Сиқырлы тон. Үндестік заңы. Қазақ тілі, 5 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ


«Киіну. Сән. Талғам. Үндестік заңы» бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 5

Бөлім/Тақырып

2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам

Сабақтың оқу мақсаттары

ӘТН 2 Орфоэпиялық норма

Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу

Ойлау дағдыларының өлшемі

Қолдану

Оқушыға берілетін тапсырма

Орфоэпиялық норма сөздердің үндестік заңына сай дұрыс айтылуы. Үндестік заңы: буын және дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі(сингармонизм) сөздің бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып жалғануы.

Дыбыс үндестігі дыбыстардың  бір-біріне әсер етіп, үйлесе, үндесе айтылуы. Ауызекі сөйлеу кезінде дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ыңғайласа айтылады. Мысалы: жанбады - жамбады, жанған - жаңған. Айтылуда б дыбысының әсерінен (б айтылуы жағынан ерін дыбысы) н дыбысы еріндік м дыбысына өзгерсе, екінші мысалда ғ тіл арты дыбысы н тіл алды дыбысын ң тіл арты дыбысына ауыстырып тұр.Дыбыс үндестігін «ықпал» деп атайды. Ықпалдың  қазақ тілінде үш түрі бар.  1) Ілгерінді ықпал қатар келган екі дыбыстың алдыңғысының соңғысына әсер етуі. Мысалы: Қарагөз – Қаракөз2) Кейінді ықпал – қатар келган екі дыбыстың  соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа  әсер етуі. Мысалы: аяқ – аяғы, төк – төге.3) Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне  ілгерінді, кейінді ықпал арқылы өзгеріске ұшырауы. Мысалы:

Жазылуы

Айтылуы 

Жазылуы

Айтылуы 

Есжан

Ешшан 

Жиенқұл

Жиенғұл

Есен келді

Есеңгелді

Досжан

Дошшан

Тон кию

Тоңгию

Шешіп алу

шешібалу

Өзі күлдіргі

өзүгүлдүргү

Алдар көсе

Алдаргөсе

Оқушыларға әр ықпал түріне 1-1-ден мысалдар келтіртіп, шеңбер бойынша сөз тіркестерін айтқызу, ажырата білуін қадағалау.

Тапсырма.

Ж. Тыңдалым материалдарының нәтижесі ретінде «Менің таңдауым» тақырыбында ақпараттық мәтін жазу. Ілгерінді, кейінді ықпал түрлерінің астын сызу. Сөз саны 40 сөз.

Бағалау критерийі

  • Таңдауы, талғамы көрінеді;
  • Сән үлгілері туралы баяндайды;
  • Ықпал түрлерін дұрыс ажыратады (2 қате кетуі мүмкін);
  • Құрылымдалған мәтін жазады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу