Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: 9 | Мектеп: | |||||||||||||||||
БӨЛІМ: | Мәдениет: Тіл және қарым-қатынас | |||||||||||||||||
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: | Мәдениет: Тіл және қарым-қатынас | |||||||||||||||||
Күні: | Оқытушының аты-жөні: | |||||||||||||||||
СЫНЫП: 5Т1 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары | Ж2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу. ӘТН5 Пунктуациялық норма: Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану. | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары
| Барлық оқушылар: Тақырыпқа қатысты пікір білдіре алады. Көптеген оқушылар: Тақырыпқа қатысты еркін пікір білдіре алады. Жазылымның жанрлық ерекшелігі мен жүйелілігін сақтайды. Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты дәлелді пікір білдіре алады. Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөзді ажыратады, тыныс белгілерін қолдана алады. | |||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||
Сабақтың түрі | жаңа сабақ | |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: құндылық, аманат, қарым –қатынас, қажеттілік, теріскен Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: сөйлеу арқылы, күнделікті өмір, кеңес беру, басты құрал | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | әдебиет | |||||||||||||||||
Мектеп құндылықтары | Ынтымақтастық: жақсы қарым-қатынас орнату, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, сындарлы тіл табу, қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлану сынды қасиетті қамтиды. Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық: әлеуметтік бейімделу мен салауатты өмір салтын меңзейді. Өз мәдениеті мен тіліне деген құрметпен қатар өзге мәдениет пен тіл, құқ, әдеп және көзқарастарға деген құрмет сезімін білдіреді. | |||||||||||||||||
Алдыңғы білім | тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау. | |||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Жоспарлан ған уақыт | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут 10 минут | Ұйымдастыру бөлімі оқушылардың сабаққа қатысы сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін таныстыру. І тапсырма. С «Бұрыш» әдісі Тіл туралы нақыл сөздердің бірін таңдаңыз және оған қатысты өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Жетелеуші сұрақтар:
Мұғалім сыныптың ортасына ұзын жіпті керіп тұрып, оқушыларға өз таңдауларына қарай екі топқа бөлінуді сұрайды және жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды пікір алмасуға, пікір таластыруға уәждейді. | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут | Мұғалім таныстырылымы: «Төл сөз, төлеу сөз, автор сөздерінің тыныс белгілері» а) төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі б) төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері:
в) мұғалім мысал ретінде жоғарыдағы нақыл сөздерді ұсынып отырады. | тақырыптық таныстырылым | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 15 минут | ІІ тапсырма. Ж Сіз мектеп кітапханасында ұйымдастырылған «Тіл-ұлттық қазына» тақырыбындағы ақын-жазушылармен кездесу кешіне қатыстыңыз. Кештің негізгі қонақтары-Шыңғыс Айтматов, Қадыр Мырзалиев. Шараның жүру барысы мен одан алған әсеріңізді сипаттап, 100 сөз көлемінде досыңызға хат жазыңыз. Жазылым барысында төл және төлеу сөз автор сөздерін қолданыңыз, тыныс белгілерін ескеріңіз. Ұсынылатын тірек сөздер: құндылық, аманат, қарым –қатынас, қажеттілік, сөйлесу арқылы, күнделікті өмір, кеңес беру, басты құрал (өткен сабақтағы тірек сөздер)
| https://www.zharar.com/kz/3977-omirbayan.html
| ||||||||||||||||
5 минут | Оқушы жазбасы жүргізіледі. Үйренгендері туралы ойланады, өзіне қажетті ақпараттарды дәптерге жазып алады (жаңа сөздер, жаңа сөз тіркестері мен жаңа ақпараттар) | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?