Киім түрлері. Қазақ тілі, 5 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ


Бөлім

Тақырып

2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам.( 6-сағат)

Киім түрлері

Оқу мақсаттары

О4 Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау. Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру. ӘТН 5 Пунктуациялық норма. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Анализ

Бағалау критерийлері

Екі мәтінге салыстырмалы талдау жасайды

Тапсырма№1

1-мәтін.

Суық ауа райында, әсіресе, қар мол жауғанда тон кигенге не жетсін, шіркін! Сырт киімнің осы түрі қыз-келіншектердің көңілін көтереді емес пе?!

Осы тұста айтар жаңалық бар. Шымкентте ерекше тондардың жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жәрмеңкедегі тұрғындар пікіріне назар аударайық.

-Шымкенттіктер әдемі киінгенді ұнатады негізі. Тон жәрмеңкесі бүгіннен бастап ашылды. Тонның түрі өте көп әрі бағасы да қолжетімді. Қараңыздаршы, әр тонға 30 пайыз жеңілдіктер қарастырылған.

-Қарағым-ау, зауыттан тікелей жеткізілген сырт киімдердің бағасы нарықтағы өніммен салыстырғанда ап-арзан болады ғой!

-Мәссәған! Көздің жауын алатын әдемі тондарды таңдау қандай қиын! Кеше келіп, көріп кетіп ем, бүгін жаңа киімдер түсті деген соң , тағы да кеп тұрмын. Қарашы, қандай керемет!

Осы орайда “Союз меха” жәрмеңкесінің директоры Жансая Қожахметовамен сұхбаттасқан едік.

-Бұл компания жоғары сапалы өнімдерімен әлемге танымал ғой. Өзіндік тәсілмен тігілген қарақұндыз, түлкі жағалы ішіктер мен тондар,өнімнің түр-түрі осында. Мутон, яғни, австралия қойының терісінен тігілген тондар да сәннен қалмайды. Осыған орай жәрмеңкені 16 ақпанға дейін жалғастырамыз.

2-мәтін. Қызыл көйлек

Айсәуле 5-сыныпта оқиды. Бүгін оған әпкесі жаңа көйлек сатып әкелді. Көйлек болғанда қандай десеңші! Жаңа піскен қызанақтай қып-қызыл! Өзі Айсәулеге шақтап тігілгендей, денесіне қона кетті. Бұған дейін кигендері түсі оңып кеткен, ескі-құсқы бірдемелер болушы еді. Айсәуленің әкесі былтыр көз жұмған, бес баланың жауапкершілігі анасына жүктелген, қайта үлкені Жанар жақында көлік жуу орталығына жұмысқа тұрған...

Айсәуле қуаныштан аяғы жерге тимей жүгіріп құрбысы Нұргүлге барды. Құрбысының көйлегі Нұргүлге қатты ұнап, тамсанып біраз тұрды:

- Түу, көйлегің әдемі екен! Кім әперді?

-Жанар әпкем сатып әкелді. Жап-жаңа көйлек!

Нұргүл үндемеді. Өзінің үстіндегі тозған, ескі көйлегіне қарап жүзін төмен салды. Оның тағдыры да Айсәулеге ұқсас еді. Бұрылып бара жатып, жасқа шыланған көзін сүртті.

Анасы Айсәулеге:

Қыдырғанда киесің әзірге шешіп қой енді кірлетесің ғой деп еді Айсәуле әдемі көйлекті шешуге қимады. Күнде кие бергесін бе, терлегесін бе, әйтеуір, Айсәуленің көйлегі көп ұзамай кірлеп қалды. Анасы жуып, жіпке іліп қойған көйлегінің тез кепкенін күтіп Айсәуле ағаш түбінде отыр еді. Сәлден соң анадай жерде отырған Нұргүлдің сары мысығына көзі түсті.

Менің көйлегімді торуылдап жүрсің бе Бүлдірмексің ғой, ә Қайт үйіңе, кәне, пыш-пыш әрі!- деп мысықты қуалай жөнелді.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Мәтіндердің 4-5 ерекшелігін айта алады;

тақырыбы, мақсаты, түрі, жанры

3 ұқсастығын таба алады;

Төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдана алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу