Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал.


8-бөлім: «Ғарышқа саяхат»

Сабақ тақырыбы: «Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы, бөлім бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ)

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннен негізгі 7 тірек сөзді түртіп ал. Тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.

 

 Құсжолы

Айлы түннің бұлтсыз аспанында солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан ақ жолақ көрініп тұрады. Ол Құсжолы деп аталады. Оған Күн жүйесі және тағы осындай бірнеше жұлдыздар жүйесі кіреді. Құсжолы күз айларында жақсы көрінеді. Жыл құстары көктемде келгенде және күзде жылы өлкеге қайтқанда осы жолдың бағытымен ұшады екен.

Құсжолы - Әлемдегі миллиондаған галактикалардың біреуі. «Галактика» сөзі ежелгі мысырлық «гала» - «сүт» деген сөзден шыққан. Бұл галактика «Сүтжолы» немесе «Құсжолы» ретінде әйгілі.

Құсжолы Галактикасы 200 миллиардқа жуық жұлдыз, жұлдыздар шоғыры, газ бен тозаң тұмандықтарынан құралған. Олар әртүрлі бағытта өте жылдам қозғалады. Алайда кеңістікте жұлдыздар бір-бірінен алшақ орналасқан. Сондықтан да олар бір- бірімен ешқашан соқтығыспайды.

Құсжолы әртүрлі болып көрінеді. Спиральді Галактиканың екі жеңіне қарағанда ядросында жұлдыздар тығыз орналасқан. Жер – Құсжолының жеңдерінің бірінде, Галактиканың шетіне қарай орналасқан.

Тірек сөздер: __________________________________________

  • Мәтінде төменде берілген суреттерге қатысты қандай ақпараттар бар? Кестеге жаз.
  • Тірек сөздер мен кестедегі ақпараттарға сүйеніп, тыңдаған мәтінді мазмұнда.

Қосымша №2

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды

Тірек сөздерге сүйеніп, мәтінді мазмұндайды

1

мәтіннен негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді түртіп алады;

суреттерге сәйкес мәліметтерді анықтайды:

1-сурет

2-сурет

мәтінді жүйелі мазмұндайды;

тірек сөздерді мағынасына сәйкес қолданады;

сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

1

1

1

1

1

1

1

Барлығы

7

Қосымша №3

 

 «Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні____________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма

Төмен

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Орта

Жоғары

Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды

Тірек сөздерге сүйеніп, мәтінді мазмұндайды

1

Тыңдаған мәтін бойынша негізгі тұстарын түртіп алуда және мәтіннің мазмұнын айтуда қиналады.

Тыңдаған мәтіннен негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді түртіп алуда/тірек сөздерді қолдануда/сөйлем құрылымын/ тілдік нормаларды сақтауда қателіктер жібереді.

Тыңдаған мәтін бойынша негізгі тұстарын түртіп алады және мәтінді жүйелі мазмұндайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу