Астана-болашақтың қаласы. Үстеу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 121 сабақ


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Каниева Нургуль Абилакимовна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Астана-болашақтың қаласы.

Үстеу

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту

4.4.2.5 үстеуді мағынасына қарай ажырату, етістікпен байланыстырып, сөйлемде қолдану

4.3.6.1 - каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру

4.2.3.1 - мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Мәтіннің мазмұнын негізігі мағынасына қарай айтады

Үстуді ажыратады

Сөздердің мағынасына қарай сұрақ құрастырады

Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады

Оқушылардың көпшілігі:

Тыңдалған материал бойынша өз ойын айтады

Үстеуді қолдану мағынасын түсіндіреді.

Әр сөзді қатесіз каллиграфиялық талапқа сай жазады

Оқушылардың кейбірі:

Мәтіннің негізігі мағынасына қарай мысал келтіре айтады

Сөздердің байланысына мән бере отырып үстеуді қолданып сөз тіркестерін жазады

Жазу техникасын сақтай отырып жазады

Бағалау критерийлері

  • Тыңдаған мәтіннің мазмұнына қарай баяндайды
  • Үстеудің мағынасына қарай ажыратады

Дағдыларды дамыту

Түсіну, қолдану, жинақтау.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Үстеу

Азғана, бұрынша, жаңаша

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

-Сендер қай жылы мектеп табалдырығын аттадыңдар? Осы уақытқа дейін сендер қандай болдыңдар?

- Содан бері қандай өзгерістер болды?

-Сендер 8-10 жылдан кейін қанша жаста боласыңдар?

- Болашақта сен өзіңді қалай елестетесің?

-Мәтін не туралы?

-Мәтінді тыңдау барысында көңіліңе қандай сезім ұялады?

-Астананы неліктен болашақтың қаласы дейді?

Құндылықтар

өз елінің ерекшеліктерін танып, құрметтеуге баулу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба арқылы қаланың бұрыңғы және қазіргі кезеңін талдау арқылы тыңдалым, айтылым дағдысын арттыру

Бастапқы білім

Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу арқылы ақпараттарды түрлі дереккөздерден алу, ондағы негізгі ойды анықтау дағдысы бар. Тірек сөздер мен жоспар арқылы мәтін құрастыра алады. Мәтінді түріне, жанрына, стиліне қарай ажыратып, монолог, хабарлама, жарнама, эссе т.б. жазады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбер

Ашық менің жүрегім

Ылғи күліп жүремін.

Бірге ойнап бір жүрер

Достарым көп, білемін!

Ой қозғау

Ұ.Ж «Микрафон» әдісі

Мақсаты: сұрақтарды қоя отырып, оқушыларға «Болашаққа саяхат» тақырыбын ашу үшін қолданылады.

-Сендер қай жылы мектеп табалдырығын аттадыңдар? Осы уақытқа дейін сендер қандай болдыңдар?

- Содан бері қандай өзгерістер болды?

-Сендер 8-10 жылдан кейін қанша жаста боласыңдар?

- Болашақта сен өзіңді қалай елестетесің?

- Болашақта сенің түр пішінің қалай өзгереді? Сенің үстіңде қандай киім болуы мүмкін?

- Сен қандай көлікпен жүресің? Сен тұратын үй қандай болуы мүмкін?

- Болашақта кім болуды армандайсың?

- Болашағың кемелді болу үшін не істейсің?

«Мозайка» әдісі Суреттерді біріктіру арқылы 3 топқа біріктіріп аламын.

Оқу жоспары 4-сынып Қазақ тілі 121-бет

Сабақтың ортасы

30 минут

4.1.1.1 Ұ.Ж «Салыстыр» әдісі Бейне жазбаны көру. «Астананың тарихы» туралы бейнежазбаны көрсету.

Бейнежазбадан Астананың бұрыңғы және қазіргі кезеңін салыстыру арқылы өз ойларын айтқызу.

Дескриптор:

-Астананы салыстырады

-өз ойларын айтады

Қ.Б: Мадақтау арқылы ынталандыру

4.1.1.1 , 4.2.3.1 Т1-жаттығу

1-топ Мәтінді тізбектеп оқыту

2-топ Тыңдаған мәтін бойынша өз пікіріңді айт

-Мәтін не туралы?

-Мәтінді тыңдау барысында көңіліңе қандай сезім ұялады?

-Астананы неліктен болашақтың қаласы дейді?

3-топ Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді оқы және олардың мағынасына назар аудар

(Азғана,бұрынғы,жаңаша,алда)

Дескриптор:

-мәтінді оқиды

-мәтін туралы өз ойын айтады

-қарамен жазылған сөздерді оқып,мағынасын түсіндіреді

Қ.б. топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды

4.2.3.1 2-жаттығу Ж.Ж «Ойлан,тап» әдісі

Сөздерді оқы. Бұл сөздерді етістіктермен тіркестіріп жаз, оларға сұрақ қой. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанына назар аудар.

Былтыр, күндіз, төмен, кенеттен, алда, жорта, жоғары.

Дескриптор:

-сөздерді оқиды

-етістіктерді үстеумен тіркестіріп жазады

Қ.Б: жұлдызша арқылы бағалау

Ереже:

Іс-әрекеттің мезгілін,мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табын үстеу дейміз.Үстеулер қашан? қайда?қалай? деген сұрақтарға жауап береді: Жүрдек пойызбен Астанаға тез келдік.Түнде қала көшелері жап-жарық.Биыл Астананың 20 жылдық мерейтойы болды.

3-жаттығу (Ж.Ж) «Кім тапқыр» әдісі

Жұптаса отырып ребусты шеш.Шешуіндегі үстеулерді қатыстырып сөлем құра.

Дескриптор:

-ребусты шешеді

-шешуіндегі үстеуден сөйлем құрастырады

Қ.Б: жұптар бір бас бармақ әдісі арқылы бағалау

4-жаттығу (Т.Ж)

1-топ «Сәйкесін тап» әдісі

Үстеудің мағыналық түрлерін тиісті сөздерімен сәйкестендір.

Мезгіл (қашан?)

Мекен(қайда?)

Сын-қимыл (қалай?)

Төменде,жоғары,алға,артта,сыртта

Тал түсте, күндіз-түні, ертең, бүгін, күні бойы

Ақырын, тез, әрең, етпетінен, жаңаша

2-топ

Жұмбақты көшіріп жаз, шешуін тап. Үстеулерді тауып, үстеу екенін дәлелде.

Күндіз білінбейді,

Түнде күлімдейді.

Дәллдеу үлгісі: іс-әрекеттің мезгілін

(мекенін,сын-қимылын)

Бұл-үстеу, білдіреді

өйткені

қашан? (қалай?қайда?)

сұрағына жауап береді.

3-топ «Себеттегі асыл сөз» әдісі

Үш себеттің әрбірінің ішінде атына сәйкес келмейтін үстеулер кездеседі. Соларды өз себетіне сал.Сөздеді көркем жаз

1-себет: «Мезгіл үстеу» шапшаң, кеше, былтыр

2-себет: «Мекен үстеу» қазір, алда, ескіше

3-себет: «Қимыл-сын үстеу» қазақша, жоғары, төмен, ақырын

Дескриптор:

-үстеуді мағынасына қарай сәйкестендіреді

-жұмбақтың шешуін табады

-үстеу екенін дәлелдейді

-сәйкес келмейтін үстеуді анықтайды

Қ.Б:топтар бір-бірін «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалайды

https://www.youtube.com/watch?v=Vm3VcZ2_IeQ

Оқулық 105-бет

Оқулық 105-бет

Оқулық 106-бет

Оқулық 107-бет

Сабақтың соңы

5минут

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:

Жасыл түс-сабақтан жаңа идеялар байқадым

Сары түс-жаңа сабаққа көңілім толды

Қызыл түс-бүгінгі сабақ сезіміне ерекше әсер етті

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу