Сиқырлы тон. Үндестік заңы. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ


Пәні: Қазақ тілі Т1

Мектеп атауы:

Қызылорда қаласы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Бөлім атауы

2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам

Сабақ тақырыбы

Сиқырлы тон. Үндестік заңы

Уақыты:

Мұғалімнің аты – жөні: Өксікбаева Күлжақан Жолдасқызы

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың оқу мақсаттары

ӘТН 2 Орфоэпиялық норма.

Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Орфоэпия мен орфография заңдылықтарын меңгереді;

Оқушылардың көпшілігі:

Ықпал түрлерін ажыратып, соған сәйкес айта алуға дағдыланады;

Оқушылардың кейбірі:

Ықпал түрлерін орынды қолданып, заңдылықтарына сәйкес айтып, дербес ой білдіреді.

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: Қыстырма сөздер, қарапта сөздер, одағай сөздер, орфоэпиялық норма,

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің пікірімше,...Достарым айтқандай,... Киім киіну... «Киіміне қарап, қарсы алады; Ақылына қарап, шығарып салады» дегендей... Қорытындылай келе...

Бағалау критерийлері

Тыңдалым материалы негізінде сөйлемдерді талқылауға қатыса алады;

Дыбыс үндестігіне сәйкес айтылым жасай алады;

Қыстырма сөздерді орнымен қолданады;

 Пәнаралық байланыс

АКТ, өнер, әдебиет, тіл

АКТ –ны қолдану дағдылары

Таныстырылым, бейнефильм

 Құндылықтарды игерту

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Ынтымақтастық;

Жауапкершілік

 Сабақтың түрі

Жаңа білімді пысықтау сабағы

 Алдыңғы білім

Киіну. Сән. Талғам. Оқшау сөздер Оқшау сөздер «Сән әлемі» туралы ақпарат жинап келу (кемінде 2 ақпарат)

Оқшау сөздерді қайталау

Жоспар

Кезеңдер

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу. «Шаттық шеңбері» тренингі арқылы сабақ барысы мен сыныпқа сәттілік тілеу.

Шарты: ешкім ешкімді қайталамау керек.

Тон, Іліктон, Шентон, Оқалы тон сөздері арқылы 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз атауына анықтама береді.

Топ мүшелеріне үйге берілген «Сән әлемі» туралы кемінде 2 ақпаратпен бөлісу тапсырылады. Әр топтан 2 ақпарат тыңдалады. « Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағаланады.

Негізгі бөлім

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады.

Орфоэпиялық норма – сөздердің үндестік заңына сай дұрыс айтылуы. Үндестік заңы: буын және дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі (сингармонизм) – сөздің бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып жалғануы.

Дыбыс үндестігі дыбыстардың  бір-біріне әсер етіп, үйлесе, үндесе айтылуы. Ауызекі сөйлеу кезінде дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ыңғайласа айтылады. Мысалы: жанбады - жамбады, жанған - жаңған. Айтылуда б дыбысының әсерінен (б айтылуы жағынан ерін дыбысы) н дыбысы еріндік м дыбысына өзгерсе, екінші мысалда ғ тіл арты дыбысы н тіл алды дыбысын ң тіл арты дыбысына ауыстырып тұр.Дыбыс үндестігін ықпал деп атайды. Ықпалдың  қазақ тілінде үш түрі бар.  1) Ілгерінді ықпал – қатар келган екі дыбыстың алдыңғысының соңғысына әсер етуі. Мысалы: Қарагөз – Қаракөз2) Кейінді ықпал – қатар келган екі дыбыстың  соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа  әсер етуі. Мысалы: аяқ – аяғы, төк – төге.3) Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне  ілгерінді, кейінді ықпал арқылы өзгеріске ұшырауы. Мысалы:

Жазылуы

Айтылуы 

Жазылуы

Айтылуы 

Есжан

Ешшан 

Жиенқұл

Жиенғұл

Есен келді

Есеңгелді

Досжан

Дошшан

Тон кию

Тоңгию

Шешіп алу

шешібалу

Өзі күлдіргі

Өзүгүлдүргү

Алдар көсе

Алдаргөсе

Оқушыларға әр ықпал түріне 1-1-ден мысалдар келтіртіп, шеңбер бойынша сөз тіркестерін айтқызу, ажырата білуін қадағалау.

Сұрақ:

Ауыз әдебиетінің өкілі, шындықтың жаршысы, кедейдің жанашыры, өзі күлдіргі әңгіме айтып, жұртты күлдіріп жүретін, әділеттілікті жақтаушы, басында шашы жоқ, әділдікті өз хикаяларында орнатып, әлсіздің есесін қайтарып жүретін кейіпкер кім? (Алдаркөсе)

Тапсырма. Қазіргі тыңдайтын тыңдалымнан ықпал түрлерін ажыратып, дәптерлеріне түртіп отыру.

С. «Сиқырлы тон» бейнефильмді көреді. Бейнефильм бойынша талдау жүргізеді.

Қандай үндестік түрін байқадыңыздар?

Қандай ықпал түрін байқадыңыздар?

Тон қандай киім?

Оқушылар топта ақылдасып, болжап, ментальді карта әзірлейді.

Тон түрлеріне қатысты анықтама береді.

Тон – иленген қой терісінен, жүнін ішіне қаратып тіккен жылы қалың сырт киім. Тонның түрлері: жабағы тон, бүрмелі тон, қаптал тон, жарғақ тон, былғары тон, тұлып тон, шолақ тон, зерлі тон, қырықпа тон, іштік тон.

Іліктон – құдалыққа барғанда сыйға тартылатын әдемі тон.

Шентон – лауазымдылық киім, мундир.

Оқалы тон – оқа, түйме тағылған, сыйға тартылатын әдемі тон.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Ж. Тыңдалым материалдарының нәтижесі ретінде «Менің таңдауым» тақырыбында ақпараттық мәтін жазу. Ілгерінді, кейінді ықпал түрлерінің астын сызу.

Сөз саны 40 сөз.

Бағалау критерийі:

  • Таңдауы, талғамы көрінеді;
  • Сән үлгілері туралы баяндайды;
  • Ықпал түрлерін дұрыс ажыратады (2 қате кетуі мүмкін)
  • Құрылымдалған мәтін жазады.

Жұптық бағалау жүреді.

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

https://www.youtube.com/watch?v=o96H8Gm5tSc

«Сиқырлы тон» бейнефильмі

Қорытынды

Үйге тапсырма

Кері байланыс

1. Бүгінгі тапсырмаларда не қиындық тудырды? Неге?

2. Орындауда оңай болған жұмыс. Неліктен?

3. Әлі де үйренуім керек...

«Роунд-робин» әдісі бойынша сезімін 1 сөйлеммен беру арқылы қорытындыланады.

Өткен сабақта өтілген ықпал түрлеріне байланысты «Қысқы киім түрлері» тақырыбында мәтін құрастыру. Сөз саны 40 сөз. Кемінде 4 кейінді, 2 тоғыспалы ықпал түрін қатыстыру керек.

Қосымша мәлімет

Рефлексия

Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге?

Қорытынды бағалау.

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

Қандай екі жағдай сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік берер еді (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

Жалпы сынып немесе жеке оқушылар жайлы мен не білдім? Келесі сабақтарға дайындалу барысында бұл мәлімет қандай көмегін бере алады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу