Ұлттық киімдер. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ
Пәні: Қазақ тілі Т1 | Мектеп атауы: Қызылорда қаласы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Бөлім атауы | 2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам. | |||||
Сабақ тақырыбы | Ұлттық киімдер | |||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты – жөні: Өксікбаева Күлжақан Жолдасқызы | |||||
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың оқу мақсаттары | Т/А4 Негізгі ойды анықтау. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау | |||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады; Оқушылардың көпшілігі: Автордың ойын жетекші сұрақтар арқылы толық аша алады; Жан-жақты ақпарат бере алады; Оқушылардың кейбіреуі: Негізгі ойды анықтап, жоба жасауда дербес ой білдіреді. | |||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология: Қыстырма сөздер, орфоэпиялық норма, «тарихтың қайталанбас көрінісі», «ұлттық нақыштар», «басталуымен пара-пар», «қадір-қасиетін жоймаған», «көшпелі тіршілік», «отандық дизайнерлер», «атам заманда», «ұлттың, мәдениеттің бет-бейнесі» Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің пікірімше,... Достарым айтқандай,... Киім киіну... «Киіміне қарап, қарсы алады; Ақылына қарап, шығарып салады» дегендей,... Қорытындылай келе... | |||||
Бағалау критерийлері |
2. Құрылымдалған айтылым жасай алады (кіріспе, негізгі бөлім, қорытындысы бар); 3. Кемінде 1 мақал-мәтел, 1 теңеу,1 тұрақты тіркес қолданады. | |||||
Пәнаралық байланыс | АКТ, өнер, әдебиет, тіл | |||||
АКТ –ны қолдану дағдылары | Таныстырылым, бейнефильм | |||||
Құндылықтарды игерту | Тіл және мәдениет құндылығы | |||||
Сабақтың түрі | Жаңа білімді пысықтау сабағы | |||||
Алдыңғы білім | Киіну. Сән. Талғам. Ықпал түрлерін қолдана отырып, «Қысқы киім түрлері» тақырыбында мәтін құрастыру. Сөз саны – 40 сөз. | |||||
Жоспар | ||||||
Кезеңдер | Жоспарланған жаттығулар | Дерек көздері | ||||
Сабақтың басы | Оқушылармен амандасу. «Шеңбер бойынша әңгімелесу» әдісі арқылы оқушылар «Мен – қазақпын» тақырыбында өз ұлты туралы ақпарат бөліседі. Үй тапсырмасын сұрау. Ықпал түрлерін қолдана отырып, «Қысқы киім түрлері» тақырыбында мәтін құрастыру. Сөз саны – 40 сөз. Кемінде 4 кейінді, 2 тоғыспалы ықпал түрін қатыстыру керек. Әр топ көшбасшысы өз тобындағы мүшелердің үй тапсырмасын қалай жазғандығын сараптап, жақсы жазған бір үміткерден ұсынады. 4 оқушының ойтолғауы тыңдалады. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау.
Сурет бойынша 4 топқа бөлінеді. | |||||
Негізгі бөлім | Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Ұлттық киімдер С. Тыңдалым алды тапсырма – Қандай ұлттық киім түрлерін білесіздер? – «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», – деген екен ұлы адамдар. Сіз қалай ойлайсыз, жас дос! Неліктен олай дегеніне ой жүгіртіп көріңізші! Оқушы пікірін тыңдау. Оқушыларға топқа бөліну үшін берілген әр түрлі заманауи ұлттық киім түрлерінің суретіне байланысты сұрақтар қойылады.
Жаңа сөздер таныстырылады. Тарихтың қайталанбас көрінісі – елдің өткеніндегі ерекше оқиғалар Ұлттық нақыштар – ұлттық өрнектер Басталуымен пара-пар – басталуымен бірдей Қадір-қасиетін жоймаған – маңыздылығы жойылмаған Көшпелі тіршілік – көшпелі шаруашылықпен айналысқан елдің өмірі Отандық дизайнерлер – еліміздің сән әлемінің мамандары Атам заманда – бұрынғы кезде Ұлттың, мәдениеттің бет-бейнесі – ұлттың, мәдениеттің басты ерекшелігі ЖЖ. Тыңдалым тапсырмасы https://www.youtube.com/watch?v=c6ALUGG2flg Тыңдалым тыңдатылады.
(Оқушылардың алдына бейнефильмге қатысты жетекші сұрақтар, негізгі ойды анықтауға қатысты сұрақтар қояды. Оқушылар бейнефильмді көре отырып сұрақтарға жауап береді. ) Бағалау критерийлері: Мәтіндегі негізгі ойды анықтау үшін пікірлесуге қатыса алады; Кемінде 1 сұраққа ойын білдіреді. Т/Ж. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Сынып үш топқа бөлінеді. Жоба әзірлеу тапсырмасы беріледі. Оқушылар берілген тақырып бойынша ақпараттарын әр түрлі композициямен плакатқа түсіреді, шешу жолдарын көрсетеді, топ алдында қорғайды. 1-топ. «Қазақ халқының ұлттық киімдерін қазіргі кезде қалай сәнге айналдыруға болады?» тақырыбында шағын жоба әзірлеңіздер. 2-топ. «Қазақ халқының ер адамдарға арналған ұлттық киімдері» атты шағын жоба әзірлеу. 3-топ. «Әйел адамдар киетін қазақ ұлттық киімдеріне және ондағы жас ерекшелігіне байланысты детальдер» тақырыбында шағын жоба әзірлеңіз. ҚБ. Өзара топтық бағалау. Топтар сағат тілімен қорғайды, бірін-бірі бағалайды. Бағалау критерийлері:
2. Құрылымдалған айтылым жасай алады (кіріспе, негізгі бөлім, қорытындысы бар); 3. Кемінде 1 мақал-мәтел, 1 теңеу, 1 тұрақты тіркес қолданады. Әр топқа бүгінгі тақырыпты қорытындылау тапсырылады. | https://www.youtube.com/watch?v=c6ALUGG2flg Ұлттық киімдер (01.41 минут) | ||||
Қорытынды Үйге тапсырма | «Раунд-робин» стратегиясы ойынша оқушыларға 1 сөйлеммен рефлексия жасату. «Ұлттық киімдер дүкенінде» тақырыбында диалог құру Тірек сөздер: Менің пікірімше,... Достарым айтқандай,... Киім киіну... «Киіміне қарап, қарсы алады; Ақылына қарап, шығарып салады» дегендей,... Қорытындылай келе... | |||||
Қосымша мәлімет | ||||||
Рефлексия Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге? | ||||||
Қорытынды бағалау. Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)? Қандай екі жағдай сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік берер еді (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)? Жалпы сынып немесе жеке оқушылар жайлы мен не білдім? Келесі сабақтарға дайындалу барысында бұл мәлімет қандай көмегін бере алады? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды