Астана-болашақтың қаласы. Үстеу. Қазақ тілі, 4 сынып, презентация. 121 сабақ
Қазақ тілі4 -сынып
8 -бөлім 121-сабақ
Болашаққа саяхат.
Үстеу
Бағалау критерийлері:
Тыңдаған мәтіннің мазмұнына қарай баяндайды
Үстеудің мағынасына қарай ажыратады
Шаттық шеңбер
Ашық менің жүрегім
Ылғи күліп жүремін.
Бірге ойнап бір жүрер
Достарым көп, білемін!
Ой қозғау
Ұ.Ж «Микрафон» әдісі
-Сендер қай жылы мектеп табалдырығын аттадыңдар? Осы уақытқа дейін сендер қандай болдыңдар?
- Содан бері қандай өзгерістер болды?
-Сендер 8-10 жылдан кейін қанша жаста боласыңдар?
- Болашақта сен өзіңді қалай елестетесің?
Ұ.Ж «Салыстыр» әдісі Бейне жазбаны көру. «Астананың тарихы» туралы бейнежазбаны көрсету.
Бейнежазбадан Астананың бұрыңғы және қазіргі кезеңін салыстыру арқылы өз ойларын айтқызу.
Т.Ж 1-жаттығу
1-топ Мәтінді тізбектеп оқыту
2-топ Тыңдаған мәтін бойынша өз пікіріңді айт
-Мәтін не туралы?
-Мәтінді тыңдау барысында көңіліңе қандай сезім ұялады?
-Астананы неліктен болашақтың қаласы дейді?
3-топ Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді оқы және олардың мағынасына назар аудар
(Азғана,бұрынғы,жаңаша,алда)
2-жаттығу Ж.Ж «Ойлан,тап» әдісі
Сөздерді оқы. Бұл сөздерді етістіктермен тіркестіріп жаз, оларға сұрақ қой. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанына назар аудар.
Былтыр, күндіз, төмен, кенеттен, алда, жорта, жоғары.
Ереже:
Іс-әрекеттің мезгілін,мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табын үстеу дейміз.Үстеулер қашан? қайда?қалай? деген сұрақтарға жауап береді: Жүрдек пойызбен Астанаға тез келдік.Түнде қала көшелері жап-жарық.Биыл Астананың 20 жылдық мерейтойы болды.
3-жаттығу (Ж.Ж) «Кім тапқыр» әдісі
Жұптаса отырып ребусты шеш.Шешуіндегі үстеулерді қатыстырып сөлем құра.
4-жаттығу (Т.Ж)
1-топ «Сәйкесін тап» әдісі
Үстеудің мағыналық түрлерін тиісті сөздерімен сәйкестендір.
2-топ
Жұмбақты көшіріп жаз, шешуін тап. Үстеулерді тауып, үстеу екенін дәлелде.
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді.
3-топ «Себеттегі асыл сөз» әдісі
Үш себеттің әрбірінің ішінде атына сәйкес келмейтін үстеулер кездеседі. Соларды өз себетіне сал.Сөздеді көркем жаз
1-себет: «Мезгіл үстеу»шапшаң, кеше, былтыр
2-себет: «Мекен үстеу» қазір, алда, ескіше
3-себет: «Қимыл-сын үстеу» қазақша, жоғары, төмен, ақырын
Рефлексия
Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:
Жасыл түс-сабақтан жаңа идеялар байқадым
Сары түс-жаңа сабаққа көңілім толды
Қызыл түс-бүгінгі сабақ сезіміне ерекше әсер етті
Үйге тапсырма:
Мезгіл,мекен, сын-қимыл үстеуге қатыстырып үш сөйлем жазып келу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?