Ұлттық киімдер. Қазақ тілі, 5 сынып, презентация. 3 сабақ


«Шеңбер бойынша әңгімелесу» әдісі арқылы оқушылар «Мен- қазақпын» тақырыбында өз ұлты туралы ақпарат бөліседі.

Үй тапсырмасын сұрау

Ықпал түрлерін қолдана отырып, «Қысқы киім түрлері» тақырыбында мәтін құрастыру. Сөз саны 40 сөз.

Кемінде 4 кейінді, 2 тоғыспалы ықпал түрін қатыстыру керек.

Әр топ көшбасшысы өз тобындағы мүшелердің үй тапсырмасын қалай жазғандығын сараптап, жақсы жазған бір үміткерден ұсынады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау.

Сурет бойынша 4 топқа бөлінеді

2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам.

Сабақ тақырыбы:

Киім. Сән. Талғам. Ұлттық киімдер

Оқу мақсаты:

Т/А4 Негізгі ойды анықтау

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

Қыстырма сөздер, орфоэпиялық норма, «тарихтың қайталанбас көрінісі», «ұлттық нақыштар», «басталуымен пара-пар», «қадір-қасиетін жоймаған», «көшпелі тіршілік», «отандық дизайнерлер», «атам заманда», «ұлттың, мәдениеттің бет-бейнесі»

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің пікірімше,...Достарым айтқандай,... Киім киіну... «Киіміне қарап, қарсы алады; Ақылына қарап, шығарып салады» дегендей... Қорытындылай келе...

Бағалау критерийі:

Мәтіндегі негізгі ойды анықтау үшін пікірлесуге қатыса алады;

Тақырыптық жоба ұсынады;

Құрылымдалған айтылым жасай алады (кіріспе, негізгі бөлім, қорытындысы бар);

Кемінде 1 мақал-мәтел, 1 теңеу, 1 тұрақты тіркес қолданады.

Құндылықтар

Тіл және мәдениет құндылығы

Тыңдалым алды тапсырма

- Қандай ұлттық киім түрлерін білесіздер?

- «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», - деген екен ұлы адамдар. Сіз қалай ойлайсыз, жас дос! Неліктен олай дегеніне ой жүгіртіп көріңізші! Оқушы пікірін тыңдау.

Оқушыларға топқа бөліну үшін берілген ұлттық киім түрлерінің суретіне байланысты сұрақтар:

Суреттен қандай киім үлгілерін көріп тұрсыңдар?

Ұлттық киімдердің ерекшеліктері туралы не білесіз?

Бұл киім түрін қандай сын есімдер арқылы сипаттауға болады?

Жаңа сөздер

Тарихтың қайталанбас көрінісі

Ұлттық нақыштар

Басталуымен пара-пар

Қадір-қасиетін жоймаған

Көшпелі тіршілік

Отандық дизайнерлер

Атам заманда

Ұлттың,мәдениеттің бет-бейнесі

Жаңа сөздер

Тарихтың қайталанбас көрінісі – елдің өткеніндегі ерекше оқиғалар

Ұлттық нақыштар – ұлттық өрнектер

Басталуымен пара-пар – басталуымен бірдей

Қадір-қасиетін жоймаған – маңыздылығы жойылмаған

Көшпелі тіршілік – көшпелі шаруашылықпен айналысқан елдің өмірі

Отандық дизайнерлер – еліміздің сән әлемінің мамандары

Атам заманда – бұрынғы кезде

Ұлттың, мәдениеттің бет-бейнесі – ұлттың, мәдениеттің басты ерекшелігі

ЖЖ. Тыңдалым тапсырмасы

https://www.youtube.com/watch?v=c6ALUGG2flg

Сұрақтар:

Тарихымыздың қайталанбас көрінісін қайдан көре аламыз?

Ұлттық киім неге негізделіп жасалған? Қалыптасуында қандай ерекшелік байқалады?

Кейіпкердің айтуынша, үстіндегі ұлттық киімдер қай ғасыр туындысына сәйкес келеді? Ол туралы не айта аласыз?

Соңғы кезде сән үлгілерінде қандай өзгеріс байқалады?

Қостанай облысының «Жаным» сән театры қазақ хандығының 550 жылдық мерекесіне қалай үлестерін қосуда?

Журналист неліктен ұлттық киімдерді күнделікті тұрмысқа енгізуді маңызды деп санайды? Сіз қалай ойлайсыз?

Бағалау критерийі:

Пікірлесуге қатыса алады;

Кемінде 1 сұраққа ойын білдіреді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

ТЖ. Жоба әзірлеу тапсырмасы беріледі.

Оқушылар берілген тақырып бойынша ақпараттарын әр түрлі композициямен плакатқа түсіреді, шешу жолдарын көрсетеді, топ алдында қорғайды.

1-топ. «Қазақ халқының ұлттық киімдерін қазіргі кезде қалай сәнге айналдыруға болады?» тақырыбында шағын жоба әзірлеңіздер.

2-топ. «Қазақ халқының ер адамдарға арналған ұлттық киімдері» атты шағын жоба әзірлеу.

3-топ. «Әйел адамдар киетін қазақ ұлттық киімдеріне және ондағы жас ерекшелігіне байланысты детальдер» тақырыбында шағын жоба әзірлеңіз.

ҚБ. Өзара топтық бағалау. Топтар сағат тілімен қорғайды, бірін-бірі бағалайды.

Бағалау критерийі:

1. Тақырыптық жоба ұсынады;

2. Құрылымдалған айтылым жасай алады (кіріспе, негізгі бөлім, қорытындысы бар);

3. Кемінде 1 мақал-мәтел, 1 теңеу,1 тұрақты тіркес қолданады.

Бүгінгі тақырыпты қорытындылау

«Раунд- робин» стратегиясы ойынша оқушыларға 1 сөйлеммен рефлексия жасату.

Бүгінгі сабақтан

сіз қандай әсер алдыңыз?

Үйге тапсырма

«Ұлттық киімдер дүкенінде» тақырыбында диалог құру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу