Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Қазақ тілі, 5 сынып, дидактикалық материал.


САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Бөлім тақырыбы

Мәдениет: тіл және қарым-қатынас

Сабақтың түрі

Жаңа абақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.

ӘТН2. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу.

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы

Мәтін мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

Оқушылардың кейбірі

Ықпал түрлерін ажырата алады.

Орфоэпиялық заңдылықты сақтап сөйлейді.

Бағалау критерийлері

 

Мәтін мазмұнын түсінеді.

Негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алады.

Ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын түсінеді.

Орфоэпиялық норманы сақтайды.

Тілдік мақсаттар

ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал, сөйлеу әдебі, тыңдай білу әдебі

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Мектеп құндылығы

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: өз мәдениеті мен тіліне құрмет, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

2 минут

Ұйымдастыру

3 минут

10 минут

5 минут

5 минут

12 минут

5 минут

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сабаққа дайындықтарын тексеру.
  • Сабақ мақсатын таныстыру.

«Шаттық шеңбері»

Оқушылар шеңберге тұрады, бәрінің арқасына А4 форматты қағаз жапсырылады. Бәрі оңға бұрылады, арқасын беріп тұрған оқушының парағына өзінің тілегін сурет арқылы білдіреді.

«Мағынаны таны»

ЖЖ

Мұғалім оқушыларға төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін береді:

Ашса, қара қой, Есенкелді, жас бала, тарағы, жанбады, сөз жоқ, Бесжан, мен келдім, дос жаран.

Бірдей сөз алған оқушылар жұптасады.

Сөздерді дауыстап оқиды, қандай өзгеріс байқап тұрғандарын айтады.

Оқушылар байқаған өзгешеліктерін жұппен талқылайды, өз ережелерін ұсынады. Талқылауда төмендегі сұрақтарды басшылыққа алады:

  • Айтылуы мен жазылуынан қандай өзгешелік байқадыңыздар?
  • Қай дыбыс өзгеріске ұшырап тұр?
  • Дыбыстардың өзгеруіне не себеп болуы мүмкін.

Оқушылар жауабы тыңдалғаннан кейін мұғалім ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдар туралы ережені түсіндіреді.

Т

Жұптағы оқушылар қолдарындағы сөздердің ықпал түріне қарай топтасады.

Топтарға «Сөйлеу мәдениеті» тақырыбындағы мәтін таратылады.

Мәтінді түсініп оқып, топпен талқылайды.

Т

Тапсырма.

1. Жылқының 4 аяғына мәтіндегі өзгеріске ұшырап тұрған сөздерді бөліп жазыңыздар.

2. Жылқының басына мәтіндегі маңызды ақпаратты қысқаша жазыңыздар.

3. Жылқының ішкі құрылысына мәтіндегі қосымша ақпаратты жазыңыздар.

4. Жылқының құйрығына мәтін бойынша қорытынды жазыңыздар. Қорытынды жазуда өзгеріске ұшыраған сөздерді қолданыңыздар.

Топтар өз жұмыстарын қорғайды, қорғау барысында сөздерді орфоэпиялық нормаға сай айту керектігі ескертіледі.

Топтар бір-бірін критерийге сай бағалап, комментарий жазып отырады.

Критерий

1-топ

2-топ

3-топ

Мәтін мазмұнын түсінеді

Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

Сөздерді орфоэпиялық нормаға сай дұрыс айтады.

Ж.

Берілген сөздерді дыбысталудағы ерекшеліктеріне байланысты 3 бағанға бөліп жазыңыз. Әр бағаннан 1 сөз таңдап, сөйлем құрап айтыңыз.

Көк өрік, жұмысшы, Тілеуқабыл, Досжан, тас жүрек, Қазанқап, Ақбала, Жеңісбек, Меңдіқұл, көзқарас, қосшы, көкжал, сөзшең, жұлдызша.

Ілгерінді ықпал

Кейінді ықпал

Тоғыспалы ықпал

Бағалау критерийі

Дескриптор

Ұпай

Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ықпал түрлерін ажыратады

Ілгерінді ықпалды ажыратады

Кейінді ықпалды ажыратады

Тоғыспалы ықпалды ажыратады

Ықпал заңдылықтарына сәйкес айта алады

Сөздерді айтылуы бойынша дұрыс айтады

Слайд

слайд

Сабақтың соңы

Рефлексия

3 мин

«Бес саусақ»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу