Мен ғарышкермін. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім Ғарышқа саяхат Күні: | Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 4 «В» | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Мен ғарышкермін | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу, тыңдағаны бойынша пікіралмасу 4.2.8.1 кейіпкердің/кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау 4.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/рөлге бөліп/ мәнерлеп/теріп/ шапшаң оқу 4.3.8.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру және таза жазу | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийі |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Ғарышкер, Айдын Айымбетов, сын есімдер, мінездеме, т.б. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық құндылықтарын пікіралмасу арқылы, сұрақтар қою арқылы қалыптасады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Ғарыш тарихын зерттеймін | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Өлең жолдарын ұран ретінде хормен айту. Қазақ тілім-тірлігімнің айбыны, Тілім барда айтылар сөз ойдағы. Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін. -Ендеше, сабағымыз не жайлы болмақ? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Оқушылардың бұл сұрақтарға жауаптары бастапқы болжамдарымен салыстырылады. (Ұ,Ө) Адасқан әріптер Мақсаты: Сабақтың тақырыбын анықтау. Р А Ш Ғ К Ы РЕ ІІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты арқылы бағалау критерийлерін анықтау. БК тақтаға жазылады, сабақтың соңында БК оралатындықтары ескеріледі. | Презентация | ||||
Сабақтың ортасы 5-35 минут | (Ұ, Ж) Мәтінді тыңдау. Пікір алмасу. Мақсаты: Мәтіннен «Түртіп алу» әдісі арқылы сын есімдер болатын тірек сөздер мен сөз тіркестерді теріп жазу. Мұғалім оқушыларға Айдын Айымбетов туралы мәтін оқиды, оқушылар қажетті тірек сөздерді түртіп алады Мәтін: Айдын бала кезінен биіктікке құмар болатын. Биік ағаш болсын, үй болсын төбесіне өрмелеп шығып алатын еді. Бір жылдары Ақан (Айдынның әкесі) бір училищеде директор болды. Сол училище жатақханасының алдында үлкен, биіктеу қол жуғыш болған. Бір күні Айдын соның төбесіне өрмелеп шығып, биіктен құлап кеткен. Айдар үйге қолынан жетектеп алып келді. Бетінің бәрі қан. Қол жуғыш үстіне құлап кеткен екен. Тағы бір осындай оқиғасы есімдеқалыпты. Қарабұлақта жолдың шетіндегі ағаштарды кесіп тастайтын еді. Сол көше бойындағы биік ағаштардың бірі жартылай кесілген екен. Оның кесілгенін білмеген Айдын тағы да ағаштың ең төбесіне дейін өрмелеп шыққан. Содан ағашпен бірге құлаған еді. Өзі үнемі солай биікке өрмелеп жүретін.Бала күнінен болмысы бөлек болды. Үлбіреген сүйкімді кішкентай бала бүгінде талапшыл, еңбекқор арқа сүйер азаматқа айналды. Айдын үнемі күлімдеп жүреді. Өзі ақкөңіл, айналасындағыларға мейіріммен қарайды. Адамдармен тез тіл табысады. Біздің үлкен ұлымыз Айдар томаға тұйық, артық сөзі жоқ болып өсті. Ал Айдын мүлдем керісінше, айналасына жылулық шашып жүреді.Өзі спортқа да бейім болды. Дзюдо, каратэ, самбо секілді спорт үйірмелеріне қатысты. Мектеп жасында Айдар екеуі үнемі спортпен айналысты. (Айдын Айымбетовтың анасымен сұхбат) Тірек сөздер:Биік ағаш, үлбіреген, сүйкімді, кішкентай, талапшыл, еңбекқор, арқа сүйер азамат,ақкөңіл,мейірімді, спортқа бейім. (оқушылар жұппен өзара тірек сөздерді оқиды, жұппен өзара тірек сөздерді қолдана отырып, сұрақ құрастырады, өзара жауап береді, ұжымда оқылады, бағаланады). (Ұ)Тірек сөздермен жұмыс. Тірек сөздер бойынша мәтінді мазмұндау Бұл тапсырма «Тізбектеу» әдісі арқылы жүзеге асады. Бір оқушы бастайды, келесі оқушы жалғастырады. /Мазмұндау бойынша ауызша бағаланып, кері байланыс жасалады/. (Ө) Жазылым. Мәтінмен жұмыс. Мақсаты: қарсы мәндес сын есімдерді каллиграфиялық нормаларды сақтап жазу. Биік – аласа Кішкентай – үлкен Еңбекқор – еріншек Мейірімді – қатыгез /Теріп жазған сын есімдерді жұпта өзара тексеру, «плюс» - «минус» арқылы бағалау/ (Ж) Тілші ойыны: Тапсырма: «Дайын сұрақтар» стратегиясы арқылы ақпарат жинақтау –Сен өзіңді мейірімдімін деп ойлайсың ба? –Сенде үлкен адамдарға көмектескен кездерің болды ма? –Қандай іспен шұғылданғанды жақсы көресің? –Сен кім болуды армандайсың? –Сен қандай үйірмелерге қатысасың? (Ө) Жинақталған ақпаратты пайдалана отырып, тірек сөздер арқылы сыныптасына мінездеме жазу. (Ж), (Қ) Мінездемені оқу және бағалау Дескрипторлар:
| Презентация Қима қағаздар | ||||
Сабақтың соңы 5 минут мин | Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр» әдісі -Бүгін мен ...................... түсіндім. -Маған ...................... қызықты болды. -Маған ........................... қиындық туғызды. Өзін-өзі бағалау «Бағдаршам» көздері арқылы өздерін бағалайды. | Бағдаршам | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Топтар бойынша тапсырмалар орындау | Мәтіннен көркемдегіш құралдарды анықтауын бағалау. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?