Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Қазақ тілі, 5 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материал

 Соғым

 

 Бүгін Нартайлардың үйінде кішігірім мереке. Соңғы кездері «соғым» деген сөз көп естіліп еді, енді соны көзбен көретін уақыт жетіпті.

 Ертеңгілік шайын ішіп, далаға шығып еді, есік алдында төбедей кер ат байлаулы тұр екен. «Соғым осы болар» деп топшылады. Есік алдына біраз адам жиылып қалыпты. Көбі көршілер, кейбірі əкесінің достары. Жалаңдатып пышақ қайрап, тағы бірдеңелер істеп, əбігер боп жатыр.

 Қастарына барып сəлем берді. Сəлемін алғанмен, аса елемеді. Бар назарлары кер атта. «Жақсы семірген екен» дейді бір-біріне қарап. Осы сөздерден Нартай өз болжамының дұрыс екенін білді. Алғашқы қар жауған. Бірақ күн жылы. Нартайдың атасы жұмысқа көп араласпады. Тек «ананы алай істеңдер, мынаны былай істеңдер» деп соғымшыларға жол-жорық көрсетіп жүр.

 Жылқыны бауыздаған кезде əкесі келіп көзін жауып, көрсетпей қойды. «Неге?» деп сұрап еді, «Бала көруге болмайды» деді. Ары қарай аттың терісін сыпыру басталды. Бұл жұмыс тез-ақ бітті. Пышақтары қылпылдаған жігіттер демде іреп тастады. Енді етті боршалау басталды. Бұл жұмыс үйде атқарылды. Бұзылған ет ішек-қарнымен қосылғанда, алдын ала дайындалған жеке бөлмені алып кетті. Соғым семіз шығыпты. Нартай мұны үлкендердің əңгімесінен білді.

Табан қазы, – деді бір аға бармағын көрсетіп.

– Одан да жоғары, – деді тағы бір аға келіспей. –  Көресің. Аздан соң қазы ішекке сыймай əуре қылады.

 Айтқаны келді. Тоңазысын деп далаға іліп қойған тұтас қабырғаны көтеріп əкеп, тілгенде, қыртысынан майы көп болып, білеуленіп жатты. Ішекке сыймаған соң жұқалап тіліп алып, шұжыққа тықты. Аралықта əжесі келіп «қуырдақ» деп, ет сұрап еді, əкесі алдында жатқан сүйектің етінен кесіп алып берді.

 Əне-міне дегенше қуырдақ та дайын болды. Осы аралықта күн де батып үлгеріпті. Қызу əңгімемен ас ішкен кісілер «Сау болыңыздар?» деп қайта бастады. Дəл осы кезде Нартай бұрын көрмеген тағы бір жоралғыға куə болды.

 Қолүздік, – деді əкесі есікке беттеген соғымшы жігіттерге ет салынған бір-бір қалта ұсынып жатып.

Серік Нұғыман

Қосымша материал

Соғым – қыста сойылуға арналған бағып-күтілген семіз мал [1]

Кер – құла мен кердің аралығындағы жылқы түсі [1]

Іре – сойған малдың не аңның терісін жұдырықпен іреп сылу [1]

Боршала – тұтас етті бұзу, мүшелеп бөлу, тілгілеп жаймалау [1]

Жол-жора – әдет-ғұрып, дағдылы дәстүр, салт [1]

Соғым сою, соғым – қазақ халқының бұрыннан келе жатқан бұлжымас салты. Соғым сою əр жыл сайын қыстың алғашқы айында қайталанып отырады. «Қыс қамын жаз ойлайтын» ел қыстық соғымын ерте ойластыра бастайды. Соятын малды күні бұрын белгілеп, күтімге алады, жем беріп байлайды. Соғымға түйе, жылқы, сиыр сияқты ірі мал сойылады. Соғым сою – мəртебелі, берекелі іс. [2]

Қолүздік – соғым немесе жалпы мал сойысқан адамға үй иесінің сол сойылған малдың етінен шикідей беретін сыбағасы. «Қолүздікті» еліміздің кейбір жерлерінде «қолкесер» деп те атайды. [2]

Қолүздік – соғым сойып берген кісіге еттей берілген ақы; қолақы. [1]

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі Алматы 2008 «Дайк-Пресс» 732., 307-б., 952-б., 138-б., 307-б., 516-б.
  • «Балдырған» журналы, №12

 (Желтоқсан, 2016

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

  • С. Серік Нұғыманның «Соғым» атты әңгімесін оқиды.

Тапсырма №1

  • Түсінбеген сөздерін тақтаға жазады. Соғым, кер бие, іре, боршала, жол-жора, қолүздік деген сөздерге көптеген оқушылар түсінбеуі мүмкін.. Сыныпта ол сөздер туралы білетін оқушылар болса, түсіндіреді. Содан кейін бұл сөздер туралы қосымша дереккөздерден алынған түсінік оқуға беріледі.

Мұғалімнің тарапынан кері байланыс болады.

Тапсырма №2

Т. Берілген кестені «+» таңбасын салу арқылы толтырады.

Мәтіндегі сөздер

Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер

Қос сөздер

Біріккен сөздер

Тіркес сөздер

Бүгін

Соғым

Кер ат

Сәлем берді

Соғымшы

жол-жорық

Ішек-қарын

Табан қазы

Қуырдақ

Сау болыңыздар

Қолүздік

Тапсырма №3

  • ЖЖ. Кестедегі сөздерді әңгіме желісі бойынша қолданып, бір-бірімен сөйлеседі.

Тапсырма №4

Т. Оқушыларға мәтін бойынша құрылған жоспар бөліктері араластырылып беріледі.

Олар мәтіндегі мазмұнға сәйкес жоспар бөліктерін ретімен орналастырады.

Ретімен құрылған жоспар

  • Нартай үйіндегі мереке.
  • Соғымға жиналғандар.
  • Соғымшыларға амандасу.
  • Кер биені сою сәті.
  • Табан қазы
  • Сыбаға беру
  • Ертерек аяқтап тастаған топтарға мәтін мазмұны бойынша басқаша жоспар құру тапсырылады.

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу