Үстеу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 123 сабақ


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Каниева Нургуль Абилакимовна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Үстеу

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.3.1 - мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

4.4.2.5 - үстеуді мағынасына қарай ажырату, етістікпен байланыстырып, сөйлемде қолдану

4.3.5.1 стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету, жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Мәтін мазмұнына қарай сұрақтар құрастырады.Қателерді табады. Үстеулерді ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі:

Үстеулерді ажыратады және сөйлем құрауда қолданады

Оқушылардың кейбірі:

Сөйлемдегі қателерді тауып, сөйлемдерді түзетіп жазады.

Бағалау критерийлері

  • Үстеуді анықтауға сұрақтар құрастырады және жауап береді
  • Үстеуді мағынасына қарай ажыратады және етістікпен байланыстырып сөйлем құрастырады
  • Қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзетеді

Дағдыларды дамыту

Түсіну, қолдану, жинақтау.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Жоғары, ілгері,

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Құндылықтар

өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарау;

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім

Үстеуді мағынасына қарай ажыратады

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбер

Бақыт деген-

Осы шаттық шеңбері

Қол ұстасып

Тұрайықшы , кел бері.

Бақыт деген-

Көрмей қалса сағынып,

Мені іздейтін

Адал жүрек сендегі.

1,2,3 саныны ретімен санай отырып үш топқа біріктіру

Сабақтың ортасы

32 минут

4.2.3.1 Ж.Ж «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі

12-жаттығу

Өлеңді тиісті тыныс белгісімен толықтырып жаз.Үстеуді тап, оған сұрақ қой.

Елордам менің - Астана,

Осында жаңа бастама.

Сәулетті, зәулім үйлер көп,

Көрікті сондай жас қала

Дескриптор:

-тиісті тыныс белгісін анықтайды

-үстеуді табады

-үстеуге сұрақ қояды

Қ.Б: жұптар бір-біріне бас бармақ әдісін қолданады

Ереже:

Қайда? сұрағына жауап болатын үстеулерді мекен үстеулері дейді:жоғары көтерілді, ілгері жүрді.

4.4.2.5 Ұ.Ж «Сөзден-сөйлем» әдісі

13-жаттығу

Берілген үстеулерді қатыстырып сөйлем құра.

Алға, ілгері, төмен, артта.

Дескриптор:

-үстеулерді қолданады

-сөйлем құрайды

Қ.Б: мадақтау , ынталандыру сөздерін қолдану

4.4.2.5 Т.Ж

1-топ 14-жаттығу «Түсіп қалаған сөз» әдісі

Көп нүктенің орнына мекен үстеулерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Керекті сөздер: тысқары, жолшыбай, мұнда.

Айбар Астанада. Оның ... келгеніне көп болған жоқ. Туған жердің қадірін ... жүргенде білерсің. Біз ... кітап дүкеніне кірдік.

2-топ: 16-жаттығу «Топтастыр» әдісі

Үстеулерді оқы. Осы үстеулерді білдіретін мағыналарына қарай топтап жаз.

3-топ: 18-жаттығу «Суреттерді сөйлет» әдісі

Суреттердегі зат атауларының алғашқы әріптерінен мақал құрап оқы.

Дескриптор:

-керекті сөздерді қолданады

-сөйлемдерді көшіріп жазады

-үстеулерді оқиды

-мағыналарына қарай топтайды

-суреттерді анықтайды

-алғашқы әріптерді қолданады

-мақал құрап оқиды

Қ.Б:топтар бір-бірін бағдаршам әдісін қолданады

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі

- Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

Ереже:

Қалай? сұрағына жауап болатын үстеулерді сын-қимыл үстеулері дейді: тез оқиды, ақырын сөйлейді.

4.3.5.1 , 4.2.3.1, 4.4.2.5 Ж.Ж «Қатесін тап» әдісі

15-жаттығу

Сөйлемдерді қатесін түзеп жаз, үстеулерді тап. Үстеулерге сұрақ қойып, мағынасын анықта. Қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

Ербол төрде қаннен-ғаперсіз кітаб оқып отыр. Оқушылар гезек-гезек тақпақ айтты. Арай ағылшынша жақсы біледі.

Дескриптор:

Барлығы:-қатесін түзеп, үстеулерді табады

Көпшілігі:-үстеулерге сұрақ қояды

Кейбірі: - сөздің мағынасын анықтайды

-байланысып тұрған сөзді айтады

Саралау : «Дереккөздер» тәсілі Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым

қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып

отырады.

Қ.Б: мадақтау , ынталандыру сөздерін қолдану

4.4.2.5 Ж.Ж «Еркін жазу» әдісі

17-жаттығу

Өлеңді оқып, жатқа жаз. Сын-қимыл үстеуін тап.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуден балаға.

Дескриптор:

-өлеңді оқиды

-жатқа жазады

-сын-қимыл үстеуді табады

Қ.Б:жұлдызша әдісін қолдану

Оқулық 109-бет

Оқулық 111-бет

Оқулық

112-бет

Сабақтың соңы

5минут

Рефлексия

«Табыс сатысы» әдісі

Сатының 1-ші баспалдағы

*Мен......... білемін*

2-ші баспалдағы

*Мен .........түсінемін*

3-ші баспалдағы

*Мен..........жасай аламын*

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу