Ұлттық киімдер. Қазақ тілі, 5 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ
«Киіну. Сән. Талғам. Ұлттық киімдер» тақырыбы бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 5
Бөлім/Тақырып | 2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам. |
Сабақтың оқу мақсаттары | Т/А4 Негізгі ойды анықтау Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау |
Ойлау дағдыларының өлшемі | Қолдану |
Оқушыға берілетін тапсырма | https://www.youtube.com/watch?v=c6ALUGG2flg Тыңдалым тыңдатылады.
(Оқушылардың алдына бейнефильмге қатысты жетекші сұрақтар, негізгі ойды анықтауға қатысты сұрақтар қояды. Оқушылар бейнефильмді көре отырып, сұрақтарға жауап береді. ) Бағалау критерийлері: Мәтіндегі негізгі ойды анықтау үшін пікірлесуге қатыса алады; Кемінде 1 сұраққа ойын білдіреді. ТЖ. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Сынып үш топқа бөлінеді. Жоба әзірлеу тапсырмасы беріледі. Оқушылар берілген тақырып бойынша ақпараттарын әр түрлі композициямен плакатқа түсіреді, шешу жолдарын көрсетеді, топ алдында қорғайды. 1-топ. «Қазақ халқының ұлттық киімдерін қазіргі кезде қалай сәнге айналдыруға болады?» тақырыбында шағын жоба әзірлеңіздер. 2-топ. «Қазақ халқының ер адамдарға арналған ұлттық киімдері» атты шағын жоба әзірлеу. 3-топ. «Әйел адамдар киетін қазақ ұлттық киімдеріне және ондағы жас ерекшелігіне байланысты детальдер» тақырыбында шағын жоба әзірлеңіз. ҚБ. Өзара топтық бағалау. Топтар сағат тілімен қорғайды, бірін-бірі бағалайды. |
Бағалау критерийі |
2. Құрылымдалған айтылым жасай алады (кіріспе, негізгі бөлім, қорытындысы бар); 3. Кемінде 1 мақал-мәтел, 1 теңеу, 1 тұрақты тіркес қолданады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?