Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ
САБАҚ: | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | |||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||
Сынып: | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||
Бөлім тақырыбы | Мәдениет: тіл және қарым-қатынас | |||
Сабақтың түрі | Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы | |||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | О7 Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу. Энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу. | |||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар
Көптеген оқушылар
Кейбір оқушылар
| |||
Бағалау критерийлері |
| |||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: : айдар, мерзімдік басылым, баспасөз, ақпарат көздері, мақала, мәлімет Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: назарларыңызға ұсынамыз, қабыл алыңыздар, оқырмандардың тілегемен, кезекті жарияланымда, мәліметтерге сүйенсек | |||
Ұлттық құндылықтар | Тіл, ана тілге деген құрмет | |||
Мектеп құндылықтары | Өмір бойына оқу | |||
Осыған дейін меңгерілген білім | Тіл және қарым-қатынас | |||
Жоспар | ||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||
Сабақтың басы 3 мин
5 минут | Ұйымдастыру -оқушылардың сабаққа қатысын тексеру; - сабақ мақсатымен таныстыру; - жетістік критерийін ұсыну
Қызығушылықты ояту Сыныпқа әр түрлі журналдардың мұқабалары таратылады Сұрақтар:
| «Айгөлек», «Балдырған», «Ұлан» газет-журналдарының бірнеше сандары | ||
Сабақтың ортасы 10 минут 4 минут 10 минут 3 минут | Т. Әр топ өз мұқабаларын флипчартқа жабыстырып, коллаж дайындайды, дайын коллаждың сыртындағы суреттер мен тақырыптарға сәйкес журналдарға жарнама жасайды. Бағалау критерийі: 1. Жарнама жасау үшін журналдың сыртындағы оқылымға назар аударады. 2.Эстетикалық талапқа сай коллаж әзірлейді. Ф. «Дауыс беру» тәсілі бойынша топтар бір-біріне баға береді. Яғни әр оқушы дауыс беру жәшігіне өзіне ұнаған, жетістік критерийлеріне сай келетін бір топқа дауыс беріп, жетонын тастайды, соңында жетондарды санап, жеңімпаз анықталады. Сыныпқа әр түрлі газет-журналдар таратылады, танысып шығуға 5 минут беріледі. ЖЖ. 1-жұпқа: Барлық газет-журналдан пайдалы кеңестерді теріп алып, сыныпқа «Пайдалы ақыл-кеңестер» тақырыбында ақпарат беріңіздер. 2-жұпқа: Барлық газет-журналдардан шет, алыс елдер туралы ақпарат жинап, шет елдер туралы таныстырылым әзірлеңіз. 3-жұпқа: Барлық газет-журналдардан танымал тұлғалар туралы ақпарат жинап, бірнеше танымал тұлғаның өнегелі өмірі туралы баяндама дайындаңыз. 4-жұпқа: Барлық газет-журналдардан еліміздің тарихы туралы ақпарат жинап, ел тарихынан сыр шертетіндей таныстырылым дайындаңыз. 5-жұпқа: Барлық газет-журналдардан жас ақындардың поэзиялық шығармаларына сараптау жасаңыз. Жас ақындардың не туралы ой толғайтындарына анализ жасап, ақпарат беріңіз. Бағалау критерийі: - Барлық ұсынылған газет-жуналдардан өзіне қатысты айдары бойынша сұрыптау жұмысын жасайды. Ф. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша жұптағы оқушылар бір-біріне баға береді. | |||
Сабақтың соңы Рефлексия | Кері байланыс. Газет-журналдардың беттерінен ақпарат сұрыптағанда: Қызыл түске – қиын тұстары; Жасыл түске – жеңіл тиген тұстарын; Көк түске – қызықты тұстарын; Сары түске – сіз байқамаған, бейтарап тұстарын; Күлгін түске – газет-жунал сұрыптаудағы ұнапсыз тұстарын Ж А З Ы Ң Ы З. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?