Мен ғарышкермін. Мінездеме жазу. Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал. 14 сабақ


8-бөлім: «Ғарышқа саяхат»

Сабақ тақырыбы: «№14. Мен ғарышкермін. Мінездеме жазу

Дидактикалық материалдар

Қосыша №1

 Айдын бала кезінен биіктікке құмар болатын. Биік ағаш болсын, үй болсын төбесіне өрмелеп шығып алатын еді. Бір жылдары Ақан (Айдынның әкесі) бір училищеде директор болды. Сол училище жатақханасының алдында үлкен, биіктеу қол жуғыш болған. Бір күні Айдын соның төбесіне өрмелеп шығып, биіктен құлап кеткен. Айдар үйге қолынан жетектеп алып келді. Бетінің бәрі қан. Қол жуғыш үстіне құлап кеткен екен. Тағы бір осындай оқиғасы есімде қалыпты. Қарабұлақта жолдың шетіндегі ағаштарды кесіп тастайтын еді. Сол көше бойындағы биік ағаштардың бірі жартылай кесілген екен. Оның кесілгенін білмеген Айдын тағы да ағаштың ең төбесіне дейін өрмелеп шыққан. Содан ағашпен бірге құлаған еді. Өзі үнемі солай биікке өрмелеп жүретін. Бала күнінен болмысы бөлек болды. Үлбіреген сүйкімді кішкентай бала бүгінде талапшыл, еңбекқор арқа сүйер азаматқа айналды. Айдын үнемі күлімдеп жүреді. Өзі ақкөңіл, айналасындағыларға мейіріммен қарайды. Адамдармен тез тіл табысады.

Біздің үлкен ұлымыз Айдар томаға тұйық, артық сөзі жоқ болып өсті. Ал Айдын мүлдем керісінше, айналасына жылулық шашып жүреді.Өзі спортқа да бейім болды. Дзюдо, каратэ, самбо секілді спорт үйірмелеріне қатысты. Мектеп жасында Айдар екеуі үнемі спортпен айналысты.

(Айдын Айымбетовтың анасымен сұхбат)

Қосыша №2

Қызық

Қиын

Қажет

Қосымша №3

Критерий

+

-

?

Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды

Тірек сөздерге сүйеніп, мәтінді мазмұндайды

Берілген тақырып бойынша диалог құрастырады

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды

Тірек сөздер арқылы кейіпкерге мінездеме береді

Каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу