Ғарыш тақырыбы бойынша өз таңдауымен шағын шығарма жазу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі және әдебиет | Мектеп: | |||||||
Күні: | Бөлім: 7-Бөлім: Ғарышқа саяхат | Мұғалім: | ||||||
Сынып: 4 Сабақ саны: 1 | Оқушылар саны: ______ | Келмегендер: ___ | ||||||
Сабақ тақырыбы: | Ғарыш тақырыбы бойынша өз таңдауымен шағын шығарма жазу | |||||||
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары: | 4.3.5.1 шығарма кейіпкеріне хат/ертегі (кейіпкер қосу, оқиғалар енгізу...)/ өлең (төрт жолды)/ юморлық әңгіме жазу 4.4.2.5 үстеуді мағынасына қарай ажырату, етістікпен байланыстырып сөйлемде қолдану | |||||||
Сабақ мақсаты: | Тақырып бойынша өлең құрастырады, шығарма кейіпкеріне хат жазады. Үстеуді ажыратады, етістікпен байланыстырып сөйлемде қолданады. | |||||||
Бағалау критерийлері: | Кейіпкерге хат жазып, тақырып бойынша өлең құрастырады. Түбірге жұрнақ пен жалғау жағлау арқылы туынды сөздер жасап, түбірлес сөздердің мағынасын ашады. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек пен шығармашылық, өмір бойы білім алу/ жаһанды азамттылық, көпұлттылық | |||||||
АКТ қолдану | Ақпараттық мәтіндер, жаңа сөздер, тыңдалым бейнебаян. | |||||||
Пәнаралық байланыс | Ғылымға кіріспе | |||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Табиғи құбылыстар бөлімі | |||||||
Жоспарланған уақыт | Іс-шаралар | Ресурстар | ||||||
0-8 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындалғанын тексеру. ІІ. Өткенді қайталау. «Аукцион» оқыта үйрету ойыны. Мына конверттің ішінде өткен тақырып бойынша сұрақтар бар. Қазір сол сұрақтар сатылады. Кім көп жауап беріп, көп фишка жинаса, сол ұтады.1.Орбита деп нені айтамыз?2.Қай ғаламшар күнге ең жақын орналасқан ?3. Өзінен жарық шығармайтын салқын денені не дейді?4.Ғаламшарлардың жылтырауының себебі неде?5. Планета сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны береді?6. Ғаламшардың пішіні қандай?7. Ғаламшарлар аспан әлемінде қандай әрекет жасайды?8. Ғаламшарлар нені айналып қозғалады? ІІІ. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Жаңылтпашты жаңылмай айту.Ғарышкер ұшты ғарышқа. Ғарышқа ұшты ғарышкер. Айтшы, ғарыш алыс па? Берілген сөйлемдерден Қашан? Қайда? Қалай? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазу. Мен бүгін ауылға жүремін. Жолаушылар ілгері жүріп кетті. Қарлығаш төмен ұшса, жаңбыр жауады. Үсен әдейі үндемеді. Айдын айтқанды тез ұғады. Бүгін, ілгері, төмен, әдейі, тез – үстеулер. Үстеудің ережесін шығару. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. | Презентация Сұрақтар Жаңылтпаш Сөйлемдер Ереже | ||||||
8-12 мин 12-20 мин 20-35 мин | ІҮ.Негізгі бөлім
Ғарышкерлердің суреті беріледі. Оқушылар олардың ғарышқа ұшуы бойынша ретімен орналастырады. Жұпта бұл ғарышкерлер туралы не білетіндерін айтады. Ребусты шешіп,сол сөздермен ғарышкерлер туралы сөйлемдер құрастырып жазу. (қазір, алда)
Сергіту сәті Тоқтар ұшты ғарышқа, Талғат болды ғарышта. Таңғалдырып қазағым, Тағы ұшса ғой Марсқа. – дегендей ғарышқа ұшқанның соңғысы Юрий Гагарин емес, одан кейін 30 жыл өткен соң 1991 жылы қазан айының 2 – сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш төріне самғады. Ал екінші рет Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994 жылы барып қайтты. Одан кейін 1998 және 2001 жылдары 2 рет барып, зерттеу жұмыстарымен айналысты. Тапсырма. 4 топқа тапсырма беру. І – топ.«Байқоңыр» туралы өлең құрастыру. ІІ – топ. Мәтінді жалғастыр.Асқар түнгі аспанға қарағанды жақсы көретін. Ол 9 қабатты үйдің 9 қабатында тұрады. Сондықтан терезеден түнгі аспанға қарауға оған өте ыңғайлы. Бір күні түнгі аспанды тамашалап отырғанда ... ІІІ – топ. Ғарышкерлерге хат жазу. ІҮ - топ: «Ғарышкер» тақырыбына өлең құрастыру. Топтар өзара жұмыстарын бағалайды. Дескриптор:
Жаттығу жұмыстар. 11-жаттығу 158-бет Тиісті (түнде, күндіз) үстеуді қойып, жұмбақты көшіріп жазу. Шешуін табу. ........ тіпті ұшпайды,......... тышқан ұстайды.Көзі шамға ұқсайды. (Үкі) | Презентация Үстеудің түрлері Ребус Қазақ тілі оқулығы 4 сынып Атамұра | ||||||
35-38 мин 38-40 мин | Сабақты бекіту. «Бір сөйлемде барлығын айтып беру» Оқушылардан оқытылған тақырып бойынша «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін бір-ақ сөйлем құруларын ұсынады. Әр бала өз тілектерін жазып салады «Сөйлемді аяқта»
Үй жұмысы: Мәтіннен үстеулерді табу. Планетаның Күн төңірегіндегі жолы орбита деп аталады (латынша – із, жол). Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, одан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең қашықтығы Плутон. Олардың өлшемі де түрліше – жерден үлкен, кішісі, сонымен шамаластары бар. Планета – өзінен жарық шығармайтын салқын дене. Дегенмен, түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Олай көрінетін себебі: планетаның бетіне күннен түскен сәуленің шағылысуына байланысты екен. Планета – «кезбе жұлдыз» деген мағынаны беретін грек сөзі. Жұлдыздар сияқты планеталар да белгілі бір орында тұрмайды, үздіксіз қозғалып аспан әлемінде жүреді. Себебі олар күнді айнала қозғалады | |||||||
Қосымша мәлімет | ||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Қабілеті жоғары оқушыларға мәтінде қыстырма сөздерді қолдануы қажет. | Өлең/мәтін/хат жазады. | Қоршаған орта туралы ғаламдық мәселелерді қарастыру, НЗМ құндылықтарын дамыту | ||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | ||||||||
Қорытынды бағалау: Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім? 1: 2: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?