Сөйлеу тілінің қажеттілігі. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ:

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Койшыбаева Н.О.

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

1-БӨЛІМ: МӘДЕНИЕТ: ТІЛ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Сөйлеу тілінің қажеттілігі

Сабақтың түрі

жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А3 Мәтіннен ақпаратты анықтау

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

мәтін мазмұнын түсінеді;

негізгі және қосымша ақпараттарды ажырата алады.

Көптеген оқушылар

мәтін мазмұнын толық түсінеді;

негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

Кейбір оқушылар

мәтін мазмұнын терең түсінеді;

негізгі және қосымша ақпарат екенін дәлелдей алады.

Бағалау критерийлері

Мәтін мазмұнын толық түсінеді, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: құндылық, аманат, қарым –қатынас, қажеттілік, теріскен

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: сөйлеу арқылы, күнделікті өмір, кеңес беру, басты құрал

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Мектеп құндылықтары

Ынтымақтастық: жақсы қарым-қатынас орнату, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, сындарлы тіл табу, қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлану сынды қасиеттерді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы біліммен байланыстыру:

«АКРОНОМ» әдісі арқылы байланыстырылады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

5-6 минут

Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- сабақ мақсатымен таныстыру;

«АКРОНОМ» әдісі

Оқушылар қасында отырған жұбымен бірге берілген сөзден сабақ тақырыбына қатысты сөйлем немесе мақал\өлең жазады (ауызша орындауға да болады)

Т-

І -

Л -

Мысалы:

Тілді

Ілгерілету үшін

Лауазымды тұлға болудың қажеті жоқ.

Оқушылар өз нұсқаларын сыныпқа таныстырады.

Кері байланыс:

Тапсырманы орындау қаншалықты жеңіл\күрделі? Неліктен?

Келесі қысқартуларды қолданыңыз:

МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық

МЖ = Мұғалім жасаған

ӨД = өзге дерек көздері

Сабақтың ортасы

7-8 минут

1 минут

10 минут

10 минут

С.Тыңдалым алды тапсырма.

Оқушылар шарда берілген 3 тақырыптың бірін таңдап, тыңдалым мәтіні не туралы екенін болжайды. Дәлелдер келтіре отырып, өз ойларын жеткізеді.

Оқушыларға бағалау критерийі мен дескриптор таныстырылады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

оқушы

Мәтін мазмұнын толық түсінеді, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

Негізгі және қосымша ақпараттарды ажыратып жазады

Өз пікірін дәлелдейді

Тыңдалым кезіндегі тапсырма.

https://www.youtube.com/watch?v=Pi-POcnr0bE

Оқушылар дәптерлеріне орындайды:

Ж.Маңыздылық аймағы

Ішкі шеңберге- негізгі ақпараттар

Сыртқы шеңберге- қосымша ақпараттар

ЖЖ.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

«6 Неліктен?» әдісі

Оқушылар өздерінің жазған ақпараттарының негізгі және қосымша ақпарат болатынын дәлелдер келтіре отырып, өзара талқылайды.

Мысалы:

1-оқушы: Сөйлеу тілі арқылы біз күнделікті хабарларды жеткізіп отырамыз – негізгі ақпарат.

2-оқушы: Неліктен бұл негізгі ақпарат бола алады?

1-оқушы: Себебі мәтіннің негізгі айтайын деп тұрған ойы осы сөйлеммен тікелей байланысты.

2-оқушы: Неліктен осы сөйлеммен тікелей байланысты?..

Ф.Мұғалім оқушыларды бақылайды, бағыт береді, журналына комментарий жазады.

С = барлық сынып

Т = топтық жұмыс

ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі

К = мұғалімнің көрсетуі

Ф = формативті бағалау

https://tagul.com/cloud/20

https://www.youtube.com/watch?v=Pi-POcnr0bE

Сабақтың соңы

2-3 минут

Рефлексия:

Ризамын... (өзіңіз орындаған қай жұмысқа ризасыз?)

Ойланамын... (бүгінгі сабақ бойынша не туралы ойланасыз?)

Түзетемін... (бүгінгі орындаған тапсырмаңыз\ сабаққа қатысыңыз бойынша нені түзетесіз?)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу