Киім кию мәдениеті. Қазақ тілі, 5 сынып, презентация. 5 сабақ


Үй тапсырмасын сұрау

Дыбыс үндестігін еске түсіру. Топта «Менің ең жақсы көретін сәнді киімім» тақырыбында диалог құрастыру мен дыбыс үндестігіне талдау жұмыстарына саралау жүргізу. Топ көшбасшысы тобының үй жұмысын сараптап, баға береді.

Мақал-мәтелдерді жұптау арқылы жұптарға бөлінеді.

1.Аты, тоны сай кісі,

Жиын, тойға барысар,

2. Ақ жаулығы ананың —

Ақ көрпесі баланың.

3. Көне киім жаңаны сақтайды,

Кәрі кемпір баланы сақтайды.

4.Апасы киген сәукелені,

Сіңлісі де киеді.

5. Жігітке жеті өнер аз,

Жетпіс өнер көп емес.

6.Ерінбеген етікші болады,

Ұялмаған өлеңші болады.

7. Ата көрген – оқ жонар,

Ана көрген – тон пішер.

8. Орман аралаған – үйші болар,

Қобыз сыралаған – күйші болар.

9. Шеберді саусағы асырайды,

Қойшыны таяғы асырайды.

10. Өнерлі қол пішуге жақсы,

Өткір қайшы кесуге жақсы.

Ж/ж. Мағынасын жұппен ашады.

2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам.

Сабақ тақырыбы:

Киім кию мәдениеті

Оқу мақсаты:

ӘТН 1 Орфографиялық норма.

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: Қыстырма сөздер, орфоэпиялық норма

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің білуімше,... «Білім инемен құдық қазғандай» дегендей,... Жоғарыдағы ойымды түйіндей келе,...

Ғафу етіңіз, айыпқа бұйырмаңыз, өтінішім бар, ілтипатыңызға рахмет, оқасы жоқ, менен ағаттық кетті...

Бағалау критерийлері

Орфографиялық норманы сақтай біледі;

Мәтіннің мағынасын түсініп, мағынасына сәйкес орнымен қолдана алады;

Мәтіннің жүйесін сақтап жазады;

Қатесіз жазады (3 қате есептелмейді).

Құндылықтар

Отбасы мүшелеріне, отбасы құндылықтарына деген құрмет

Орфография – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы. Сөздерді дұрыс жазуда орфографиялық сөздіктің маңызы зор.

Сұрақтар

Ж/Ж. 1. Қай сөздердің жазылуы мен айтылуында өзгеріс байқалады? Өндіріс, жаздыгүні, айлық, баршамызға, тарихи, мағлұмат, сенбі, самұрық.

2. Хайуанат, миуа, кейуана, кеще сөздеріндегі дыбыстардың жазылуында қандай ерекшелік бар?

Неліктен олай деп ойлайсың?

Топтық тапсырма. «Жүгіріп диктант жазу» стратегиясы

Шарты:

1.Тақтада мәтін ілініп тұрады. Топтарда бір оқушы хатшы болып, қағазға түсіреді. Қалған топ мүшелері кезекпен тақтадағы мәтінді қарап, тобына келіп, хатшыға жаздыру керек.

2.Жазып болған соң, хатшы қағазын партасына қойып, өзі барып, тақтадағы мәтінді оқиды. Орнына келіп, диктант мәтінін өзгертуіне болады.

3. Топтың жазған мәтіні мен дұрыс нұсқасы келесі топқа беріліп, тексеріледі. Бағалаушы топ бағасын беріп, жұмысын қайтарады. Топтарда қатемен жұмыс жасалады. Қай топ қатесіз, жылдам жазып бітірсе, сол топ жеңеді.

Бағалау критерийі:

Мәтіннің толық жүйелі болуы;

Қатесіз жазылуы (3 қате есептелмейді).

Мәтіндер

1-топ. Сән – адамзат баласы пайда болғаннан бастап қолданылып келеді. Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де ұлттық нақыш қандай жағдайға болмасын, арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда.

2-топ. Сән (мода) – латын сөзі, өлшем, әдіс, іс-әрекет түрі. Мағынасы «уақытша келісімді, сәнді киіне білу» деген ұғым береді. Әр адамның өз талғамына, қажетіне сай сәнді киіну мүмкіндігі – бүгінде бар құбылыс. Іс тіге білетін, бұл кәсіпті сүйетін адам өзіне жарасымды да сәнді киімді қашан да тігіп ала алады.

3-топ. Киім кию мәдениеті – адамның білімінің, талғамының, ортаға қарым-қатынасының көрсеткіші. Талғам – бәрінен бұрын адамның өзіне шек қоя білуі (нені, қайда, қашан кию керек, өзінің сырт келбетіне көзқарасы, өзін-өзі ұстай білуі т.б.). Сәнді арнайы көркемдеуші сәнгер жасайды. Ол сәнқой адамның талғамын ескере отырып, тұтынушы халықтың талабына сай келетіндей етіп орындайды.

4-топ. Стиль (грекше «балауызға өрнек түсіретін үшкір таяқша» мағынасын білдіреді) сөзі – әдебиет пен өнерде автордың, туындының мәнерін, мазмұнын, идеялық көркемдік ерекшеліктерін білдіреді.

Стиль түрлері:

• Классикалық

• Фольклорлық

• Романтикалық

• Спорттық

5-топ. Классикалық стиль («байсалды, іскер, әсем») – тұрақты, ғасырлар сүзгісінен өткен, мүлдем өзгермейтін, ерлердің жұпты, үштік костюмі, «ағылшын» пальтосы, плащ, ал әйелдердің киіміне ұзын жеңді көйлектер, тік немесе бүрмелі белдемшелер, «шинель» костюмдері жатады.

6-топ. Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмыстары кеңінен қолданылады.

Романтикалық стиль – ұшқыр, қиял-елестер, ізденістер тобы. Киімде әйелдік нәзіктікті бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдалану.

Спорттық стиль – демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер үлгісі.

Мәтінмен жұмыс

Ж/ж. Жағдаяттық жаттығулар

Оқушылар мәтінді оқып, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып жазады.

Бағалау критерийі:

Көп нүктенің орнына кемінде 6 сөзді тауып жазады;

Мәтіннің мағынасын түсініп, мағынасына сәйкес орнымен қолдана алады;

Қатесіз жазады (3 қате есептелмейді).

Пысықтау тапсырмасы

Мәтіндегі ақпаратты қолданып, ауызша диалог құру.

Диалогке пайдалы тіркестер:

Менің білуімше,... «Білім инемен құдық қазғандай» дегендей,... Жоғарыдағы ойымды түйіндей келе,...

Ғафу етіңіз, айыпқа бұйырмаңыз, өтінішім бар, ілтипатыңызға рахмет, оқасы жоқ, менен ағаттық кетті...

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жұптық бағалау.

С.Талқылау сұрақтары

Мәтіндегі ақпаратқа байланысты қандай пікірге келдіңіздер?

– Нені үлгі етіп алуға болады?

– Бұл оқиғалар өмірде кездеседі ме? Немен дәлелдейсің?

Бүгінгі тақырыпты қорытындылау

Кері байланыс

Осы мәтінмен танысқаннан кейін киім таңдауыңызда қандай өзгеріс болады деп ойлайсыз?

Қалай ойлайсыз, «киіміне қарап дос таңдау» дұрыс па?

– Осы сабақтан не үйрендіңіз?

– Бұл тақырыпта ата-анаңызбен әңгімелесесіз бе?

– Сіздің киімге талғамыңыз бен ұқсатып қолдануыңыз сәйкес келе ме?

Үйге тапсырма

Досыңның анасынан сауалнама алу үшін 3 сұрақ құрастырыңыз;

Сауалнаманы алып, дәптеріне түсіріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу