Ғарыш дегеніміз не? Етістіктің шақтары. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 105 сабақ
Пән:Қазақ тілі. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарышқа саяхат Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Калдина В.Т Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | №105. Ғарыш дегеніміз не? Етістіктің шақтары | ||||||||||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.2.5.1-дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау 4.3.2.1 - тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме) жазу 4.4.2.9 - етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану 4.3.6.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||||||||||
Бағалаукритерийлері |
| ||||||||||||||
Сөздік қор |
| ||||||||||||||
Құндылықтар | Жаңалыққа құштарлығын арттыру, мақсат қоюға баулу, жақсы қасиеттерін дамыту | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану | ||||||||||||||
АКТ қолданудағдылары | Дереккөздерден Ғарыш әлемі туралы мәліметтер жинақтау | ||||||||||||||
Алдыңғы білім | Мазмұндау, мінездеме жазу дағдыларына сүйену | ||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | (МК),(Т) «Миға шабуыл»әдісі арқылы жұмбақ шешу Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды, Екеуі қызықтырған талайыңды. Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса, Тұрады нұрға малып маңдайыңды. (Ай, күн) Су ішінде екі жайын, Бірі кетсе, бірі дайын. (Ай, күн) Төңірегі тең көрініп, Теген жатыр төңкеріліп, Жас та сиған, кәрі сиған, Астына оның бәрі сиған. (Аспан) Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын , Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын. Жаһанның жерін,суын, жәндіктерін, Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (Көк, аспан)
|
| |||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин. | (Ө), (Т) «Инсерт» стратегиясы арқылы бұрыннан білетін және «Ғарыш дегеніміз не?»мәтіні бойынша ақпаратты кестеге толтыру.
ІІІ. Негізгі бөлім 4.1.1.1 (МК; Ө; Ұ) Оқулықпен жұмыс.1- жаттығу. 1. Мәтінді тыңда. Мұғалім «Ғарыш дегеніміз не?» әңгімесін оқып береді. Оқушылардың мәтінді тыңдау барысында тірек сөздерді белгілеп отыруы қадағаланады. Ықтимал жауаптар: Галактика, Әлем, жұлдыздық жүйе,Күн жүйесі Мұғалім тарапынан қойылған ашық сұрақтарға оқушылар жауап бере отырып, өздері белгілеген тірек сөздермен сәйкестігін тексереді.
(Т), (Қ) Сұрақтарды, тірек сөздер мен сөйлемдерді, «Инсерт» кестесін,мәтінді, энциклопедиялар мен сөздік кітаптарды пайдаланып,жаңалық, сызба, жарнама, постер құрастыру және қорғау. «Сен білесің бе?» сұрақтары 1. «Ғаламшар» грекше қалай аталады? 2. Өзінен жарық шығармайтын салқын денелер? 3. Жердің серігі не? 4. Жарық секундына неше км жылдамдықпен таралады? 5. Күн жүйесіндегі тіршілік бар жалғыз ғаламшар? 6. Жердің дүние жүзіндегі бірінші жасанды серігі қашан ұшырылды?
2).Түсіндірме сөздікпен жұмыс Тірек сөздер мен сөйлемдер Ғаламшар, Күн жүйесі, Галактика, Әлем немесе Ғарыш Ғаламшар-адасушы жұлдыз. Күн жүйесі-Күн және оны айналып жүретін ғаламшарлар және оның серіктерін айтамыз. Әлем немесе Ғарыш-Жерді қоршаған бүкіл дүние. Галактика-миллиардтаған жұлдыздардан тұратын, кейде арасында орасан зор масса боп тұтасқан газ бен шаң болатын аса алып жүйе. 3).4.4.2.9 - етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану Мәтіндегі таралады, жетеді,тұрады, жатады етістіктерінің қай мезгілде болған әрекетті білдіріп тұрғанын айтады. 2-жаттығу Сөйлемдерді қатесіз жазу, етістіктерді тауып, қандай мезгілдік ұғымда жұмсалғанын айту. Дескриптор: 1.Қатесіз көркем көшіреді. 2.Етістіктерді табады. 3.Қай шақта тұрғанын табады. Сергіту сәті «Күн, жер, су» ойыны. «Күн» дегенде, қолдарын жоғары көтеріп, күнді бейнелейді. «Жер» дегенде, бір орында тұрып, аяқтарын кезек-кезек қозғайды. «Су» дегенде, қолдарымен толқынды бейнелейді 4-жаттығу Жаңылтпашты жатқа жазу. Етістікті тауып, қай шақта тұрғанын айту. 4.3.2.1 -6-жаттығу. Тірек сөздерді пайдаланып, «Қазақ ғарышкерлері»тақырбына мақала жазу. Тірек сөздер:қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, «Союз ТМ-13»ғарыш кемесі, Талғат Мұсабаев,ғарышта 3 рет болу,Айдын Айымбетов. Дескриптор: 1. Тірек сөздерді пайдаланып мәтін жазады; 2. Мәтін жазу стилін сақтайды; 3.Грамматикалық және пунктуациялық нормаларды сақтайды;каллиграфиялық талаптарға сай жазады | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Рефлексия Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді. |
| |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушыныңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушыныңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?