердің қыстырма сөздер екендігіне назар аударып, тыныс белгісін еске түсіреді.

Бағалау критерийлері:

Қыстырма сөздерді орнымен қолданады;

Екі сөзден қателесуі мүмкін.

Қыстырма сөз  – сөйлемдегі ойға айтушының көзқарасын білдіретін оқшау сөздің бір түрі.

Ой тәртібін білдіреді

Қуанышаяушылықөкінішті білдіреді

Растаутеріске шығару мағынасын білдіреді

Ойдың кімненшыққанын білдіреді

Күмәндіойды білдіреді

біріншіден,екіншіден, алдымен,ақырында

бақытына қарай,амал қанша, өкінішке орай

сөз жоқ, әлбетте, шынында, бәсе

меніңшеоның айтуынша

сірә, мүмкін, бәлкім

Сынып оқушылары қыстырма сөздерді қатыстырып, дайындықсыз ауызша диалог құрастырады.

С. «Қазіргі жастардың сән киімі қандай?» деген тақырыпта дөңгелек үстелде пікір алмасады. Олардың қыстырма сөздерді қолданып сөйлеуіне басты назар аударылады.

Бағалау критерийі

  • Дайындықсыз диалогке түсу;
  • Ойын дәлелді көркем (2 теңеу, 2 эпитет қолдану) жеткізу
  • Қыстырма сөздерді орнымен қолданады;
  • Екі сөзден қателесуі мүмкін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу