Табиғат және біз (Қоршаған орта туралы жазу). Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал.
Торғай
Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін. Итім алдымда жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей-ақ, төрт тағандап бұға бастады.Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті. Жел жол жағалауындағы қайыңдардың басын теңселтіп тұр еді. Балапан жаңа ғана өсіп келе жатқан сүйрік қанатын дәрменсіз жайып, қимылсыз отыр. Ит балапанға ептеп жақындай бергенде, кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп, иттің дәл алдына кеп қонды. Байғұстың зәресі ұшып, түсі бұзылып кеткен, жүнін үрпитіп пырылдап жүр. Иттің ақсиған тістері мен арандай ашылған аузынан қарай бір-екі рет тап берді.Ол жан ұшырып, өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. Ол бал бөбегі балапанын өз денесімен бүркемек болды. Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп, даусы шыр - шыр етеді. Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп жүр. Оның көзіне ит қандай дәу болып көрінді десеңші.Бірақ балапаны отқа түскенде, бас сауғалап, бұтақта отырып қала алмады. Оны өз ықтиярынан, өз еркінен басым бір күш жерге ұшырып түсірді.
Мен итімді тез өзіме шақырдым. Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық жүрегінің күші мені таң қалдырды, мен жөніме кеттім.
(И. Тургенев)

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?