Етістіктің шақтары. Ғарыштағы жұмыс. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 12 сабақ
Пән: Қазақ тілі. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарышқа саяхат Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Байтенова К.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | №12. Етістіктің шақтары. Ғарыштағы жұмыс. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту 4.4.2.9 етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану 4.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сөздік қор |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Жаңалыққа құштарлығын арттыру, мақсат қоюға баулу, жақсы қасиеттерін дамыту | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Мазмұндау, мінездеме жазу дағдыларына сүйену | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | (МК,Т) Сызбадан қандай мәлімет алуға болады? Мысалдар келтіріп, ой қорытындысын жаса. Етістіктің шақтары Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін белгілеу. | Сызба | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин. | 4.1.1.1 (Т, Ұ) Бейнематериал үзіндісін тамашалау. Ғарышта қандай жұмыстар атқарылады? сұрағына жауап табу. Негізгі тұстарын түртіп алу. Топ мүшелері реттік саны белгіленеді. Мысалы, 1-ден 6-ға дейін санау арқылы. Бейнематериалды тамашалап, топта талқылаған соң, оқушылар реттік сан бойынша уақытша топтарға бірігеді. Әр оқушы жаңа топта өз идеяларымен бөліседі, ақпарат алмасады. Талқылау сұрақтары: Не байқадың? Ғарышкерлер қандай мақсатта ашық ғарышқа шығады? 4.2.3.1 (МК, Т,Ұ) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқу. Ғарыштағы жұмыс Ғарыштың команда мүшелері тікелей ұшу мақсаты бойынша жұмыс істейді. Олар түрлі тапсырмаларды орындайды, оның ішінде навигация, басқару және бақылау, ғылыми-зерттеу, сондай-ақ бортта және ғарыш кемесі бортының сыртында зерттеулер жүргізеді. Сонымен қатар олар құралдарды қосып, түйістіруді жүргізеді, ғарыш стансаларын құрайды, құрылғыны жөндейді және оның дұрыстығын сақтап отырады. Зерттеудің көмегімен олар жұлдыздардың орнын анықтайды. Микротартылыстың түрлі заттар мен тірі ағзаларға әсерін зерттейді. Ғарышта өмір сүріп, жұмыс істеу дегеніміз – үлкен тәуекелге бел буу. Ғарышкерлер өздеріне физикалық және психологиялық жағынан зиянын келтіруі мүмкін салмақсыздық жағдайында жұмыс істейді. Ғарыштан қайтқан ғарышкерлердің көпшілігі буын ауруларына шалдығады, оларда клаустрофобия дамып, үйін сағынғандықтан, құлазу әсері күшейеді. Сұрақтарға жауап беру. - Ғарышта қандай зерттеулер жүргізіледі? - Бортта және ғарыш кемесінің сыртында қандай зерттеу жұмыстарының түрлерін жүргізетінін айтып көр. - Мәтіндегі «салмақсыздық жағдайында жұмыс істейді» деген сөйлемді ары қарай жалғастырып мәтінді толықтырып баянда. Тірек сөздер: Команда мүшелері, навигация, бортта және борттың сыртында, түйістіру, микротартылыс, физикалық, психологиялық, клаустрофобия. Дескриптор:
Сергіту сәті. «Жұлдыздар мен бөліктер» ойыны. Кесте әр топқа таратылады. Топ оқушылары жұлдызшаларды орнынан қозмағай, 4 жұлдызшадан топқа бөлуі керек. 4.4.2.9 (Ө, Ж, МК) Мәтіндегі етістіктерді тауып, теріп жазу. Қай шақта тұрғанын анықтау. Етістіктерді үш шақта жазу.
Дескриптор:
(Ө,Т) Мәтінсоңы тапсырмасы. «Еркін жазу» әдісі - Өзіңді қызықтырған ғарышкерлер атқаратын үш жұмыс түрін жазу. Топта өз жұмысыңды таныстыр. Ойыңды негізде. | 0:00-0:48; 16:44- 17:57 уақыт аралығы https://www.youtube.com/watch?v=qZX_HkOyl98 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия. Өзіндік бағалау парағы. Үйге тапсырма: ғарышкерлерге ашық ғарышта жұмыста істеуін не қамтамасыз етеді? мәліметтер табу.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?