Әңгіме жазу. Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал.


Тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.

Ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады.

Қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен Тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. 

Көзге елестету өнері — әдебиеттің өмір шындығын қиял тұрғысында әсірелеп бейнелейтін жанры.

  Осы ғасыр басталған кезде біздің жерлік бір топ ғалым «Балықтар» шоқжұлдызына құпия түрде аттанып, бір-екі жылдан кейін қайта оралған-тұғын. Іс-сапармен кеткен он ғалымның бірде-бірі сапар туралы тіс жарып айтқандығы туралы естіген емеспін. Ол – ұлттық құпия болып саналып, оны білуге талпынғандардың бәрі жұмбақ жағдайда қаза тапты. Сол зертеуге қатысқандардың екеуі ақыл-есінен толықтай айрылып, ақыр соңында қаза тапты. Біреуі іс-түссіз жоғалып кетті. Мен өз пікіріме күмәнсіз сенетінім де осында. Олар «уақыт машинасын» жасаған және оны білуге талпынғандар мен байқаусызда кез болғандарды өткен уақытқа аттандырып отырған. Айтпақшы, сен де сол сапарға қатысқан онның бірі емессің бе? – деп көзі шарасынан шыға жаздаған ол шығар есікке тұра ұмтылды.

« Патшаның даналығы»

Бір дана патша өмір сүріпті. Оған оның ұлы бір күні, әке сені елдің бәрі дана, көрегені көп, ақылды деп сыйлайды, сен осы сол даналықты қайдан оқып білдің, қандай кітаптар оқыдың,сені қандай мұғалімдер оқытты,-деп сұрақ қояды.

Сонда әкесі:

* Ұлым мен ел оқыған, сен де оқып жүрген кітапты оқыдым. Менің де ұстаздарым сен білім алып жүрген ұстаздар болды. Бірақ ел айтып жүрген парасаттылық, ақалдылықты тек олардан ғана емес өмірден, табиғаттан да алдым.

Құмырсқаларды байқап жүріп,олардың еңбекқорлығына, шыдамдылығына, қайтсе де алдыға қойған мақсатқа жетудегі талпыныстарына қызықтым. Бүркітке қарап байқағыштыққа, тез шешім қабылдай алушылыққа үйрендім. Барыстан — ептілік пен шыдамдылықты. Бөдене құсқа қарап сүйіспеншілікке, қоршаған адамдарына жанашырлық көрсетуге. Нағыз даналық пен ақылдылық әр кезде біздің қасымызда жүреді. Тек адамның көзі, құлағы, жүрегінің есігі оған ашық болуы керек.

Жау келгенін білген соң,Бұл әскерді көрген соң,Сары ала туы салбырап,Сауытының шашағыТұс-тұсына саудырап,Қабағынан қар жауып,Кірпігіне мұз қатып,Томаға көзді Тарланды Жауға қарай тебініп,Жалмауыздай емініп,Толып жатқан әскерге Келді Тарғын желігіп.Алты құлаш ала атпен,Үсті толған болатпен,Сайдан шыққан қолатпен,Көңілін тоқсан бөледіБұ да айтулы ер еді,Келе жатқан Тарғынды,Сонадайдан байқап көреді.Қалмақ-дағы болмаған,Домбауыл деген бір жайсаң,Жекпе-жекке Тарғынға,Соғысуға келеді.

Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жиып: —     Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? — депті. Жиналған халық көп дағдарып:                           

   Үш арсыз; ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.                              Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып,— деп шешіпті. Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты. Сонда Жәнібек хан: —     Елде келмеген кім қалды? — деп сұрапты. —     Келмеген Қарабас шешен қалды,— депті халық. Жәнібек Қарабасты шақыртып алып әлгі сөздің шешуін содан сұрапты. Сонда Қарабас:—Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой! — депті де:                                Оты жоқ жер жетім,                                Басшысы жоқ ел жетім.                                Елінен ауған ер жетім,                                Тыңдаусыз сөз жетім,                                Жоқтаусыз қыз жетім,— дейді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу