Ғарышқа сапарды қиялдау. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі және әдебиет

Мектеп:

Күні:

Бөлім: 7-Бөлім: Ғарышқа саяхат

Мұғалім:

Сынып: 4 Сабақ саны: 1

Оқушылар саны: ______

Келмегендер: ___

Сабақ тақырыбы:

Ғарышқа сапарды қиялдау

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары:

4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу, тыңдағаны бойынша пікіралмасу

 Сабақ мақсаты:

Мәтінді тыңдап, негізгі тұстарын түртіп алып, сол бойынша әңгімелейді

Бағалау

критерийлері:

Белгілі бір тақырып жайлы өз ойын толық жеткізіп, әңгімелеседі

Құндылықтарды

дарыту

Еңбек пен шығармашылық, өмір бойы білім алу/ жаһанды азамттылық, көпұлттылық

АКТ қолдану

Ақпараттық мәтіндер, жаңа сөздер, тыңдалым бейнебаян.

Пәнаралық байланыс

Ғылымға кіріспе, математика

Осыған дейін меңгерілген білім

Табиғи құбылыстар бөлімі

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

0-5 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Балалармен амандасу

Сабаққа дайындалғанын тексеру.

Өтілген сабақтардан алған білімдерін тексеру

Үстеу түрлерін пысықтау. Сұрақтарға жауап жазу.-Биыл космонавтика және авиация күніне неше жыл толады?-Алғаш рет 1961 жылдың 12 сәуірінде аспан әлеміне жол тартқан ғарышкер кім?- Қазіргі кезде адам баласының ғарышты игеруі қалай дамуда?

ІІ.Қызығушылықты ояту. «Қадамдар» ойыны. «Ғарышқа саяхат» тақырыбына қатысты сөйлемдерді айтып жарысады. Бір сөйлем – бір қадам. Көп қадам жасаған оқушы жеңімпаз.

ІІІ. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Презентация

сұрақтар

5-8 мин

8-13 мин

13-18 мин

18-35 мин

ІҮ.Негізгі бөлім

«Суреттер сөйлейді» ойыны.

Ойын мақсаты: Оқушылар суреттерге қарап ой қозғайды. Ғарыш туралы өткен мен қазіргі таңды және болашақты болжайды.

(МК) Мұғалім мәтінді дауыстап оқиды, ал оқушылар тыңдаған мәтіндегі тірек сөздерді түртіп жазып отырады.

Мақсаты: Оқушыларды тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту.

(Ж) Жұптық жұмыс

Түртіп алған ақпараттарды пайдаланып, тыңдалған материал бойынша әңгімелеңіз, пікір алмасыңыз.

(Т) Мәтінге жоспар құрып, жазады.

Ертеде адамдар жұлдызға қарап таңданған. Олар жұлдызды құдайдың үйі деп сенген. Олар ғарышта аңыздағы тіршілік иелері мен өздері тыңдап жүрген мифологиялық аңыздағы кейіпкерлер өмір сүреді деп ойлаған. Осылайша ғарыштағы жұлдыз шоғырларының атаулары шықты. Көптеген адамдарды жерден шалғай жерде не бар деген ой мазалаған. Барлық ғалымдар оған түрліше жауаптар берген. Олардың бірі Жерді жұлдыз байланған хрусталь әйнекті сфера десе, ал екіншілері шексіз мұхитта жүзіп жүрген шар деп ойлаған. Ғылым дами келе адамның пікірлері де өзгере бастады. Николай Коперник, Джордано Бруно мен Галилео Галилейді есімдері бәрімізге таныс. Олар Жер, жұлдыздар мен Ғаламға басқаша көзқараспен қарады. Алғаш рет ғарышқа жасанды жер серігі, ал одан соң Белка мен Стрелка атты иттер ұшырылды. Ақырында ғарышқа алғаш болып ұшқыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин жол ашты. Содан бастап адамдар Айға сапарға аттанып, басқа ғаламшарға зерттеу станцияларын ұшырған. Бірақ әлі де болса көптеген адамдар ғарыш туралы армандауда. Балалық шағымдағы көрген түстерімде мен ғарышта үшып, жарқыраған жұлдыздар мен ғаламшарларға қарап, оларға қол ұшын тигізгендей сәттерде болдым. Олардың бірі маған ыстық, бірі суық ғаламшарлар сияқты болып түсіме кірген. Содан бастап мен астрономия ғылымымен шұғылданудамын. Жерді ғарыш кемесінің иллюминаторынан тамашалау менің арманым болды. Сол сәттегі салмақсыздықты сезініп танып білу болды. Мен ,әсіресе, ғарыш әлеміне сапарға аттанған ұшқыш ғарышкер әйел Валентина Терешкованың өжеттілігі мен өз елінің алдындағы жасаған ерлігі үшін мақтан етемін. Егер болашаққа көз жүгіртетін болсақ біздің ұрпақтарымыз басқа Галактикаларды ашып, қазіргі кездегі адамның арманын іске асыратын шығар. Мүмкін біздің ұрпақтарымыз болашақта Айға қоныс аударатын шығар. Кім біледі…

Төменде берілген сауалдар бойынша келесі бөлігіне жауаптарын жазады:

Мақсаты: Оқушылардың жазабаша сөйлеу дағдыларын дамыту.

  • Ертеде адамдар ғарышты қалай көз алдына елестеткен?
  • Орта ғасырдағы қандай ғалымдарды білесіңдер?
  • Адам баласы ғарышты қалай игере бастады?
  • Менің балалық шағымдағы түстерімде қандай сәттер болды?
  • Мен келешекті қалай елестетемін?

Қазақ тілінде берілген сөздерді - орысша, ағылшын тілдерінде айтып үйрену. 1. Ауа – воздух – air2. Ғаламшар – планета – planet3. Ай – луна – moon4. Жұлдыз –зведа -star5. Ғарыш – космос – space6. Күн – солнце – sun7. Жер – земля – earth8. Аспан – небо – sky

Карточкалар

суреттер

Мәтін

кесте

35-38 мин

38-40 мин

Сабақты бекіту.

«Бір сөйлемде барлығын айтып беру»

Оқушылардан оқытылған тақырып бойынша «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін бір-ақ сөйлем құруларын ұсынады.

Әр бала өз тілектерін жазып салады «Сөйлемді аяқта»

  • Мен .... білдім.
  • Маған .... қиын болды.
  • Қиындықты жеңі үшін мен ..... істеуім керек.

Үй жұмысы: Тірек сөздермен сөйлемдер құрастыру.

Қосымша мәлімет

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта білім деңгейіне байланысты, тапсырмалар мен сұрақтар қолдану

Туынды және негізгі сөздерді ажырата білуін баылау арқылы бағалау. Топтық жұмыс барысында өзін-өзі бағалау.

Қоршаған орта туралы ғаламдық мәселелерді қарастыру, НЗМ құндылықтарын дамыту

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу