Диалогке түсе аламын. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі мен әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Табиғат құбылыстары

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 20.02.19

Мұғалімнің аты-жөні:Иманбаева Н.З.

Сынып: 4А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Диалогке түсе аламын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұнына өмірде болған/өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып баға беру

4.1.3.1 сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

4.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) және қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманды қызықтыру

4.4.2.2 - жіктік жалғауларының қолданысын білу

Сабақ мақсаттары

аудио-бейнежазба мазмұнына өмірде болған/өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып баға беру

сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) және қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманды қызықтыру

жіктік жалғауларының қолданысын білу

Бағалау критерийлері

аудио-бейнежазба мазмұнына өмірде болған/өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып баға бере алады;

сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;

интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) және қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманды қызықтырады;

жіктік жалғауларының қолданысын біледі;

Тілдік мақсаттар

Қоршаған орта, диалог, дебат, пікірсайыс,

Миссия және пайымдау

Алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Жаһандық азаматтық

Тақырыпты түсінбеген сыныптастарына түсіндіру, көмек беру.

Құндылықтарды дарыту

Табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны құрметтеудің маңыздылығын біледі

Пәнаралық байланыстар

Өнер, АКТ пәндерімен байланыстыру.

Бастапқы білім

Мәтінді тақырыбы мен тірек сөздер, суреттер арқылы болжай алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

І.Ұйымдастыру бөлімі.

  • О.М таныстыру (2 минут)
  • аудио-бейнежазба мазмұнына өмірде болған/өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып баға беруді үйренеміз сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысуды үйренеміз;
  • сұхбаттасу барысында интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) және қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманды қызықтыруды жоспарлаймыз.

Сабақтың ортасы

3 минут

5минут

-Диалог дегеніз не? Монолог деген не? (3 минут)

Суретке қарай отырып болжам жасаңдаршы. (оқушылардың жауабын тыңдау)

Ережемен таныстыру:

Диалог екі адамның арасындағы сөйлеу әрекеті. (егер сөйлеуші екеуден көп болса, онда полилог деп аталады. )

Диалогта сұрақ\ жауап\ қарсы сұрақ \ сөйлеушінің көңіл күйі, реакциясы ( сөзбен берілмейтін) болады.

Диалогта фразаны, сөйлемді аяқтамау, сөздің орнына мимика жест қолдану, тек ауызекі сөйлеу барысындағы сөздерді қолдану

Олай болса, біз диалогке түсе отырып тапсырмалар орындаймыз.

(Ұ) «Қоршаған ортаны қорғау қиын емес» бейнежазбасын көрсету.

(3 мин)

(Ж) Бейнежазба мазмұнын ашу мақсатында жұпта сұрақтар қою, жауап алу. Жұптарды алмастыру арқылы сұрақтарды түрлендіру.

Бейнежазба не туралы? (3 минут)

Көру барысында қандай ойға келдің? т.б. сұрақтарын пайдалана отырып, жұпта талқылауды ұйымдастырады.

(Түртіп алу әдісі арқылы бағалау)

Ж «Табиғатқа өз үйіңдей қара» дегенді қалай түсінесіңдер?(оқушылар пікірін тыңдау) ( ауызша коментарий арқылы бағалау)

(Т) «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы диалогты сұхбатты жүзеге асыру. Пікірталас нәтижесінде қорытынды шығару. (5 минут)

«Ыстық орындық» стратегиясы бойынша бір оқушы орындыққа отырады. Ал ол фильмнің авторы болады.

Топтар дайындаған сұрақтарын қояды. (смайлик арқылы бағалау)

Бұл бейне жазбаны не үшін шығардыңыз?

Осындай адамды көргеніңізде ескерту жасайсыз ба?

Ол адам не себептен қоқысты жерге тастайды?т.с.с

Балалар, олай болса, біздің міндетіміз не?

(Қоршаған ортаны қорғау)

), (Қ) «Қоршаған ортаны қорғау қиын емес» бейнежазбасының 01.20-01.34 мин. аралығындағы үзіндісін қайта қарау. Бейнежазба мазмұнын тұжырымдауға қанатты сөз таңдау. (5 минут)

Бейнежазбаны қайта көріп болғаннан кейін

-Бұл бейнежазбада адамның өміріне қауіпті қандай іс әрекетті байқадыңдар?

-Өрт қауіпсіздігін болдырмауды насихаттайтын қандай мақалды білесіңдер?

Жауаптардың нәтижесінде «Өрт тілсіз жау» тұжырымын шығарып алу. Өмірмен байланыстыру.

(Т) Дебат «От адамға дос па әлде қас па?»

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,оқушылар!

4 А сынып оқушылары арасындағы «От адамға дос па әлде қас па?»  атты пікір-сайысты ашық деп жариялаймын.

Ең алдымен сіздерге осы пікір -сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайын  

(келген қонақтардан үш адамды төреші етіп тағайындау)------------------------------------------------------------

-Бүгінгі қатысушыларымызбен таныс болыңыздар .

1. «Болашақ» командасы (пікірсайысқа түседі)

2. «Мұрагер» командасы (пікірсайысқа түседі)

3. Көрермендер командасы (екі топтың позицияларын зерделейді, сұрақ дайындайды)

Бұл топтар «От адамға дос па әлде қас па?» (15 минут)

деген тақырыптарда пікір алысады.

«Болашақ » командасы спикер. Ахажан Аюхан 

спикер Жасұлан Фариза 

спикер Сабитқызы Аяулым

спикер Жамалиева Жамиля

«Мұрагер» командасыспикер Асқар Раушан спикер Ерсәбит Шардар спикер Малик Аманспикер Сапа Әлия

ПІКІР-САЙЫСТЫҢ ШАРТЫМЕН ТАНЫСТЫРУ

(2 минут)1.Пікір-сайыстың негізгі мақсаты- өзіңіз ұстанып отырған

бағытын дұрыс екенін дәлелдеп шығу.

2.Екі қарсы топ \жақтаушы, даттаушы\ берілген қарар бойынша

төрешілерді өз бағыттарының дұрыс екеніне көндіруі тиіс.

3.Әр топ төрт ойыншыдан тұрады . Әрқайсысының ойында өз орны бар және міндеттері нақты белгіленген.

Пікір – сайыс тәртібі.

Пікір –сайысты жақтау тобының бірінші спикері бастайды. Оның 2 минут уақыты бар. Сөзін төрешілерді, қарсыластарын, көрермендер мен өз тобымен амандасудан бастап, өз кейсіне көшеді.

1. Жүргізуші ашық пікір-сайыстың ойын-шарттарымен таныстыру:

Пікірталас шарттары:

1.Әр топ өздерін таныстырады.2.Пікірталасу (3 мин) 3.Екі топ өзара сұрақ алмасады. 4.Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары 5.Көрермендердің дауысы 6. Қорытынды.Сарапшыларды тыңдау

Ережелер.

Тақырыптан ауытқымау

Өзіндік айқын позицияның болуы;

Көзқарастың болуы

Өзін дұрыс ұстай білуі

Сөйлеу шеберлігі

Қарсыласына кезек беру

Жоғарғы мәдениеттілік (сөзге тоқтау, дауыс көтермеу,ашуланбау)

Қарсыласын да, аудиторияны да сыйлай білу

Ашу шақырмау, сыпайы бола тұрып, оның сөзін жоққа шығару

Қарыласының сөзін мұқият тыңдап, қате болса, кейін сол сөзін қатеге шығарып, өзіне қарсы бағыттауға болады – бұл үлкен плюс.

Регламент сақтау.

«Жақтаушы» тобының спикері: «Даттаушы» тобының спикері: 

Көрермендер сұрағына екі топтың жауабы.

Құрметті көрермендер біздің бүгінгі ««От адамға дос па әлде қас па?»  атты дебат сайысымыз аяқталуға жақын. От адамға дос дегеніміз «Жақтаушы» жақ спикерлері тұрған бетке, ал қас дегеніміз «Даттаушы» спикерлері жақ бетіне өтулеріңізді өтінемін.

Сөз әділ қазыларға беріледі.

Марапаттау.

Көріп – тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

https://www.google.com/search?q=

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс:

–Бүгін сабақта не үйреніп не білдің??

–Не маңызды болды?

- Сонымен, диалог дегеніміз не? Оның өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?

Бүгінгі сабақта диалогқа түсуге мүмкіндік болды ма?

Сабақтан қандай әсер алдың?

Егер тағы осы тақырыпқа пікіррсайыс болса, нені өзгертер едің?

Кері байланыс.

  «Ресторан» әдісі.

-Мен тағы келесіде ..........тапсырыс берер едім,

-Маған бәрінен ұнағаны .....................

-Менің қарным тойды, себебі бүгін мен ............... дейтін нәрселердің дәмін таттым.

-Келесіде менің тапсырысыма .......................... қоссаңыз бұдан да жақсы болар еді.

Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар ойлауға берілген мәтіндік есептерді өз бетінше оқып, шеше алады.

Оқушылардың жеке жұмыстарын бағалаймын.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу