Киім түрлері. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ


Мектеп атауы:

Қызылорда қаласы ХББ НЗМ

Бөлім атауы: Сабақ тақырыбы:

2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам.( 6-сағат)

Киім түрлері

Уақыты:

Мұғалімнің аты – жөні:

Сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты

О4 Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау. Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.

ӘТН 5 Пунктуациялық норма. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану

 Сабақтың

 мақсаты

Оқушылардың барлығы: Ауызекі стиль ерекшелігін біледі. Оқушылардың көбісі: Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын түсінеді, тақырыбын, стилін, тілін салыстыра алады. Оқушылардың кейбірі: Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін біледі.

 Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту

 Ұлттық құндылықтар

«Мәңгілік ел» құндылығы:

Ұлттық мәдениетті құрметтеу.

Адамгершілік құндылықтары: өзіне және айналадағы адамдарға құрмет көрсету, өзгенің пікірін тыңдау, бағалай білу.

 Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері

 АКТ –ны қолдану дағдылары

Таныстырылым

 Бағалау критерийі

Бағалау критерийі:

Мәтіндердің ерекшелігін айта алады;

Ұқсастығын таба алады;

Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдана алады.

 Тілдік

 міндеттер

Пәндік лексика мен терминология: Тон, ілек тон, оқалы тон, жабағы тон, бүрмелі тон, қаптал тон, жарғақ тон, былғары тон, тұлып тон, шолақ тон, зерлі тон, қырықпа тон, іштік тон.

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5-6 минут

Сәлемдесу. Оқушылар жыл мезгіліне сай киілетін киім суреттерімен 4 топқа топтасады.

Қыстық киім, күздік киім, жаздық киім, көктемде киетін киім

1-тапсырма.Суреттер мен тірек сөздерді пайдаланып, топта 1 минуттық диалог жасайды.

Тон, шапан, бүрмелі көйлек, камзол, бешпент, қазақ халқы, сырт киімдер, жыл мезгілі, мал терісі мен жүні, жабағыдан тігілген, қыстыгүні, күздігүні

Мұғалім үздік шыққан диалогты өзі таңдап, топ алдында тыңдайды.

Мұғалім сұрақ қояды.

Тілдесім формасының қай түрін жүзеге асырдық? Ауызша сөйлеуде не оңайырақ? Бүгінгі сабақта біз не туралы талдаймыз?

Сабақ тақырыбы, мақсатына болжау жасалады. Мұғалім оқушы жауаптарын нақтылай отырып, сабақ тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийін таныстырады.

https://yandex.kz/images/search?text

Ұлттық киімдер

Сабақтың ортасы

5 мин.

20 мин.

5-6 мин

2-тапсырма. Жұпта оқып, 1 минут өзара талқылайды.

Оқушыларға талдауға мүмкіндік беретіндей ауызекі сөйлеу стилінде жазылған мәтіндер беріледі.

Ауызекі сөйлеу стилінің ерекшелігі:

Адамдардың бетпе – бет кездесуі арқылы жүзеге асады;

-сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолданылады;

-сөйлем ықшам құрылады;

-арнайы мәнермен айтылады;

-даярлықсыз өткізілу (сөйлеу)

Стильге тән тілдік тұлғалар (қолданыстар)

-Жергілікті сөздер (диалект, кәсіби сөздер);

-Қарапайым сөздер (ренішке, ұрысуға байланысты сөздер) ;

-Сұраулы, лепті, толымсыз сөйлемдер жиі қолданылады;

-Инверсия ( сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің сақталмауы) жиі кездеседі.

-Көбіне диалог түрінде және эмоциялы болады

Оқылымалды тапсырмасы.Қыстыгүні қандай киімдер киеміз? Сырт киімнің қандай түрлері бар? Тон қандай киім? Оның түрлерін кім біледі?

Сәйкестендіру тесін ауызша орындайды

Тон

лауазымдылық киім, мундир.

Іліктон 

оқа, түйме тағылған, сыйға тартылатын әдемі тон.

Шентон 

қаусырма белдігі бар қымбат та сәнді сырт киім.

Оқалы тон 

иленген қой терісінен, жүнін ішіне қаратып тіккен жылы қалың сырт киім

Қамқа тон

құдалыққа барғанда сыйға тартылатын әдемі тон

Дұрыс жауап слайдтан көрсетіледі.

Тон – иленген қой терісінен, жүнін ішіне қаратып тіккен жылы қалың сырт киім. Іліктон – құдалыққа барғанда сыйға тартылатын әдемі тон.Шентон – лауазымдылық киім, мундир. Оқалы тон – оқа, түйме тағылған, сыйға тартылатын әдемі тон. Қырмызы тон - қыз-келіншектерге арнап қызыл масатыдан тігілген шапан. Қамқа тон- жұмсақ қып иленген қой терісінен тігілген қаусырма белдігі бар қымбат та сәнді сырт киім.

3- оқылым тапсырмасы.

Оқушылар топта мәтінді оқиды.

1-мәтін.

Суық ауа райында, әсіресе, қар мол жауғанда тон кигенге не жетсін, шіркін! Сырт киімнің осы түрі қыз-келіншектердің көңілін көтереді емес пе?!

Осы тұста айтар жаңалық бар. Шымкентте ерекше тондардың жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жәрмеңкедегі тұрғындар пікіріне назар аударайық.

-Шымкенттіктер әдемі киінгенді ұнатады негізі. Тон жәрмеңкесі бүгіннен бастап ашылды. Тонның түрі өте көп әрі бағасы да қолжетімді. Қараңыздаршы, әр тонға 30 пайыз жеңілдіктер қарастырылған.

-Қарағым-ау, зауыттан тікелей жеткізілген сырт киімдердің бағасы нарықтағы өніммен салыстырғанда ап-арзан болады ғой!

-Мәссәған! Көздің жауын алатын әдемі тондарды таңдау қандай қиын! Кеше келіп, көріп кетіп ем, бүгін жаңа киімдер түсті деген соң , тағы да кеп тұрмын. Қарашы, қандай керемет!

Осы орайда “Союз меха” жәрмеңкесінің директоры Жансая Қожахметовамен сұхбаттасқан едік.

-Бұл компания жоғары сапалы өнімдерімен әлемге танымал ғой. Өзіндік тәсілмен тігілген қарақұндыз, түлкі жағалы ішіктер мен тондар, өнімнің түр-түрі осында. Мутон, яғни, австралия қойының терісінен тігілген тондар да сәннен қалмайды. Осыған орай жәрмеңкені 16 ақпанға дейін жалғастырамыз.

2-мәтін. Қызыл көйлек

Айсәуле 5-сыныпта оқиды. Бүгін оған әпкесі жаңа көйлек сатып әкелді. Көйлек болғанда қандай десеңші! Жаңа піскен қызанақтай қып-қызыл! Өзі Айсәулеге шақтап тігілгендей, денесіне қона кетті. Бұған дейін кигендері түсі оңып кеткен, ескі-құсқы бірдемелер болушы еді. Айсәуленің әкесі былтыр көз жұмған, бес баланың жауапкершілігі анасына жүктелген, қайта үлкені Жанар жақында көлік жуу орталығына жұмысқа тұрған...

Айсәуле қуаныштан аяғы жерге тимей жүгіріп құрбысы Нұргүлге барды. Құрбысының көйлегі Нұргүлге қатты ұнап, тамсанып біраз тұрды:

- Түу, көйлегің әдемі екен! Кім әперді?

-Жанар әпкем сатып әкелді. Жап-жаңа көйлек!

Нұргүл үндемеді. Өзінің үстіндегі тозған, ескі көйлегіне қарап жүзін төмен салды. Оның тағдыры да Айсәулеге ұқсас еді. Бұрылып бара жатып, жасқа шыланған көзін сүртті.

Анасы Айсәулеге:

Қыдырғанда киесің әзірге шешіп қой енді кірлетесің ғой деп еді Айсәуле әдемі көйлекті шешуге қимады. Күнде кие бергесін бе, терлегесін бе, әйтеуір, Айсәуленің көйлегі көп ұзамай кірлеп қалды. Анасы жуып, жіпке іліп қойған көйлегінің тез кепкенін күтіп Айсәуле ағаш түбінде отыр еді. Сәлден соң анадай жерде отырған Нұргүлдің сары мысығына көзі түсті.

Менің көйлегімді торуылдап жүрсің бе Бүлдірмексің ғой, ә Қайт үйіңе, кәне, пыш-пыш әрі!- деп мысықты қуалай жөнелді.

1- тапсырмасы

Екі мәтінге салыстырмалы талдау жасайды.

Бағалау критерийі:

Мәтіндердің 4-5 ерекшелігін айта алады;

3 ұқсастығын таба алады;

«Венн» диаграммасы

А мәтінінің ерекшелігін айтады.

Ә мәтінінің ерекшелігін айтады.

Ортақ ерекшелігін анықтайды.

Сөйлеу стилі: ауызекі

Мақсаты: Қарым – қатынас жасау

Жанры: Әңгіме, сұхбат

Тақырыбы:

Тілі: Сөз деңгейінде (диалект, кәсіби, қарапайым, жаргон сөздер, қаратпа, қыстырма, одағай сөздер бар ма?)

Сөйлем деңгейі (сұраулы, лепті сөйлемдер, т.б.)

«Айналмалы бекет» стратегиясы бойынша әр топтан 1 спикер шығып жұмысты басқа топтарға таныстырады. Тыңдаған топ критерий бойынша бағалайды.

Керібайланыс.

Топта әділ бағалау болды ма?

Қай топтың жұмысы толық, түсінікті болды?

Қай топтың жұмысы әлі толықтыруды қажет етеді?

Жалпы қандай ортақ шешімге келеміз?

2- тапсырма.Жеке жұмыс.

Ә мәтініндегі қарамен берілген сөйлемдердің тыныс белгісін дұрыс қойып көшіріп жазыңыз.

Бағалау критерийі:

Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдана алады. (6 тыныс белгіге дейін дұрыс қойылса)

Дұрыс жауаппен тексеріп, өз-өзін бағалайды.

https://kz.otyrar.kz/2017/02/soyuz-mexa-zh%D3%99rme%D2%A3kesi-zhal%D2%93asady/

“СОЮЗ МЕХА” ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖАЛҒАСАДЫ

Жанар Бақыт «Қызыл көйлек» әңгімесі

http://zhanatbakyt.kz/index.php/gimeler/115-yzyl-k-jlek

Сабақтың соңы 5 мин.

«Себет» кері байланысы. Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәлімет алдыңыз ? Алған біліміңді себетке салыңыз.

Қазақтың ұлттық сырт киімдері туралы білдім;

Тон түрлерін білдім;

Ауызекі сөйлеу стиліне тән ерекшеліктерді білдім.

Үйге тапсырма

«Сізге анаңыз ... сатып әперді. Бұл сіз үшін күтпеген жаңалық. ... сізге қатты ұнады.» Алған ... сипаттап шағын әңгіме жазыңыз. 80 сөз.

Бағалау критерийі:

Әңгімеге ат қояды;

Тақырыпқа сай қызықты сюжетке құрылған;

Ауызекі сөйлеу стиліне сай диалогқа ( сұраулы, лепті сөйлем) құрылған;

Одағай, қаратпа, қарапайым, диалект сөздер қолданған;

Толымсыз сөйлемдер бар.

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау

Талқылауды бақылауда оқушылардың жалпы реформаныңмаңызын түсінудің деңгейін бағалау

Пәнаралық байланыс:география

Белсенді оқыту әдістерін қолдану,

Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау,еліміздің патриоты бола білетін,салауатты өмір салтымен жүретін және саналы да білімді оқушыны дайындау

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу