Киім түрлері. Қазақ тілі, 5 сынып, презентация. 6 сабақ
Жыл мезгіліне сай киілетін киім суреттерімен 4 топқа топтасыңыздар
Қыстық киім, күздік киім, жаздық киім, көктемде киетін киім
1-тапсырма. 1 минуттық диалог
Суреттер мен тірек сөздерді пайдаланып, топта диалог жасаңыздар
Тон, шапан, бүрмелі көйлек, камзол, бешпент, қазақ халқы, сырт киімдер, жыл мезгілі, мал терісі мен жүні, жабағыдан тігілген, қыстыгүні, күздігүні
Тілдесім формасының қай түрін жүзеге асырдық?
Ауызша сөйлеуде не оңайырақ?
Бүгінгі сабақта біз не туралы айтамыз?
2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам.
Сабақ тақырыбы: Ауызекі стильдегі мәтіндермен жұмыс Оқу мақсаты:
О4 Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау. Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.
ӘТН 5 Пунктуациялық норма. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану
2-тапсырма. Жұпта оқып, 1 минут өзара талқылаңыз.
Ауызекі сөйлеу стилінің ерекшелігі:
Адамдардың бетпе – бет кездесуі арқылы жүзеге асады;
-сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолданылады;
-сөз ықшам құрылады;
-арнайы мәнермен айтылады;
-даярлықсыз өткізілу (сөйлеу)
Стильге тән тілдік тұлғалар (қолданыстар)
-Жергілікті сөздер (диалект, кәсіби сөздер);
-Қарапайым сөздер (ренішке, ұрысуға байланысты сөздер) ;
-Сұраулы, лепті, толымсыз сөйлемдер жиі қолданылады;
-Инверсия ( сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің сақталмауы) жиі кездеседі.
-Көбіне диалог түрінде және эмоциялы болады
Оқылымалды тапсырма.
Қыстыгүні қандай киімдер киеміз?
Сырт киімнің қандай түрлері бар?
Тон қандай киім? Оның түрлерін кім біледі?
Топта сәйкестендіру тесін ауызша орындаңыз
Дұрыс жауап
Тон – иленген қой терісінен, жүнін ішіне қаратып тіккен жылы қалың сырт киім.
Ілік тон – құдалыққа барғанда сыйға тартылатын әдемі тон.
Шен тон – лауазымдылық киім, мундир.
Оқалы тон – оқа, түйме тағылған, сыйға тартылатын әдемі тон.
Қырмызы тон - қыз-келіншектерге арнап қызыл масатыдан тігілген шапан.
Қамқа тон- жұмсақ қып иленген қой терісінен тігілген қаусырма белдігі бар қымбат та сәнді сырт киім.
Топтық жұмыс
А) тапсырмасы. Екі мәтінге салыстырмалы талдау жасайды.
Жетістік критерийі:
Мәтіндердің 4-5 ерекшелігін айта алады;
3 ұқсастығын таба алады;
«Венн» диаграммасы
А мәтінінің ерекшелігін айтады.
Ә мәтінінің ерекшелігін айтады.
Ортақ ерекшелігін анықтайды.
Сөйлеу стилі:
Мақсаты:
Жанры:
Тақырыбы:
Тілі: Сөз деңгейінде (диалект, кәсіби, қарапайым, жаргон сөздер, қаратпа, қыстырма, одағай сөздер бар ма?)
Сөйлем деңгейі (сұраулы, лепті сөйлемдер, т.б.)
«Айналмалы бекет» стратегиясы
Әр топтан 1 спикер шығып жұмысты басқа топтарға таныстырыңыз. Тыңдаған топ критерий бойынша бағалаңыз.
Керібайланыс.
Топта әділ бағалау болды ма?
Қай топтың жұмысы толық, түсінікті болды?
Қай топтың жұмысы әлі толықтыруды қажет етеді?
Жалпы қандай ортақ шешімге келеміз?
2- тапсырма. Жеке жұмыс.
Ә мәтініндегі қарамен берілген сөйлемдердің тыныс белгісін дұрыс қойып көшіріп жазыңыз.
Бағалау критерийі:
Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдана алады. (6 тыныс белгіге дейін дұрыс қойылса)
Дұрыс жауаппен тексеріп, өз-өзін бағалайды.
«Себет» рефлексиясы
Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәлімет алдыңыз ? Алған біліміңді себетке салыңыз.
Қазақтың ұлттық сырт киімдері туралы білдім;
Тон түрлерін білдім;
Ауызекі сөйлеу стиліне тән ерекшеліктерді білдім.
Үй жұмысы
«Сізге анаңыз ... сатып әперді. Бұл сіз үшін күтпеген жаңалық. ... сізге қатты ұнады.» Алған ... сипаттап шағын әңгіме жазыңыз. 80 сөз.
Жетістік критерийі:
Әңгімеге ат қояды;
Тақырыпқа сай қызықты сюжетке құрылған;
Ауызекі сөйлеу стиліне сай диалогқа ( сұраулы, лепті сөйлем) құрылған;
Одағай, қаратпа, қарапайым, диалект сөздер қолданған;
Толымсыз сөйлемдер бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?