Табиғатты зерттеймін/қорғаймын. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі мен әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Табиғат құбылыстары

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 30.01.19

Мұғалімнің аты-жөні:.Иманбаева Н.З.

Сынып: 4А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғатты зерттеймін/қорғаймын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтіннен деректер келтіре отырып дәлелдеу

4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу,көптік жалғаулы зат есімді анықтау, заттесімді тәуелдеп жазу.

Сабақ мақсаттары

  • мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтіннен деректер келтіре отырып дәлелдеу;
  • зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу;

Бағалау критерийлері

  • мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтайды, автордың ойын мәтіннен деректер келтіре отырып дәлелдейді;
  • зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін біледі; көптік жалғаулы зат есімді анықтайды, заттесімді тәуелдеп жазады.

Тілдік мақсаттар

Қорық, табиғат, табиғатты қорғау, зат есімді септелуі, тәуелденген сөздердің септелуі,

Миссия және пайымдау

Табиғатты қорғаудың маңыздылығын біледіалған білімдерін өмірде қолдану, табиғат құндылығын зерттеп білу.

Жаһандық азаматтық

Табиғаттың адам үшін маңыздылығын, оны қорғаудың маңыздылығын біледі .

Құндылықтарды дарыту

Табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны құрметтеудің маңыздылығын біледі

Пәнаралық байланыстар

Өнер, АКТ пәндерімен байланыстыру.

Бастапқы білім

Мәтінді тақырыбы мен тірек сөздер, суреттер арқылы болжай алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І.Ұйымдастыру бөлімі.

  • ОМ таныстырумәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауды үйренеміз;
  • автордың ойын мәтіннен деректер келтіре отырып дәлелдейміз,
  • Мәтіннен септік жалғаулы зат есімдерді тауып жалғауын анықтаймыз;
  • Мәтіннен тәуелденіп барып септелген зат есімдерді табуды үйренеміз;
  • Мәтіннен көптік жалғаулы зат есімдерді тауып жазамыз.

Сабақтың ортасы

(Т),(Қ) Табиғат туралы ойлау картасын толтыруТабиғат неден тұратындығын зерттейік. (Басбармақ арқылы бағалау.)

«Көңілді тізбек» ойыны

«табиғат», «табиғатым, «табиғатың» «табиғаты» «Көңілді тізбек» ойыны арқылы зат есімнің септелуі, тәуелденген зат есімдердің септелуі және көптік жалғаулы сөздердің септелуі бекіту.

(қол соғу, қошемет көрсету арқылы бағалау)

(Ө), (Қ) « Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі» мәтінінін түсініп оқу. Мәтін тақырыбының оның мазмұнымен сәйкестігін анықтау. Мәтіндегі негізгі ойды табу.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі.

Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Өйткені адам баласы табиғаттың тіршілігінде өсіп-өніп, жетілген.

Қазіргі табиғаттың ластануы үлкен - мәселе. Табиғат-сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір экология нашарлап, ластануда. Соның салдарынан адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. "Бір тал кессең, он тал ек", "Жер құтты болса, мал сүтті болады"-демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы - тал, жасыл желек. Мен өзімнің туған өлкеме қарағай, шырша, терек т.б. ағаш түрлерін ексе екен, -деймін.

Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты ластамай, оны қорғайық, балалар!

«Мәтін не туралы?»

Оқушыларға сұрағын қою арқылы тақырып(табиғаттың адам өміріндегі орны, оның ластануы, оны қорғау қажеттігі) анықтатылады.

(Смайлик арқылы бағалау)

Мәтінге қойылған аттың тақырыптың мазмұнын толық бере ала ма, жоқ па, соны анықтату үшін оқушыларға мәтіннің үш бөлігіне (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) ат қойдырады:

(Ж) Мәтін бөліктеріне қандай ат қоюға болады?

Дәптермен жұмыс

1.Табиғат пен адам – егіз.

2.Ағаш егу -табиғаттың ластануын болдырмау жолы.

3.Табиғатты қорғайық!

( түртіп алу әдісі арқылы бағалау)

Мәтіннің құрылымдық бөліктері бойынша жасалған жоспар мен мәтіннің тақырыбын (атын) салыстырып көрейік.

Қалай ойлайсыңдар? Мәтін атының («Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі») мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келе ме?

Тақырып атауында негізгі және қорытынды бөлікте айтылған мазмұнның түйіні көрінбей қалғанын байқайды.

Мәтін атының («Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі») мәтіндегі негізгі ойға сәйкес еместігі анықтау.

«Тағы басқа қандай тақырып қоюға болар еді?» оқушылардың жоғарыда жасалған жоспардан осы мәтінге ат таңдауы ұйымдастырады.

(Екі жұлдыз бір тілек әдісі арқылы бағалау)

(Т), (Ө), (Қ) «Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі» мәтінінде қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою арқылы олардың қай септікте тұрғанын анықтау.

(Т), (Қ) Берілген тапсырма арқылы бірін-бірі тексеруі, бағалау

1-топ: Мәтіннен тәуелденіп барып септелген зат есімдерді табады

2-топ:. Мәтіннен септік жалғаулы зат есімдерді тауып, жалғауын анықтайды

3-топ: Мәтіннен көптік жалғаулы зат есімдерді тауып жазады.

4-топ: Мәтіннен зат есімдерді тауып тәуелдеп жазады.

(Ж), (Ө) «Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі»

Мәтінінің мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Шешім табуға бағытталған сұрақтар:

1. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін қандай шараларды ұйымдастырар едің?

2. Табиғатты қорғаудың қандай жолдарын ұсынар едің?

3. Сен эколог болсаң, ең бірінші қандай мәселені қозғар едің?

(Т) Табиғатты қорғау туралы постер құру. Топтық жұмысты бағалау критерийлері арқылы бағалау.

1-топ Қоршаған ортаны қорғау үшін қосар үлесім:

2-топ «Адамсыз табиғаттың күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер? Пікіріңді жаз.

3-топ Көп нүктенің орныныа тиісті сөзді жаз.

... өміріміз табиғатпен тікелей байланысты. Көк шөпті ... болмайды. Саны аз, жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар «...» енгіземіз. Табиғатқа келтірілген зиян- ...келтірілген зиян.

4-топ «Табиғат» тақырыбына 5 жолды өлең құрастыр.

(Қ) Берілген тапсырма арқылы бағалау

Тапсырма

Мәтінді оқы. Кестеге септелген зат есімдерді тауып жаз. (әр септікке бір сөз)

  Табиғат байлығы

 Кез келген жер кескінінің өзіне тән келбетін бірінші кезекте жер бетіндегі тіршілік негізі – жасыл өсімдіктер құрайды. Олар барлык тірі ағзалардың тыныс алуына қажетті көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегіні бөліп шығарады.

 Біздің Қазақстан аумағындағы өсімдіктер әлемі өте бай және сан алуан.

 Менің туған жерім Қызылордада өсімдіктердің көптеген түрі кездеседі. Тоғайлы ормандарға барсаң: тал, жиде, шеңгел, қаратал, ал Сырдария өзенінің кей жерлерінен қалың өскен қамыс пен қоғаны кездестіруге болады Тақыр, құрғақ жерлерде жусан, бетеге, сораңшөп, теріскен, түйетабан, қарасексеуіл өседі.

 Қызылордада жусан көрмеген, жусан иісін иіскемеген бала жоқ шығар. Өйткені жерімізде жусан өте көп, соның ішінде ең негізгісі – дәрмене жусаны. Оның емдік қасиеті жоғары. Дәрменеден арнайы іш ауруы дәрілерін жасайды.

 Мен елімнің осындай бай табиғатымен, байтақ өлкеммен мақтанамын.

 

Септік атауы

Сұрағы

Сөз

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес

Білім алушы

  • септелген зат есімдерді анықтайды;
  • берілген сөздің септелу ерекшелігін түсіндіреді;

Сабақтың соңы

2 минут

Бүгінгі сабақта не білдік?

Табиғат байлығын зерттеуге мүмкіндік болды ма ?

Зерттеу нәтижесінен не анықтадыңдар?

Ықтимал жауаптар:

Адам мен табиғат ажырамас бөлік екен.

Табиғат сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына.

Сондықтан оны қорғап ,аялай білуіміз керек.

Табиғат байлығына жасыл өсімдіктер жатады. Соның ішінде тақыр, құрғақ жерде өсетін жусан, бетеге, сораңшөп, теріскен, түйетабан, қар, сексеуіл, дәрмене.

Дәрменеден іш ауруын емдейтін дәрі жасалады.

Қоршаған ортаны қорғауға әр адам өз үлесін қосу керек.

Сабақта не қиын болды?

–Не қызықты болды?

–Не маңызды болды?(оқушы пікірін білу)

Кері байланыс.

Нысана тәсілі арқылы жүргізу.

Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар ойлауға берілген мәтіндік есептерді өз бетінше оқып, шеше алады.

Оқушылардың жеке жұмыстарын бағалаймын.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу