Диалогке түсе аламын. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Қоршаған ортаны қорғау Күні: | Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Диалогке түсе аламын | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұнына өмірде болған/өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып баға беру 4.1.3.1 сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийі |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Диолог, монолог, қоршаған орта, табиғат, қоғану, т.б. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық құндылықтарын пікіралмасу арқылы, сұрақтар қою арқылы қалыптасады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Құстар туралы не білемін? | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-10 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Өлең жолдарын ұран ретінде хормен айту. Қазақ тілім-тірлігімнің айбыны, Тілім барда айтылар сөз ойдағы. Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін. -Ендеше, сабағымыз не жайлы болмақ? /Оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Оқушылардың бұл сұрақтарға жауаптары бастапқы болжамдарымен салыстырылады. Үй жұмысын тексеру Мақсаты:мәтіннің мазмұныны өзгерте отырып, оқиғаны аяқтау. «Ұлар мен қарға» ертегісі. Оқушылар жұппен өзара ертегіні жалғастырады,жұппен өзара бағалайды. Венн диаграммасы Өткен екі мәтінді салыстыру «Ұлар» мәтіні және «Ұлар мен қарға» ертегісі ІІ.Қызығушылық-мотивациялық кезеңі «Сөз құрастырғыш» ойыны -Балалар, берілген сөздердің синонимін тапсаңдар бүгінгі сабаққа болжам жасай аласыңдар Табиғат және монолог Оқушылардың болжамдары тыңдалады ІІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты арқылы бағалау критерийлерін анықтау. БК тақтаға жазылады, сабақтың соңында БК оралатындықтары ескеріледі. | Презентация Венн диаграммасы слайд | ||||
Сабақтың ортасы 10-35 минут | (Ұ) Бейнежазба.
«Қоршаған ортаны қорғау қиын емес» бейнежазбасын көрсету.
(Ж) Бейнежазба мазмұнын ашу мақсатында жұпта сұрақтар қою, жауап алу. Жұптарды алмастыру арқылы сұрақтарды түрлендіру. /Жұпта оқушылар өзара сұрақ – жуап алмасады/. (Т) «Топтастыру» стратегиясы арқылы тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау және ақпаратты талқылау. /Оқушылар топта бірігіп, бейнежазба мазмұнымен ұқсас оқиғаны салыстырады, ұжым оқушылар сөйлеушіні бағалайды, кері байланыс жасалады/. Дескрипторлар:
(Т) «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы диалогты сұхбатты жүзеге асыру. Пікірталас нәтижесінде қорытынды шығару. /Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, қоршаған ортаны қорғау мәселесі туралы ұжым қойған сұрақтарға жылдам жауап беруі тиіс. Әрбір топ сұрақтарға жауап берген соң, ұжыммен бірлесе отырып, қорытынды шығарады/. (Ө, Қ) «Қоршаған ортаны қорғау қиын емес» бейнежазбасының 01.20-01.34 мин. аралығындағы үзіндісін қайта тыңдалады. - Балалар, бейнежазба мазмұнын тұжырымдауға қандай қанатты сөзді таңдауға болады?Дәптерге жаз. Оқушылар бейнежазба мазмұнына сәйкес қанатты сөзді анықтап, ұжымда талқылайды, ортақ пікірге келіп, дәптерлеріне жазады. /Оқушылардың жауаптары тыңдалады, ортақ пікіріге келіп, қанатты сөзді дәптерлеріне жазып алады/. Дескрипторлар:
| Қоршаған ортаны қорғау қиын емес. https://www.youtube.com/watch?v=2mp73hh2iTk Қима қағаздар Ыстық орындық | ||||
Сабақтың соңы 35-40 минут мин | Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр» әдісі -Бүгін мен ...................... түсіндім. -Маған ...................... қызықты болды. -Маған ........................... қиындық туғызды. Өзін-өзі бағалау «Бағдаршам» көздері арқылы өздерін бағалайды. | Бағдаршам | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Топтар бойынша тапсырмалар орындау | Мәтіннен көркемдегіш құралдарды анықтауын бағалау. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?