Дұрыс жазу және грамматика. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-Бөлім: Табиғи құбылыстар

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дұрыс жазу және грамматика

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

Сабақ мақсаттары

4.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру/бағалауға және себеп –салдарын анықтауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

4.4.2.4 етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану

 Сөздік қор

Жаңбыр ,қар, бұршақ,күн күркіреу, найзағай жарқылдау, қар еру, су тасу, өзен көлдер мұз болып қатуы, жер сілкіну, боран соғу.

 Бағалау критерийі

Мәтіннің мазмұнын түсіну, пікір білдіру, бағалау, сұрақтар қою, жауап беру, етістікті үш шақта қолдану.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

мамандықтар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

3 минут

4 минут

5 минут

20 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Оқушыларға жаңа жылда сәттілік тілеп, «Көңілді күн» әуенімен сабақты бастау.

ІІ. Қызығушылықты ояту. Әр қатардағы оқушыларға жұмбақтар тарату. Жұмбақты мәнерлеп оқиды, қажет болса қимылмен көрсетеді. Қалған оқушылар жауабын табады.1. Жерді тырнап,

Бұтаны ырғап.

Шөпті сипап,

Ұшады зырлап,

Жанын қинап,

Ұлиды зарлап. (боран)

2.Шөпті жапырып,

Құмды сапырып,

Қоқысты үйіріп,

Әкеткен не шүйіріп? (құйын)

3.Сұрғылт түтін,

Бүркесе маңайды,

Адастырар талайды. (тұман)

4.Бірде былдыр-былдыр,

Сәбилердің тіліндей,

Бірде сыңғыр-сыңғыр,

Қоңыраудың үніндей,

Ән сап жатқан ерінбей,

Бұл не? (бұлақ)

ІІІ. Сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын анықтау.-Боран, құйын, тұман, бұлақ сөздерінің ортақ мағыналары қандай?-Табиғат құбылыстары.- Балалар, біз не туралы бөлімді бастағалы тұрмыз? Қалай ойлайсыңдар.

Бағалау критерийін құру.

ІҮ. Жаңа сабақты меңгеруОқушыларды жыл мезгілдеріне байланысты 4 топқа бөлу. «Ауа райының түрлері» бейнежазбасын көру. Әр топтағы оушылар өздеріне сәйкес табиғат құбылыстарын теріп жазады.Мысалы: жаз- жаңбыр, ыстық, найзағай т.б.Әр оқушы жазған табиғат құбылыстарына етістік қосып айту. Естістікті 3 шақта айту.Мысалы: жаңбыр жауды (өткен шақ) жаңбыр жауып тұр (осы шақ) жаңбыр жауады (келер шақ)

Мәтінмен жұмыс- Балалар, «Ат құлағы көрінбейтін боранды» кім көрді?-Ендеше, Ана тілі оқулығындағы 182 бетте Жекен Жұмахановтың «Ақ боран» шығармасын «Аялдама» әдісі бойынша оқимыз.Сөздік жұмысықатынамайды- хабарласпайдысуыт аяңдап-асығыс, шапшаң, шұғылсырма шалбар- арасына мақта салып, сырып жасалған шалбароқыс- кенетышқынады- қатты соғадыекілене- желдің екпіндей соғуыБүлкек-аттың желіп жүруі

Дифференциация1-тапсырма: Жазушының боранды адам кейпінде суреттеген жерін тауып оқу. (бесінші төменгі деңгей)

2-тапсырма:Қасымның жылқысын сипаттап, іс-әрекетін бағала. (төртінші деңгей)

3-тапсырма: Ойыңды жалғастыр. (үшінші деңгей)Қасым қарды ойып, шөптесінге дейін аршып, жата қалып ұлағын төседі. Себебі ....

4-тапсырма:Әңгімедегі Қасым қандай бала екенін дәлелдеп айту. (бірінші жоғары деңгей кестемен жұмыс)

Қасым

Дәлел

1.Үлкеннің сөзін тыңдайтыны

2.Байқағыштығы

3.Шыдамдылығы

5-тапсырма: «Ат құлағы көрінбейтін боран» қандай болады екен? (екінші деңгей)

Оқушылар бір-бірінің жауаптарын тыңдап, сұрақ қояды, кері байланыс береді.

https://yandex.kz/video/search?text=скачать%20физминутку%20көңілді%20күн&path=wizard&noreask=1&filmId=4393118996327900342&reqid=1515040975430737-1599738768133074356758114-sas1-5504-V Жұмбақтар

https://www.youtube.com/watch?v=1QiCoA1dXaE

ауа райының түрлері

Сөздік

Деңгейлік тапсырмалар

Кесте

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Қарастырылған мәліметтер бойынша қорытынды жасаңдар.

«Телеграмма»

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы мұғалімге, ата-анасына, достарына арнап жазулары керек.

Өздерін бағалау

Сабақтың мақсатына оралып, «Сөйлемді аяқта» әдісі бойынша өздерін бағалайды.

Үй жұмысы: «Ақ боран» мәтінінен өткен, осы шақта етістікті теріп жазу. Қасымға қандай кеңес берер едің?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Пікіралмасу барысында күрделі сұрақтар қою.

Тыңдаған материал бойынша негізгі ойын анықтау, өз пікірін айту.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу