Мәтіндерді салыстыра аламын. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Табиғат құбылыстары

Күні:

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтіндерді салыстыра аламын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұнына өмірде болған/өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып баға беру

4.3.8.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру және таза жазу

Сабақ мақсаттары

  • аудио-бейнежазба мазмұнына өмірде болған/өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып баға беру
  • каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру және таза жазу

Бағалау критерийі

  • ұқсас оқиғаларға салыстырмалы баға береді
  • каллиграфиялық нормаларды сақтап, таза жазады

 Тілдік мақсаттар

Мезгілдер, менің ойымша, меніңше, себебі, өйткені, т.б.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, жалпы азаматтық құндылықтар

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасай алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.

ІІ.Қызығушылық-мотивациялық кезеңі

«Адасқан әріптер» ойыны

ЗАЖ, ТКЕМӨК, ҮЗК, ЫСҚ

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады, сабақтың тақырыбына болжам жасалады/

ІІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты мен таныстыру, бағалау критерийлерін шығару.

презентация

Сабақтың ортасы

10-35 минут

(МК), (Ұ) Бейнежазба.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту.

«Әли мен Айя жыл мезгілдері жайлы туралы ән шырқады» мультфильмі мен «Жыл мезгілдері Вивальди» бейнефильмді көрсету арқылы оларды салыстыру арқылы өзіндік пікірін білдіру.

-Балалар, Айя мен Әли не жайлы ән шырқады?

-Олар шырқаған ән мазмұнымен келісесіңдер ме?

-Сендерге мультфильм ұнады ма?Неліктен?

-Фильм не туралы?Оның мазмұны балалар шырқаған ән мазмұнына сәйкес келе ме?

-Қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

(Ұ) Венн диаграммасы.

Мақсаты: Жинақтаған ақпараттың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау, өзіндік баға беру, салыстырмалы талдау жасау.

/Оқушылар ақпараттың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды, оқушы жауабы ауызша бағаланып, кері байланыс жасалады/.

(Т),(Ө),(Қ) Жазылым.

Бейнежазба негізінде жыл мезгілдерінде болатын табиғи құбылыстарды сипаттап жазу. Әр топтың жазу жұмысын салыстыру.

Тапсырма: Берілген жыл мезгілінің өзіне тән ерекшелігі мен оның адамзатқа немесе барлық тіршілік иесіне тигізер пайдасы туралы сипаттау мәтінін құрап жаз.

1-топ: көктем мезгілі

2-топ: жаз мезгілі

3-топ: күз мезгілі

4-топ: қыс мезгілі

белгісі белгісі белгісі

Дескрипторлар:

  • Сипаттау мәтінін құрап жазады
  • Жыл мезгілінің өзіне тән белгілерін анықтайды
  • Тіршілікке тигізер пайдасын сипаттайды
  • Коллиграфиялық нормаларды сақтап жазады

/Тапсырма орындалып болған соң, оқушылар өзара жұмыстарымен ауысады, дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалайды, қажеттілігіне қарай ұсыныстар мен түзетулер енгізіліп, кері байланыс жасалады/ .

https://www.youtube.com/watch?v=sSN-UxSEx_M

Әли Мен Айя - Мезгіл туралы Әли мен Айя ән шырқады !

«Жыл мезгілдері Вивальди»

https://www.youtube.com/watch?v=5ayvye_Y_K8

Мультимедийная презентация - Жыл Мезгілдері

https://www.youtube.com/watch?v=oBktwG8Z2Dw

Венн диаграммасы

Қима қағаздар

Сабақтың соңы

35-40 минут мин

Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр» әдісі

-Бүгін мен ...................... түсіндім.

-Маған ...................... қызықты болды.

-Маған ........................... қиындық туғызды.

Өзін-өзі бағалау

«Блоб ағашы» арқылы өздерін бағалайды.

Блоб ағашы

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар бойынша тапсырмалар орындау

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: ф

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу