Мәңгілік елдің болашағы. Шылау. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 126 сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Бөлім: Болашаққа саяхат Сынып: 4 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | 126-сабақ Мәңгілік елдің болашағы. Шылау | |||||
Оқу мақсаттары | 4.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 4.3.3.1* оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама/тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастарады, эссе жазуда тірек сөздерді қолданады. Көпшілік оқушылар: шығарма мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады, эссе жазады. Кейбір оқушылар: Шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады және оған қорытынды жасай отырып жауап береді, эссе жазу барысында өз ойын дәлелмен жеткізеді. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Адамгершілікке, ізеттілікке баулу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Алдыңғы білімді игеру | Сұрақтар құрастыра алады, шылау сөздер туралы білімдерін қайталайды. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | (МК, Ұ) «Суретті әңгімеле» әдісімен ширату. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айту. Бағалау критерийлерімен таныстыру . | Слайд №1-3 1-қосымша | ||||
Сабақтың ортасы 30 минут
| (Ж;Т, МК) Мәтінмен жұмыс. 31-жаттығу. 1.Мәтінді оқу. 2.Неге? Неліктен? Сұрақтарын қолданып, мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1сұрақ құрастыру. Жұпта өзара сұрақтарды жетілдіру. Топта сұрақтарды өзара талқылап, топ сұрақтарының тізбесін әзірлеу. «Қарлы кесек»әдісі, топтар өзара сұрақтарға жауап жазады. Өзара құрастырылған сұрақтарды бағалайды. Маған ең ұнаған сұрақ, себебі... Менің ұсынысым, осы сұрақты әлі де ... осылай жетілдіруге болады. Ал сендер қалай ойлайсыңдар? -Мәтін мазмұнына өз пікірлеріңді білдіріңдер. -Қай топтың пікірі нақтырақ болды? 3. Мәтінде кездескен жаңа сөздердіңмағынасын сөздіктен қарау. қонақжайлылық - 4. Мәтіннің соңғы сөйлемін көшіріп жазып, шылау сөздерді табу. Дескриптор - пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастыра алады; - сұрақтарға жауап жазады; -өз пікірлерін ортаға салады; - сөйлемнен шылау сөздерді табады. ҚБ «Жұлдызша» Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату.
(Ө) Оқыған мәтін бойынша тірек сөздерді пайдаланып «Мәңгілік ел болашағы»тақырыбына эссе жаз. Тірек сөздер: Мәңгілік ел, ата – баба арманы, болу, мұратымыз, аға ұрпақ өкілдері, күш, бірлікте, тіл, салт -дәстүр, кейінгі буын, сақтау, болашақ Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар белгілі уақытта бірнеше сөйлемдер жазуы мүмкін. Оларға тапсырманы орындауға қосымша уақыт беріледі. Дескриптор:
Оқушылар «Ыстық орындық» әдісі арқылы топ алдында өз жұмысын оқиды. ҚБ. «Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздері арқылы ынталандыру. Ереже. Оқушылардың назарын жазылған сөйлемдерге аудартып, не байқағанын сұрау арқылы ережені шығарып алу. Құлын мен тай жарысты. Құлын таймен жарысты. Атам мен әжем бірге келді. Атам әжеммен бірге келді. Қосымша сөзбен бірге жазылады, шылау бөлек жазылады. 34-жаттығу. «Еркін жазу» әдісі. (ЖЖ) Өлең жолдарын оқып, жатқа жаз. Шылаудың астын сыз. Жұрнақтарды тиісті белгімен белгіле. Дескриптор:
Б. Жұптардың бірін – бірі бағалауы. | Оқулық 116-117 беттер 2-қосымша Слайд №4 3-қосымша Слайд №5 4-қосымша 5-қосымша | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | «Бес саусақ» әдісі 1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды? 2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым? 3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? 4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? 5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім | |||||
Саралау Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар эссе жазуда қосымша уақыт беруге болады және мұғалім қолдау көрсетеді.
| Бағалау «Жұлдызша» әдісі «Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,«Керемет!» өздерімен мадақтау арқылы бағалау Дескриптор
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?