Поэзиялық шығарманы оқу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 5: Табиғи құбылыстар

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Поэзиялық шығарманы оқу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1 Оқу түрлерін қолдану

Сабақ мақсаттары

4.2.1.2 мәтінді іштей көз жүгіртіп/шолып/ түртіп алып/ сұрақтар қоя отырып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып оқу/сын тұрғысынан бағалап оқу

 Сөздік қор

Алаш, кең ақыл, жүйрік қиял

 Бағалау критерийі

Оқу түрлерін дұрыс қолдану, сұрақтарға жауап беруге жаттықтыру.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Эссе жазу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

(Ұ)Өткенді бекіту.Қызығушылықты ояту.

«Полюс» ойыныОқушыларға тұжырымда оқылады. Оқушылар бұл тұжырымдамамен келісетін болса, «+» таңбасына тұрады, келіспесе «-»таңбасына тұрады.

Тұжырымдама:1. Заттардың іс-әрекет, қимылдарын білдіретін сөздерді етістік дейміз. (+)2. Етістіктің төрт шағы бар. (-)

3. Қасым ашық күні мектеп-интернатына жолға шықты. (-)

4. Осы шақ етістіктері не істеп отырмын? Не істеп отырсың?Не істеп отыр ? деген сұрақтарға жауап береді. (+)

5. Екі күннен кейін боран соғады. Сөйлемінде етістік өткен шақта тұр. (-)

6. «Өткен күн» өлеңінде Мағжан Жұмабаев еліміздің суларын сипаттады. (+)

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Презентация

Тұжырымдар

Сабақтың ортасы

V. Жаңа сабақты меңгерту.

- Поэзия сөзін естігенде қандай ой туады? Поэзия(гр. poіesіs, poіeo — жасаймын, тудырамын) — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді.

Ой шақыруСуретпен және тірек сөздермен жұмыс.Сөздер:1-топ: суық, ызғарлы, аяз, маужырап, көктем,тоңазыды, аққала соғу2-топ: қаһарлы мінез, ериді, гүлдейді,жылтыраған мұз, боран, ышқына,, ат құлағы көрінбейтін,.

3-топ: ақ көрпе, жап-жасыл, жылынады, ақ көбелектей, ақ мамықтай, сықырлайды, бұрқ-бұрқ

4-топ: қырау, жапалақтап, қар қиыршықтары, сарғаяды, той-думан,бет-қол үсетіндей, үлпілдек қар,

Оқушылар берілген сөздерден суретке сәйкес сөздерді теріп алып жапсырады.

Оқулықпен жұмыс.Төлеген Айбергеновтың «Аппақ қыс» өлеңімен таныстыру.1. Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды2. Оқушылар ішінен оқып, түсініксіз сөздерді түртіп алады.Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу.

Әр топқа сұрақ қою. Дифференциация1-топ: Ақын өзен, теңіз, тау-төбе не киген дейді?2-топ: Аяқ астында жатқан қардың сықырын, қырдағы ізді неге ұқсатады?3-топ: Қыс көрінісін суреттеуде ақын қандай сөз тіркестерін пайдаланған?

Өлеңнің мазмұнын ашатындай 4 сөйлем құрастырып, дәптерге жазу.Мысалы: Қыста жосылып іздер жатады

Ребус

Түсініктеме

Суреттер, тірек сөздер мен сөз тіркестері

Оқулық

Деңгейлік сұрақтар

Сабақтың соңы

Сабақты бекіту.

«Қар қиыршығы» әдісі. Оқушылар өлеңге сай қағазға бір сұрақты жазады да, қиыршықты лақтырады.Әр оқушы өзіне түскен сұраққа жауап береді.

Үй тапсырмасы: «Өлеңді мәнерлеп оқу, «Қыс кереметтері» тақырыбына әңгіме жазу.

Қағаздар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыс

Мәнерлеп оқу, теріп оқу, қажетті ақпаратты өлеңнен табуын бағалау. (оқушылар топтардың жұмысын «2 жұлдыз 1 тілек» стратегиясы арқылы бағалайды.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу