Мен ғарышкермін. Мінездеме жазу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 14 сабақ


Пән: Қазақ тілі.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарышқа саяхат

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Байтенова К.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№14. Мен ғарышкермін. Мінездеме жазу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту

4.1.3.1 сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап әңгімелесу

4.3.2.1* тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме) жазу

4.3.6.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

  • тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту;
  • сұхбаттасының жай-күйін ескере отырып, тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап әңгімелесу;
  • тірек сөздерді қолданып бірлесе отырып, белгілі бір стильде мәтін (мінездеме) жазу;
  • каллиграфиялық нормаларды сақтау

Оқушылардың көпшілігі:

тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту

сұхбаттасының жай-күйін ескере отырып, тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап, тыңдаушы әрі сөйлеуші рөлінде әңгімелесу

тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мінездеме) жазу

каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу жылдамдығын арттыру

Оқушылардың кейбірі:

  • тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын өрбітіп айту
  • сұхбаттасының жай-күйін ескере отырып, тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап белсенді сөйлеуші ретінде әңгімелесу
  • тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мінездеме) жазу
  • каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу жылдамдығын арттыру

Бағалау критерийлері

  • Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды
  • Тірек сөздерге сүйеніп, мәтінді мазмұндайды.
  • Берілген тақырып бойынша диалог құрастырады
  • Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды
  • Тірек сөздер арқылы кейіпкерге мінездеме береді
  • Каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіру

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

экипаж, капсула, арнайы қондырғы.

Биік ағаш, талапшыл, еңбекқор, арқа сүйер азамат, ақкөңіл, мейірімді, спортқа бейім

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар: Айдын Айымбетовтың сөзінен қандай сезімін байқадың?

- Айдынның ұшқыш болуға құмарлығын қалай байқауға болады?

Құндылықтар

Жаңалыққа құштарлығын арттыру, мақсат қоюға баулу, жақсы қасиеттерін дамыту

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Дереккөздерден Айдын Айымбетов туралы мәлімет табу

Алдыңғы білім

Мазмұндау, мінездеме жазу дағдыларына сүйену

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ө, Ж, Т) Тыңдалымалды тапсырма: «Еркін жазу» әдісі. 1 минут ішінде «Ғарышкер қандай болады?» сұрағына жауап жазу.

Жұпта идея бөлісу. Сөз қатарын толықтыру.

Топта тірек сөздерді анықтап, сөз табына ажырату.

 

Сабақтың ортасы

30 мин.

4.1.1.1 (Ө, Ұ, Т) Тыңдалым тапсырмасы.

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов аман-есен жерге оралды бейнеролігін тамашалау.

Тірек сөздерді не негізгі тұстарын белгілеу, мазмұнын айтуға дайындалу.

- Ғарышқа неше ұшқыш ұшқан?

- Экипаж мүшелерін ата.

- Арнайы қондырғы, капсула қайда қонды?

- Экипаж қай уақытта қонды?

- Капсула қалай қонды?

- Капсуланы сипатта.

- Ғарышкерлердің жағдайы қалай?

- Айдын Айымбетовтың сөзінен қандай сезімін байқадың?

Мәтінді қайта тыңдау. Негізгі тұстарын жұпта толықтыру. Топта бейнеролик мазмұнын талқылау.

Бейнероликті көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда, тыңдалымға арналған мәтінді қолдану ұсынылады.

(Ө) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді тыңдау. Мәтіннен

«Түртіп алу» әдісі арқылы сын есімдер болатын тірек сөздер мен сөз тіркестерді теріп жазу.

Айдын бала кезінен биіктікке құмар болатын. Биік ағаш болсын, үй болсын төбесіне өрмелеп шығып алатын еді. Бір жылдары Ақан (Айдынның әкесі) бір училищеде директор болды. Сол училище жатақханасының алдында үлкен, биіктеу қол жуғыш болған. Бір күні Айдын соның төбесіне өрмелеп шығып, биіктен құлап кеткен. Айдар үйге қолынан жетектеп алып келді. Бетінің бәрі қан. Қол жуғыш үстіне құлап кеткен екен. Тағы бір осындай оқиғасы есімде қалыпты. Қарабұлақта жолдың шетіндегі ағаштарды кесіп тастайтын еді. Сол көше бойындағы биік ағаштардың бірі жартылай кесілген екен. Оның кесілгенін білмеген Айдын тағы да ағаштың ең төбесіне дейін өрмелеп шыққан. Содан ағашпен бірге құлаған еді. Өзі үнемі солай биікке өрмелеп жүретін. Бала күнінен болмысы бөлек болды. Үлбіреген сүйкімді кішкентай бала бүгінде талапшыл, еңбекқор арқа сүйер азаматқа айналды. Айдын үнемі күлімдеп жүреді. Өзі ақкөңіл, айналасындағыларға мейіріммен қарайды. Адамдармен тез тіл табысады.

Біздің үлкен ұлымыз Айдар томаға тұйық, артық сөзі жоқ болып өсті. Ал Айдын мүлдем керісінше, айналасына жылулық шашып жүреді.Өзі спортқа да бейім болды. Дзюдо, каратэ, самбо секілді спорт үйірмелеріне қатысты. Мектеп жасында Айдар екеуі үнемі спортпен айналысты.

(Айдын Айымбетовтың анасымен сұхбат)

Тірек сөздер: Биік ағаш, үлбіреген, сүйкімді, кішкентай, талапшыл, еңбекқор, арқа сүйер азамат, ақкөңіл, мейірімді, спортқа бейім.

(Т) Мәтіннен деректерді тап.

- Айдынның ұшқыш болуға құмарлығын қалай байқауға болады?

- Айдын қандай бала болып өсті?

Мәтіннен өзің үшін не қызық, не қиын, не қажетті мәлімет болды деп есептейсің?

Қызық

Қиын

Қажет

4.1.3.1. Саралау: Мәтіндегі Айдынның отбасы мүшелеріне мінездеме беріп көр.

Мысалы: Ақан - ...

4.1.3.1 «Дайын сұрақтар» стратегиясы арқылы ақпарат жинақтау.

– Сенде үлкен адамдарға көмектескен кездерің болды ма?

– Қандай іспен шұғылданғанды жақсы көресің?

– Сен кім болуды армандайсың?

– Сен қандай үйірмелерге қатысасың?

4.3.2.1; 4.3.6.1 1 ) Мәтінсоңы тапсырмасы. Жинақталған ақпаратты пайдалана отырып, тірек сөздер арқылы ғарышкерге немесе сыныптасыңа мінездеме жазу.

(Ж, Қ) Мінездемені оқу және бағалау

Дескриптор:

1. Жинақталған ақпараттар мен тірек сөздерді пайдаланып мінездеме жазады;

2. Мінездеме жазу стилін сақтайды;

  • грамматикалық және пунктуациялық нормаларды сақтайды;
  • каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов аман-есен жерге оралды: https://www.youtube.com/watch?v=x02ykWeBN6A

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Критерий

+

-

?

Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды

Тірек сөздерге сүйеніп, мәтінді мазмұндайды

Берілген тақырып бойынша диалог құрастырады

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды

Тірек сөздер арқылы кейіпкерге мінездеме береді

Каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіру

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу