Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: 3 | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каменова Ақмарал Тілекқабылқызы мұғалім-модератор | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | Мәдениет: тіл және қарым-қатынас | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Ж1 Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру. ӘТН4.1 Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар
Көптеген оқушылар
Кейбір оқушылар
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, тіркес сөз. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Соғым, соғымшы, кер ат, іре, боршала, қуырдақ, жол-жора, қолүздік. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | «Өнер» пәнімен кіріктіруге болады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұлттық құндылықтар | Халықтың салт-дәстүрі, тіл байлығы оқылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мектеп құндылықтары | Ынтымақтастық: өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқылым дағдысының тапсырмаларына құрылған сөз әдебі туралы мәтінмен жұмыс жасады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 минут | Оқу мақсаты таныстырылады. Т. Слайдтан суреттер көрсетіледі. Қойылған сұрақтар арқылы оқушылар атқа қатысты мәтінмен танысатынын және сөз құрамы туралы тапсырмалар орындайтынын біледі. Тайбурыл Көкдөнен Ардакүрең Қара ат Сұрақтар:
Қара ат деген атаулар туралы не білесіңдер?
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 7 минут 5 минут 5 минут 5 минут 5 минут |
Серік Нұғыман Соғым Бүгін Нартайлардың үйінде кішігірім мереке. Соңғы кездері «соғым» деген сөз көп естіліп еді, енді соны көзбен көретін уақыт жетіпті. Ертеңгілік шайын ішіп, далаға шығып еді, есік алдында төбедей кер ат байлаулы тұр екен. «Соғым осы болар» деп топшылады. Есік алдына біраз адам жиылып қалыпты. Көбі көршілер, кейбірі əкесінің достары. Жалаңдатып пышақ қайрап, тағы бірдеңелер істеп, əбігер боп жатыр. Қастарына барып сəлем берді. Сəлемін алғанмен, аса елемеді. Бар назарлары кер атта. «Жақсы семірген екен» дейді бір-біріне қарап. Осы сөздерден Нартай өз болжамының дұрыс екенін білді. Алғашқы қар жауған. Бірақ күн жылы. Нартайдың атасы жұмысқа көп араласпады. Тек «ананы алай істеңдер, мынаны былай істеңдер» деп соғымшыларға жол-жорық көрсетіп жүр. Жылқыны бауыздаған кезде əкесі келіп көзін жауып, көрсетпей қойды. «Неге?» деп сұрап еді, «Бала көруге болмайды» деді. Ары қарай аттың терісін сыпыру басталды. Бұл жұмыс тез-ақ бітті. Пышақтары қылпылдаған жігіттер демде іреп тастады. Енді етті боршалау басталды. Бұл жұмыс үйде атқарылды. Бұзылған ет ішек-қарнымен қосылғанда, алдын ала дайындалған жеке бөлмені алып кетті. Соғым семіз шығыпты. Нартай мұны үлкендердің əңгімесінен білді. – Табан қазы, – деді бір аға бармағын көрсетіп. – Одан да жоғары, – деді тағы бір аға келіспей. – Көресің. Аздан соң қазы ішекке сыймай əуре қылады. Айтқаны келді. Тоңазысын деп далаға іліп қойған тұтас қабырғаны көтеріп əкеп, тілгенде, қыртысынан майы көп болып, білеуленіп жатты. Ішекке сыймаған соң жұқалап тіліп алып, шұжыққа тықты. Аралықта əжесі келіп «қуырдақ» деп, ет сұрап еді, əкесі алдында жатқан сүйектің етінен кесіп алып берді. Əне-міне дегенше қуырдақ та дайын болды. Осы аралықта күн де батып үлгеріпті. Қызу əңгімемен ас ішкен кісілер «Сау болыңыздар?» деп қайта бастады. Дəл осы кезде Нартай бұрын көрмеген тағы бір жоралғыға куə болды. – Қолүздік, – деді əкесі есікке беттеген соғымшы жігіттерге ет салынған бір-бір қалта ұсынып жатып. Тапсырма №1
Мұғалімнің тарапынан кері байланыс болады. Тапсырма №2 Т. Берілген кестені «+» таңбасын салу арқылы толтырады.
Ф. Әр топ өзінен кейінгі топтың кестелерін тексереді. Келіспейтін тұстарын топ мүшелеріне айтып, бірге талдайды. Мұғалім барлық топтың жұмысын бақылап жүріп, кейбір сөздердің дұрыс жауабын табуға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы көмектеседі. Мысалы, оқушылар «бүгін» деген сөзді шатастыруы мүмкін. «Бұл сөз екі сөзден құралған. Қандай сөз болуы мүмкін?» –деген сияқты сұрақтар қою арқылы оқушыны жетелегені жөн. Ол сөздің біріккен сөз екендігіне оқушылар өз жауаптарымен жетулері керек. Бір топтың жұмысын түгел оқытып, басқа топтарға бағалатуға да болады. Тапсырма №3
Тапсырма №4 Т. Оқушыларға мәтін бойынша құрылған жоспар бөліктері араластырылып беріледі. Олар мәтіндегі мазмұнға сәйкес жоспар бөліктерін ретімен орналастырады. Ретімен құрылған жоспар Кіріспе Нартай үйіндегі мереке. Негізгі бөлім
Қорытынды
| «Балдырған» журналы, №12 Желтоқсан, 2016
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия. 3 минут | «Бағдаршам» әдісі бойынша рефлексия жасайды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?