Жанартау туралы фильмдерді талдау. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 5: Табиғи құбылыстар

Күні:2 сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жанартау туралы фильмдерді талдау асын қатысты өлеңді

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу, тыңдағаны бойынша пікіралмасу

4.3.1.1 жоспар/ сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрап жазу

Сабақ мақсаттары

Тыңдағаны бойынша пікіралмасу, көмекші сөздер арқылы әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіндерін құрап жазу.

 Сөздік қор

Жанартау ,магма, жер қабаты, жер бедері

 Бағалау критерийі

Тыңдағаны бойынша пікіралмасады, көмекші сөздер арқылы мәтін құрастырады.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек пен шығармашылық

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Стиль түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

«Кім тапқыр?» ойыныБір оқушы үйде жазып келген мәтінін оқиды, қалғандары бұл мәтін қай стильде жазылғанын табу керек.

ІІІ. Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

Презентация

Сабақтың ортасы

1.Жаңа тақырыпты ашуСөзжұмбақты шешу

1.Ж

е

л

2.Д

и

а

л

о

г

3.Н

а

н

4.Ж

а

з

б

а

5.Б

ұ

й

р

ы

қ

6.М

ә

т

і

н

7.З

і

л

з

а

л

а

8.А

у

ы

з

е

к

і

1.Көзіңе көрінбейді,

Қаңғуға ерінбейді.

Шалғынды жапырады,

Жол бойын сыпырады. (жел)

2.Екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма. (диалог)

3.Үсті тас,асты тас,Ортасында піскен ас. ( нан)

4.Мақала әдеби тілдің қай түріне жатады? (жазба)

5.Ресми іс-қағаздың түрі (бұйрық)

6.Сипаттау, пайымдау, әңгімелеу (мәтін)

7. Жер сілкінісі араб тілінде қалай аталады? (зілзала)

8. Адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылатын стиль (ауызекі)

- Жанартау деген не? Осы сұраққа жауап алу үшін, қазір біз бейнежазба көреміз.2.Бейнежазба көру барысында, оқушыларға негізгі тұстарын түртіп алуды тапсыру.

– Сіздерге не ұнады/ұнамады?

  • Не қызық болды?
  • Осы фильмді көру барысында көз алдарына не елестейді?

(ЖЖ) Фильмді қайта қарау. Фильмді негізгі сәттерінде тоқтату. Оқушылар жұпта не түсінгендері туралы талқылайды.Олар пайдалы сөздер мен маңызды ақпараттарды жазып алады.

Сөздік жұмыс

Лава(итал. lava, лат. labes – опырылу, құлау) – жанартау әсерінен жер бетіне төгілетін отты-сұйық балқыма.

Магма — жердің терең қойнауларында пайда болатын силикат құрамды балқыған масса.

3. Мәтіннің түрлерін анықтау

Әр топқа мәтіннің түрлерін түсіндіру тапсырылады.

1-топ: Әңгімелеу мәтіні

2-топ: Сипаттау мәтіні

3-топ: Пайымдау мәтіні

Мәтіннің түрлері талқыланады, кері байланыс беріледі.

4. Жазба жұмысы. ДифференциацияОқушылар түртіп алған сөздердің көмегімен мәтіндер құрастырады.

Қызыл түстер- сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастырады.Көк түстер – сурет бойынша әңгімелеу мәтінін құрастырады.

Сары түстер – сурет бойынша пайымдау мәтінін құрастырады.

Әр топ өздерінің мәтіндерімен таныстырады. Қалғандары кері байланыс береді.

Дескриптор:

  • Мәтіннің құрылымының сақталуы
  • Мәтіннің түрін қолдану
  • Көмекші сөздерді қолдану

сөзжұмбақ

https://yandex.kz/video/search?text=жанартау&reqid=1517313085595940-422146186969024184420307-sas1-1572-V

Суреттер, тірек сөздер

Сабақтың соңы

Сабақты бекіту.

«Теллеграмма жазу»

Сабақтан алған бір қызықты ақпарат туралы хабарлама беру.

Өзін-өзі бағалау. «Сөйлемді аяқта»

  • Мен .... білдім.
  • Маған .... қиын болды.
  • Қиындықты жеңі үшін мен ..... істеуім керек.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыс

Мәтіннен қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтау, ақпаратты өңдеу, тұжырымын ұсыну.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу